ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 296
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту; балалардың байқампаздығын дамыту;
көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту; қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.
-
Күтілетін нәтижелер:
ермексазды, сазбалшықты алақан арасында домалата алады; жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі;
музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылық танытады;
музыканы эмоционалды қабылдайды;
музыкамен жүре алады;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
музыканың сүйемелдеуімен ойын әрекеттерін орындайды;
таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдайды, оны соңына дейін тыңдайды;
ересекпен қосылып әннің кейбір сөздерін айтады; балалар музыкалық аспаптарымен ойнайды;
жалаушаны желбіретеді, сылдырмақты сылдырлатады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды;
қимылдарды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеп, ойындар ойнайды.
-
Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, «шарлар» жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
-
Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
-
Музыка.
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
-
Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін). Көңілді және баяу музыкамен таныстыру.
Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйін эмоционалды қабылдауды, ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді, қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).
Музыкамен жүруге, қарапайым би қимылдарын көрсетуге (аяқты топылдату, аяқтан аяққа ауысу, қол шапалақтау, сылдырмақты сылдырлату) үйрету.
Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру.
-
Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.
Музыка тыңдау.
Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.
Ән айту.
Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды). Ән айту кезінде балаларды белсенділік танытуға ынталандыру, ересектің орындауындағы әннің сөздерін бірге қосылып айту (дыбыстарға еліктеу, сөз тіркестерін қайталау).
Музыкалық ырғақты-қимылдар.
Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау: жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.
Қимылдарды ойын әрекеттерінде қайталау, оларды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеу.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ аспаптарын сылдырлатып ойнауға (қатты- ақырын сылдырлату) үйрету. Барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнау.
-
параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
-
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады. -
Мақсаты әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. -
Міндеттері:
балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау;
баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстары жайлы
бастапқы түсініктерді қалыптастыру;
тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу;
балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта
құру;
баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге,
адамгершілік құндылықтарға баулу;
айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру;
мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (амандасу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
-
Күтілетін нәтижелер:
фотосуреттерден өзін таниды;
өзіне жақын адамдарға күлімсірейді, басын изейді, қолын бұлғайды;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
сумен, құммен ойнайды;
гүлдеп тұрған өсімдікке қызығушылық танытады;
жануарларға қызығады, олардың дауыстарын салады; өзіне жақын отбасы мүшелерін таниды,
ересектердің дауысын тыңдайды, олардың қимылдарына еліктейді, оған
көмекке жүгінеді;
мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын меңгерген: амандасады, қоштасады, алғыс айтады;
құрдастарына және ересектерге мейірімділік танытады;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
өлі табиғат заттарын (су, құм, тас) біледі;
гүлдеп тұрған өсімдікті бақылайды және оның бөліктерін көрсетеді;
кейбір көгөністер мен жемістердің шынайы өзін, суретін таниды және атайды;
қоршаған ортадағы жануарларға, құстарға қызығады, олардың дене бөліктерін көрсетеді, дауыстарын салады, қимылдарын ойындарда қайталайды;
өсімдіктер мен жануарларға қызығушылық танытады, оларға қамқор болуға тырысады;
«болады», «болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсінеді;
серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтайды.
-
Қоршаған ортамен таныстыру. -
1 жастан 1 жас 6 айға дейін.
Баланың өзіне деген қызығушылығын қалыптастыру. Фотосуреттерден өзін, құрдастарын тану. Өзіне жақын ересектер мен құрдастарына жағымды қарым-қатынас таныту (күлімсіреу, басын изеу, қолын бұлғау).
Қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту. Өлі табиғат заттарымен (су, құм, тас) таныстыру, олармен әрекет етуді көрсету (сумен жуыну, құммен ойнау, тастарды жинау).
Гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау, оның бөліктерін (гүл, жапырақ) көрсету. Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы -
мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) келтіру.
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылықтарын ояту, оларға қамқор болуға баулу.
-
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.
Ата-анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аула- балалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.
Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).
Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын