Файл: Пнінен (оыту азатілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 73

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны: 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін Құндылық деген не?

Оқылым

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Жазылым

Балл қою кестесі

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін

мәтін

Оқылым

А мәтіні

Ә мәтіні

Балл қою кестесі

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі








бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

10.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

жауапты қажет ететін сұрақтар

эссе жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазуы

бағаланады.







Барлығы

40 минут

30

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі
Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз. Сөйлеу барысында әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануды ескеріңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

мәтін Құндылық деген не?


Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Батыстағыдай кәсіби философия болмаса да, қазақты тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып

– адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер. Сондықтан қалт айтпайтын халық «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді туған жақсылар аз да болса, көппен тең», «жақсыменен өткізген бір күнім, мың күніме татиды» деп жырлайды. Қазақтың кім екені оның философиясы мен дүниетанымынан, тілі мен дінінен, ділі мен дәстүрінен, мәдениеті мен өнерінен, күнделікті өмірқамы мен әдет- ғұрпынан, мінген аты мен тартқан домбырасынан көрінеді.

Бүгінгі біздің қоғамда ата-бабаларымыз берік ұстанған бұл кісілік құндылықтардың көмескілене бастағаны байқалады. Оны күнделікті отбасының тұрмысынан да, қоғам өмірінен де аңғарып жүрміз. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеурінді ықпалы интернетте де, теледидарда да, басқа ақпарат құралдардарында да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталып отыр, оған да шүкір дейсің, әйтпесе дүниеге келген нәрестеге не тыңдатып, не көргізеріңді білмей дал боласың. Дегенмен, жалаң еліктеушілік, «өзгенің асылын малшылау» басым, оған тоғышарлық, көзбояушылық, науқаншылдық, ұраншылдық, әсіреқұмарлық, шенқұмарлық, даңғазалық, мақтаншақтық сияқты антиқұндылықтар қосылып отыр. Ол күнделікті тіршіліктен де, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан да анық байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын?

    1. мәтін


Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп, биіктеп барады. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған қоғамымызда ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің рухани тазалығы болса, бірі – сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек ұрпақтың дүниетанымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық

азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Оқылым


Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

[10]

Отбасы – Отанымыздың ошағы


Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көреміз. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар – синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)

  2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер)

  3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)

  4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

  5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.)

  6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екендігі. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, гумандылық және тағы басқалары.





  1. Мәтін қай стильде жазылған?

    1. Ауызекі сөйлеу стилінде

    2. Көркем әдебиет стилінде

    3. Ғылыми-көпшілік стильде

    4. Ресми іс қағаздар стилінде

[1]


  1. Оны қандай сөздік қолданыстармен дәлелдейсіз?



[2]

  1. Мәтінде өзге де стиль элементтері кездесе ме? Кездессе, қай стильдің элементтері бар?





[2]

  1. Мәтіндегі 2 терминдік атауға түсінік беріңіз.




Терминдер

Мағынасы

1.
2.

1.
2.

[2]


  1. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.



[3]


Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

[10]


  1. «Өркениет пен мәдениет – егіз ұғым» дегенге келісесіз бе?

  2. «Мәдениетті адам – мәдениетті қоғам кепілі»

Балл қою кестесі



Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз

қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті

жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын

алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете

алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.