ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсінік хат
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар келесі нормативтік құжаттар негізінде құрылды:«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы); «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы, 4-қосымша);«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы); «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы); «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат.
Оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне үйрету.
Оқулық: Цифрлық сауаттылық. Оқулық Р. Қадыркұлов, Г.Нұрмұханбетова, У. Ғайыпбаева. 2022ж. Алматыкітап.
2–сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспардың ерекшеліктері
Пән мазмұнындағы тақырыптарды оқыту оқушыларды алгоритмдеу мен программалауға байланысты негізгі ұғымдармен таныстыруға және бастапқы дағдыларды қалыптастыруға арналған. Атап айтқанда: «алгоритм», «программа» ұғымдарымен, программалау ортасының интерфейсімен таныстыру, тінтуірмен орындалатын әрекеттерді іске асыру, объектіні белгілеу, сүйреу, батырманы екі рет басу. Дайын программа бойынша скриптерді құру, программаға өзгерістер енгізу, программаны жүргізу дағдылары қалыптастырылады.
«Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
Компьютер – 4 сағат:
Қауіпсіздік.Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері -1
Компьютер құрылғылары- 1
Программалық қамтамасыз ету -2
Ақпаратты ұсыну және өңдеу -9сағат:
Мәтін және графика -5
Мультимедиа – 4
Есептей білу– 7 сағат:
Алгоритмдер -2
Программалау-5
Робототехника –16 сағат
Робот қозғалысын ұйымдастыру – 6
Роботтыжобалау - 10
2022-2023 оқу жылы 2-сыныпқа арналған
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
р/с | Бөлім /Ауыспалы тақырыптар | Сабақтың тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту | ||
2 «А» | 2 «Б» | |||||||
| І тоқсан, 8 сағат | |||||||
1 | 1-бөлім - Компьютерлер мен бағдарламалар (ортақ тақырыбы:"Барлығы мен туралы") | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 2.1.3.1 цифрлық құрылғылар және Интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену;6-8 бет 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; 9-11бет | 1 | | | | |
2 | Енгізу шығару құрылғылары | 2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырата білу; 12-14 2.1.2.1 файл мен бума туралы түсінік беру; 15-16 | | | | | ||
3 | Файлдар мен бумалар | 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою;16-17 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану; 16-17 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану; | 1 | | | | ||
4 | Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар | 18-19 2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырата білу; 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою; 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану; | 1 | | | | ||
5 | 2-бөлім - Шығармашылық және компьютер (ортақ тақырыбы: "Менің отбасым және достарым" | Тармақталу алгоритмі 22-24 | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; | 1 | | | | |
6 | Алгоритмді орындау | 2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру; | 1 | | | | ||
7 | Жеке кейіпкер жасау | 2.4.2.1. программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау; 2.2.2.1 суреттің фрагментін көшіріп көрсету; 2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту); | 1 | | | | ||
8 | Программалар құруды жалғастырамыз | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; | 1 | | | | ||
ІІ тоқсан, 8 сағат | ||||||||
9 | 3-бөлім Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: "Менің мектебім", "Менің туған жерім") | Пернетақтамен танысу | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру | 1 | | | | |
10 | Пернетақта симуляторы | 2. 2.1.1пернетақта симуляторында мәтін теру; | 1 | | | | ||
11 | Мәтінмен жұмыс істеу | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру; | 1 | | | | ||
12 | Мәтінмен жұмыс істеу | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру; | 1 | | | | ||
13 | Мультфильм жасау | 2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру; | 1 | | | | ||
14 | Мультфильм жасау | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; | 1 | | | | ||
15 | Мультфильм жасау | 2.4.2.3 персонаждар арасында мәтін диалогын ұйымдастыру | 1 | | | | ||
16 | Мультфильм жасау | 2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру; 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; 2.4.2.3 персонаждар арасында мәтін диалогын ұйымдастыру | 1 | | | | ||
ІІІ тоқсан, 10 сағат | ||||||||
17 | 4-бөлім Мультимедиа (ортақ тақырыбы: "Жаны саудың –дені сау") | Дыбысты жазу және ойнату | 2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырату; | 1 | | | | |
18 | Дыбысты жазу және ойнату | 2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану; | 1 | | | | ||
19 | Дыбыс әсерлері | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу; | 1 | | | | ||
20 | Дыбысты өңдеу | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу; | 1 | | | | ||
21 | 5-бөлім - Робототехника: сенсорлар (ортақ тақырыбы: "Дәстүрлер және фольклор") | Робот қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | 1 | | | | |
22 | Роботқа арналған программаны іске қосу | 2.5.3.1 программаны бастау үшін түрту сенсорын қолдану; | 1 | | | | ||
23 | Робот қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | 1 | | | | ||
24 | Роботқа арналған дыбыс | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; | 1 | | | | ||
25 | Роботқа арналған дыбыс | 2.5.1.2. роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану; | 1 | | | | ||
26 | Робот қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | 1 | | | | ||
IV тоқсан, 10 сағат | ||||||||
27 | 6-бөлім - Робототехника: "Билейтін робот" жобасы (ортақ тақырыптар: "Қоршаған орта", "Саяхат") | Жобаға идея | 2.2.1.2 өзидеяларынмәтіндікредактордажазу | 1 | | | | |
28 | Жобаға идея | 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу; | 1 | | | | ||
29 | Жобаға арналған алгоритм | 2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру; | 1 | | | | ||
30 | Жобаға арналған алгоритм | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; | 1 | | | | ||
31 | "Билейтін робот" жасау | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; 2.4.1.2 ауызша алдын ала белгіленген алгоритмді іске асыру; | 1 | | | | ||
32 | "Билейтін робот" жасау | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | 1 | | | | ||
33 | "Билейтін робот" жасау | 2.5.3.1 программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану | 1 | | | | ||
34 | "Билейтін робот" жасау | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; 2.5.1.2 роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану; | 1 | | | | ||
35 | Жобаны қорғау | 2.5.1.3 құрылған роботты аудиторияға ұсыну. | 1 | | | | ||
36 | Жобаны қорғау | 2.5.1.3 құрылған роботты аудиторияға ұсыну. | 1 | | | |