Файл: Дріс 1 Мамандыы жалпы медицина Кафедра.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Пәннің мақсаты: аурудың пайда болуы, дамуы, оның тетіктері, өту барысы және ақыры, яғни жалпы заңдылықтарын түсіндіру, клиникалық ойлауды қалыптастыру.

Патофизиология:

Патофизиология:

Патологиялық физиологияның дамуына Отандық ғалымдар үлесі

Пәннің негізгі бөлімдері

жалпы нозология

«Nosos» – ауру, «logos» - ғылым деген мағынада, яғни «нозология» -ауру туралы зерттейтін ілім.

Пашутин В.В:

Денсаулық - бұл барлық жүйелер мен мүшелердің толық сәйкестігі.

Глозман О.С:

Денсаулық – бұл организмнің филогенетикалық өмір сүруге тұрақтылығы немесе биологиялық толық еңбекке қабілеттілігі.

Денсаулық - бұл организмнің толық физикалық, психикалық және әлеуметтік сәйкестігі.

Боткин С.Т:

Ауру - бұл қоршаған ортамен байланысты деген.

Пашутин В.В:

Ауру – бұл қоршаған ортаның зиянды әрекеттеріне организмнің қорғаныш күштері қарсы тұра алмайтын жағдайда пайда болады деген.

Патогенез- грекше «pathos»- ауру, «genesis» - даму дегенді білдіреді.

Біртектес дерттік үрдістің критерийлері:

Пәннің зерттеу әдістері

Эксперименттік әдістің маңызы:

Эксперименттің үш сатысы:

Эксперимент жүргізу үшін қойылатын талаптар:

Ауру кезеңдері: 1. латентті, жасырын кезең, инкубациялық кезең 2. продромальді кезең 3. өршу кезеңі 4. аурудың ақыры

АУРУ АҚЫРЫ

.

Толық сауығу – бұл бастапқы жағдайға қайта оралуы, сол мүше қызметінің толық қайта қалыптасып, өз қызметін орындауы.

ӨЛІМ

.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМ БЕЛГІЛЕРІ: 1. дененің мұздауы 2. дененің сіресуі 3. өліктік дақтар

Дерттік үрдіс – бұл организмнің ауру тудыратын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне әрі зақымдалу әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің жиынтығы (теріскен, сыздауық...)

Дерттік серпіліс – бұл организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз жауап қайтаруы

Этиологиядағы метафизикалық және идеалистік бағыттар:

Аурудың алдын-алу мен емдеудің этиотропты міндеттері:

Этиология мақсаты «неге», «неден» ауру пайда болады? – деген сұраққа жауап беру болса, патогенез ауру қалай дамиды? деген сұраққа жауап береді.

Ақаулы шеңберге мысал

Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі дамуы

Митральды стеноз сол жақ қарынша қан айдауы бұзылды

симпатикалық ж.ж. белс.

вазоконстрикция

(тері, құрсақ, бүйрек т.б.)

жүректің жиырылу жиілігі

соңы– СҚ диастоласы СҚ жиырылуы азаюы


Тақырыбы: “Патологиядағы эксперименттік әдістің маңызы. Патологиялық процестерді модельдеу. Жалпы нозология.

Жалпы этиология. Патогенез”

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Дәріс №1

Мамандығы: жалпы медицина

Кафедра: патологиялық физиология

Дисциплина: патологиялық физиология

аға оқытушы, м.ғ. магистрі

Мукышова Гүлбану Демекбаевна

ЖОСПАР:
  • Патологиялық физиология туралы жалпы түсінік.
  • Пәннің басқа пәндермен байланысы
  • Пәннің даму тарихы
  • Патологиялық физиологияның бөлімдері
  • Денсаулық және ауру концепциялары
  • Дерттік үрдіс, дерттік жағдай, дерттік серпіліс
  • Этиология туралы түсінік
  • Патогенез, себеп салдар қатынас, ақаулы

  • шеңбер.



Патофизиология

Pathophysiologia

gr. pathos = ауру, бұзылыс

physis – қызмет, табиғат

logos = ғылым

Патофизиология дегеніміз не?

Аурудың пайда болу ережелерін, оның эволюциясын және ауру ағымының негізгі механизмдерін зерттейтін ғылым.

П А Т О Ф И З И О Л О Г И Я

Ф И З И О Л О Г И Я

Патология

Фармакология

Микробиология

Педиатрия

Акушерия мен гинекология

Хирургия

Терапия

Анат

Биол

Гистол

Биохи

Химия

Биофиз

„Медицина үйі“

Фундамент

бастауыш

қабырғалар

Үйдің төбесі

Пәннің мақсаты: аурудың пайда болуы, дамуы, оның тетіктері, өту барысы және ақыры, яғни жалпы заңдылықтарын түсіндіру, клиникалық ойлауды қалыптастыру.

Патофизиология:

  • адамдар неден ауырады;
  • қалай ауырады;
  • кейбірі сауығады;
  • кейбірі мүгедек болады .. т.т.
  • «ауру» дене түсінікпен таныстыратын пәннің бірі.

Патофизиология:

  • 1819 ж – Я.Л.Гэйллиот;
  • 1845 ж – В.В. Пашутин;
  • И.П.Павлов, Глозман О.С,

    Насыбулина Х.С. т.т.

Патологиялық физиологияның дамуына Отандық ғалымдар үлесі

  • Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының патологиялық физиология кафедрасы 1959 жылы құрылды.
  • Кафедраның негізін қалаушы – профессор, медицина ғылымының докторы Маманова Халида Есенғұловна. Ол патофизиология кафедрасын 1959-1977 жылдар аралығында басқарды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министірлігі м.ғ.к. Х. Мамановаға АкММИ-да патофизиология кафедрасын ұйымдастыруды тапсырды.Х.Е. Маманова әртүрлі жылдарда декан көмекшісі, декан, кәсіподақ төрағасы қызметтерін атқарды, қалалық Советтің депутаты болды. Оның еңбектері «Знак почета» орденімен, «За доблестный труд» медалімен, Қазақстан ССР-інің Жоғарғы Советі құрмет грамотасымен, көптеген алғыстармен мадақталды. 1967 ж. Халида Есенқұл қызы Москваның №2 медицина институтында «Изо- и гетерогемаагглютинины как неспецифические факторы иммунитета человека и жовотных» - деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады.

  • 1977 жылдан бастап – 1999 жыл аралығында кафедраны Қожантай Уразович Касенов басқарды. Оның басқаруымен 1968-1973 ж.ж. организмнің иммунологиялық реактивтілігіне жылан уларының әсерін зерттеулер жүргізілді. Жұмыс қорытындысында К.У. Касенов 1974 жылы Тарту университетінің кеңесінде докторлық диссертациясын қорғаған, 1977 жылы «Организм реактивтілігі жылан уларының әсері» монографиясын жазып жарыққа шығарды.

Пәннің негізгі бөлімдері

  • Жеке патофизиология ( жалпы нозология, этиология, патогенез, біртектес дерттік үрдістер)
  • Жүйелік патофизиология (жекелеген жүйелер мен мүшелердің жалпы патофизиологиясы)

жалпы нозология

«Nosos» – ауру, «logos» - ғылым деген мағынада, яғни «нозология» -ауру туралы зерттейтін ілім.

Пашутин В.В:

Денсаулық - бұл барлық жүйелер мен мүшелердің толық сәйкестігі.

Глозман О.С:

Денсаулық – бұл организмнің филогенетикалық өмір сүруге тұрақтылығы немесе биологиялық толық еңбекке қабілеттілігі.

Денсаулық - бұл организмнің толық физикалық, психикалық және әлеуметтік сәйкестігі.

Боткин С.Т:

Ауру - бұл қоршаған ортамен байланысты деген.

Пашутин В.В:

Ауру – бұл қоршаған ортаның зиянды әрекеттеріне организмнің қорғаныш күштері қарсы тұра алмайтын жағдайда пайда болады деген.

Ауру дегеніміз - бұл сыртқы және ішкі орта әсерлерінен пайда болған организм тіршілік әрекетінің бұзылысы, бейімделу- қолдау мүмкіндіктерінің шектелуімен және еңбекке қабілеттілігінің әлеуметтік пайдалы әрекеттерінің төмендеуімен көрінетін жағдай
Этиология – дегеніміз аурудың себебі мен жағдайларын

зерттейтін ілім.

Патогенез- грекше «pathos»- ауру, «genesis» - даму дегенді білдіреді.

  • Патогенез – сонымен, аурудың даму механизмін зерттейтін ілім.
Біртектес дерттік үрдіс – филогенездік процесс дамуында организмнің сыртқы ортадан қорғану бейімделу тетіктерін іске қоса отырып, белгілі өзгерістермен көрінетін жағдайлар (қызба, гипоксия, қабыну…)

Біртектес дерттік үрдістің критерийлері:

  • Жалпы заңдылықпен дамиды
  • Міндетті түрде зақымдалу және қорғану-бейімделу механизмі арасындағы күрес, организмнің кез-келген функционалды деңгейінде өтеді
  • Жоғары дамыған жануарларда және адамдарда бұл процесс біртекті өтеді

Пәннің зерттеу әдістері

  • Эксперименттік
  • Морфологиялық
  • Клиникалық

Эксперименттік әдістің маңызы:

  • Аурудың пайда болу себептерін тексеру
  • Жаңа пайда болған емдеу әдістерін жануарларда тексеру
  • Аурудың емделмеген түрлерін жануарларда байқау
  • Аурудың бастапқы сатысын соңғы сатысына дейін байқау

Эксперименттің үш сатысы:

  • Бастапқы фондық күйі
  • Ауру моделін туғызу
  • Эксперименттік терапия жүргізу

Эксперимент жүргізу үшін қойылатын талаптар:

  • Теориялық әзірлік, идея болу керек
  • Эксперимент жасайтын жануарды дұрыс таңдай білу керек
  • Бақылаушы, эксперименттік топ қатар жүру керек
  • Алынған мәліметтер статистикалық өндеу

Ауру кезеңдері: 1. латентті, жасырын кезең, инкубациялық кезең 2. продромальді кезең 3. өршу кезеңі 4. аурудың ақыры

АУРУ АҚЫРЫ

.


толық

сауығу

толық

емес

сауығу

дерттік

жағдай

созылмалы

түрге өту

өлім

Толық сауығу – бұл бастапқы жағдайға қайта оралуы, сол мүше қызметінің толық қайта қалыптасып, өз қызметін орындауы.

Толық емес сауығу – бұл мүше қызметін шектейтін морфологиялық өзгерістердің қалуы ( мысалы: плевриттен кейін өкпе экскурсиясының шектелуі) (дерттік жағдай осы толық емес сауығу нәтижесі болып табылады)

ӨЛІМ

.


преагония

агония

клиникалық

өлім

биологиялық

өлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМ БЕЛГІЛЕРІ: 1. дененің мұздауы 2. дененің сіресуі 3. өліктік дақтар

Дерттік жағдай – бұл кері биологиялық мәні бар қалыптыдан тыс ауытқуы. Жиі дерттік жағдай нәтижесі болады. (тыртық, анкилоз...) Дерттік жағдай дерттік үрдіске айналуы мүмкін. (туа пайда болған дақ өспеге айналуы, жүрек ақауы..)

Дерттік үрдіс – бұл организмнің ауру тудыратын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне әрі зақымдалу әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің жиынтығы (теріскен, сыздауық...)

Дерттік серпіліс – бұл организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз жауап қайтаруы



Назарларыңызға

рахмет!

Этиология – дегеніміз аурудың себебі мен жағдайларын зерттейтін ілім.


  • Себеп – дегеніміз аурудың дамуы үшін міндетті түрде болатын, ауру тудыратын және оған тән сипаттама беретін фактор.
  • Жағдай - дегеніміз аурудың дамуы үшін міндетті түрде болуы шарт емес, бірақ аурудың дамуына әсер ететін фактор.

Сыртқы себептер



1. Биологиялық

2. Механикалық

3. Физикалық

4. Химиялық

5. Социальды немесе әлеуметтік фактор

Ішкі себептер



1. Тұқым қуалаушылық

2. Жасы

3. Жынысы

4. Иммунитет

5. Конституциясы

Этиологиялық факторлар жіктеледі:

Жағдай –дегеніміз аурудың дамуына әсер ететін фактор.

Ішкі жағдайлар

Тұқым қуалаушылық Адамның жасы Жынысы Иммунитет Конституция

Сыртқы жағдайлар

- жеке бастың гигиенасы

- толық көлемді тамақтану

- денені шынықтыру

- салауатты өмір салтын ұстану

- күн тәртібін дұрыс қалыптастыру

- ауырған кездегі жақсы күтім

- салқын тию

Этиологиядағы метафизикалық және идеалистік бағыттар:

  • Монокаузализм - грекше mono- бір, causa- себеп дегенді білдіреді.
  • Кондиционализм – грекше: conditio – жағдай дегенді білдіреді.
  • Факторлар теориясы – себеп пен жағдай бірлесе отырып, бір ауруды тудырады деген пікірдегі бағыт болып саналады.

Аурудың алдын-алу мен емдеудің этиотропты міндеттері:

  • Емдеу әсері бағытталған:
  • Себептік фактор:

    - Себептік факторды жоюға (антисептика, асептика, қоршаған ортаны қорғау);

    -Инфекциялардың таралуын шектеу (карантинді шаралар);

    -Инфекциялар тасымалдаушыларымен күресу;

    - Антибактериальды препараттар қолдану;

    - Зиянды әдеттерден бас тарту (алкоголь, наркотик, шылым шегу);

Аурудың себебін білу дұрыс емдеу үшін жеткіліксіз, өйткені: 1. әруақытта аурудың себебі белгілі болмайды 2. бір себептің өзі бірнеше ауру тудыруы мүмкін 3. кейде әртүрлі аурудың белгілері бір болады

Этиология мақсаты «неге», «неден» ауру пайда болады? – деген сұраққа жауап беру болса, патогенез ауру қалай дамиды? деген сұраққа жауап береді.

Ауру патогенезі себеп- салдар тізбегінен тұрады. Мысалы: жарақатта күшті ауырсыну импульсі миға жетіп, қозу, сосын тежелі үдерісі жүреді,яғни шок дамиды, қан қысымы төмендейді,тамыр тонусы орталығы тежеледі. Бұл өзгерістер – жарақаттың салдары. Осыдан қан қысымының төмендеуінің өзі қанайналысты нашарлатады да жаңа салдар, жаңа өзгеріс – гипоксияға әкеледі, осылай организмдегі бұзылыстар жалғаса береді.
  • CIRCULUS VITIOSUS- «Ақаулы шеңбер» - аурудың патогенезінің себеп- салдар қатынасының барысында түзіледі.
  • Күйік шогының патогенезі:
  • Ыстық температура → күйік → тіннің зақымдалуы→ ауырсыну → тамыр қозғалтқыш орталықтың тежелуі → шеткі тамырлар тонусының төмендеуі → артериальды қан қысымының төмендеуі → тіндер мен мүшелердегі микроциркуляцияның бұзылысы → гипоксия → тотығу- тотықсыздану процестерінің бұзылысы → аралық қышқыл өнімдердің жинақталуы → метаболикалық ацидоз → ішкі мүшелердің қызметтерінің бұзылысы (ми мен журек т.б.)→ күйік шогы → өлім.

Ақаулы шеңберге мысал

Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі дамуы

Митральды стеноз сол жақ қарынша қан айдауы бұзылды

симпатикалық ж.ж. белс.

вазоконстрикция

(тері, құрсақ, бүйрек т.б.)

жүректің жиырылу жиілігі

соңы– СҚ диастоласы СҚ жиырылуы азаюы


Қайта

лануы



Назарларыңызға

рахмет!