Файл: Пнінен (оыту азатілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны: 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін Құндылық деген не?

Оқылым

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Жазылым

Балл қою кестесі

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін

мәтін

Оқылым

А мәтіні

Ә мәтіні

Балл қою кестесі

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі



Ә мәтіні


«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты насихаттаудың өзегі болып табылады. 60-70 жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-жылдары академиялық мойындауға ие болды,

«жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілді.

Осыған орай Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды. ХХ ғ. 90 жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта

қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады.

Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қиысуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы.

«Жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.


  1. Мәтіндердің тақырыбы қандай?

    1. Бейбітшілік

    2. Жаһандану

    3. Табиғат

    4. Қауіпсіздік




  1. Мәтіндердің мақсатты аудиторияларын салыстырыңыз.


[1]

А мәтінінің мақсатты аудиториясы- Ә мәтінінің мақсатты аудиториясы -

[2]


  1. Берілген мәтіндердің құрылымы мен тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз.



[2]


  1. Мәтіндердегі автордың мақсатын анықтаңыз.




А мәтініндегі автордың мақсаты

Ә мәтініндегі автордың мақсаты







[2]


  1. Мәтін бойынша 2 ашық сұрақ құрастырыңыз, 1 сөйлеммен мәтін мазмұнына баға беріңіз.



[3]


Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, сөздер мен сөйлемдердің қатесіз жазылуын ескеріңіз.

[10]


  1. Қазіргі кезде жаһанданудың әсерінен салт-дәстүрімізді ұмытып бара жатырмыз деген қауіп жиі айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, жаһандану біздің салт-дәстүрлерімізге кері әсерін тигізбес үшін не істеу керек? Салт-дәстүрлерімізді жаһанданудың құрбаны еткізбеудің жолдарын ұсына отырып, сыныптастарыңызға хат жазыңыз.

  1. Адам өмірін сақтау – қоғамдағы басты міндеттердің бірі. Адамның өмірін сақтау үшін түрлі сақтандыру қорлары да көптеп құрылуда. Олардың қазіргі уақыттағы жұмыстары адамдарды қаншалықты қанағаттандырып жүр? Осы турасында еліміздегі беделді сақтандыру компаниясының басшысынан интервью алыңыз. Интервью жазу барысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануды ескеріңіз.

Балл қою кестесі



Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз

қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан

қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете

алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін

қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға

өте аз қатысады.


Оқылым




Жауап

Балл

1

В

1

2

Ықтимал жауап

А мәтінінің аудиториясы – жалпы көпшілік, себебі тілі барлық адамға түсінікті, қарапайым.

Ә мәтінінің аудиториясы – ғалымдар, саясаткерлер, политологтер болуы мүмкін, себебі тілі ғылыми стильде, арнайы лексика қолданылған.

2

3

Ықтимал жауап

А мәтінінде мәтін құрылымы сақталмаған. Тек айтушының ойы берілген. Ә мәтіні құрылымы толық сақталмаған мәтін, себебі кіріспе, негізгі бөлімдерден ғана тұрады.

А мәтіні көпшілік ауызекі стильде жазылған. Риторикалық сауалдар мен қыстырма сөздер, көзқарастар көп кездеседі. Ә мәтіні ғылыми стильде жазылған. Тіл нормасы қатаң сақталған, ауыспалы мағынадағы сөздер жоқ, дәлелдеулер

мен нақты зертеулер нәтижесі берілген.

2

4

А мәтініндегі автордың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, тілді сақтау үшін халыққа үндеу, үгіт-насихат.

Ә мәтініндегі автордың мақсаты – «жаһандану» ұғымына түсінік беру, дұрыс түсінік қалыптастыру.

2

5

Жоғары деңгей дағдыларына сәйкес екі сұрақ құрастыруыж және оқушының жеке көзқарасы бағаланады.

3

Барлығы

10

Жазылым




Балл

Сипаттамасы

1

9-10

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық

қателерді жібермейді.

7-8

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер

түсінуді қиындатпайды.

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы

әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге

қиындық келтіреді.


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы




*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмал ар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Толық жауапты

қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Оқушылар айтылым барысында коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуді назарда ұстайды. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі

бағаланады.

Тыңдалым мен айтылым

сабақтан тыс, қосымша уақытта

өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут

беріледі)

10

2-4

10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

Көп таңдауы

бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін

сұрақтар

180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады, мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық

ерекшеліктеріне талдау жасайды.

15

10