Файл: Айнабла негізгі орта мектебі Дрыс таматану денсаулы кепілі. Еліктеуіш сздер Ашы саба, 7сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Айнабұлақ негізгі орта мектебі

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі.Еліктеуіш сөздер

Ашық сабақ, 7-сынып

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қожағұлов М.С.

2022-2023 оқу жылы
Тексерілді: Ж. Хасанова


Бөлім:

Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Педагогтің аты-жөні:

Қожағұлов М.С.

Күні:

27.02.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі. Еліктеуіш сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.5.1 – мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру; 7.4.4.2 – еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаймыз.

2. Еліктеуіш сөздер түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу «Сәлемдесу» әдісі

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


7 мин

(Ұ) Бекіту сұрақтары арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.
Видио «Дұрыс тамақтану»

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқылым-айтылым.

Оқушылар тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Өткен сабақпен байланыстыады.Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.

Еліктеуіш ережесімен таныстыру 1-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен берілген еліктеуіш сөздерден сөйлемдер құру

Оқылым-жазылым._Осы_тапсырманы_орындау_арқылы_оқушылардың_жазылым_дағдысы_қалыптасады.__Дескриптор:_Жалпы_–_3_балл.'>Оқылым-жазылым.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

Барлығы төрт сөйлем құрау.

Жұбыңмен талқылау.

Еліктеуіш сөздерді дұрыс қолдану



Оқулық, жұмыс дәптерлері. Қима қағаздар

15 мин




2- тапсырма 5-жаттығу берілген мәтіндегі бос орындарға еліктеу сөздерді қойып дәптерге көшіріп алу.

Оқылым-жазылым. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым жазылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Дәптерге қатесіз жазып алу.

-Еліктеуіш сөздерді дұрыс қолдану.

Оқулық,

жұмыс дәптері

ДК


5 мин

4-тапсырма. «Макдоналд» әдісі бойынша еліктеуіш сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Жұбымен жұмыстану, бірге тексеру

Айтылым –жазылым


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-

Дәптерге көшіріп,дұрысын анықтау

Оқулық, жұмыс дәптерлері. Қима қағаздар

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.




«смс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Анықтама

Тақырыбы: Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі. Еліктеуіш сөздер Сыныбы: 7 Күні: 27.02.2023 Қатысқаны: 6 оқушы

27-ақпан күні 7-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі Еліктеуіш сөздер» тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында «кубик» әдісмен жұптар әртүрлі амандасып, көңіл-күйлерін көтеріп алды. Мұғалім өткен сабақты еске түсіру үшін «Бинго» әдісімен оқушыларға қайталау сұрақтарын қойып, өткен сабақ пен бүгінгі сабақты байланыстырды. Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырып және еліктеуіш сөздердің ережесіне тоқталып, оның ерекшеліктерін түсіндірді. Оқушылар «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен кітаппен жұмыстанып, берілген еліктеуіш сөздерден сөйлемдер құрады. Сабақты бекіту мақсатында «Макдоналд» әдісімен оқушылар кезекпе-кезек сұрақтарды таңдап, сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Сабақтың соңында мұғалім сабақтың мақсатына кері оралып, мақсатына жеткендігін айқындап алды. Оқушылардың барлығы сабаққа белсене, қызығушылықпен қатысып, «Смс» әдісімен кері байланыстарын жазып берді.





Пән мұғалімі Қожағұлов М.С.