Файл: 10. 2А органикалы химияа кіріспе. Саба таырыбы.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10.2А Органикалық химияға кіріспе.

Сабақ тақырыбы


Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.

Оқу мақсаты:


Әр түрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру.

Бағалау критерийлері


Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
Метан қатарының көмірсутектерінің толық және жартылай жануының өнімдерін анықтайды
Алкандардың жану реакция теңдеуін құрады
Молекулалық массалары әр түрлі алкандардың жануын салыстырады және түсіндіреді
Алкандардың отын ретінде қолдану себептерін түсіндіреді


Қазақ


Русский


English


Алкан


Алкан


Alcan


Жану


Горение


Combustion


Отын


Топливо


Fuel


Улы газ


Угарный газ


Carbon monoxide


Көмірқышқыл газы


Диоксид углерода


Carbon dioxide


Отынның жану жылуы


Удельная теплота сгорания


Specific heat of combustion


Жанғыш заттар


Горючие вещества


Flammable substances

Мені тап!


Берілген көмірсутектердің ішінен алкандарды табыңыздар:
CH4, C2H4, C3H8, CH7, C5H10, C7H16, C12H24, C13H28, C15H30
Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер

Алкандардың жануы


Алкандар, көптеген органикалық қосылыстар сияқты, жоғары температура қатысында жанады.
Жану реакциясы көп энергия бөле жүреді және электрэнергиясын алуда, үй жылытуда, автокөлік қозғалысында, тамақ дайындауда кеңінен қолданылады.

Алкандардың жану реакция теңдеулері


1) Оттегі жетіскен жағдайда
CH4(g) +2O2(g) = CO2(g) + 2H2O(g)
2) Оттегі шектеулі жағдайда
CH4(g) +1,5O2(g) = CO(g) + 2H2O(g)
3) Оттегі жетіспеген жағдайда
CH4(g) +2O2(g) = C(s) + 2H2O(g)

Ойлан да, жауап бер!


Алкандар берілген:
Этан және Гептан
Берілген алкандардың қайсысы күйелі жалын шығарып жанады? Неге?
Берілген көмірсутектердің толық жану теңдеулерін құрыңыздар

Видео материал «Гексан мен керосиннің жану үдерістерін салыстырыңыздар»



https://www.youtube.com/watch?time_continue=16&v=Qbxx8nFCNrA
Гексанның жану теңдеуін құрыңыздар
Бір-біріңізді тексеріңіздер

Тест сұрағына жауап беріңіздер


Метанның жану реакциясындағы оттегі алдындағы коэффицент тең
A) 7 B) 3 C) 4 D) 2
Жауаптарыңызды реакция теңдеуі арқылы дәлелдеңіздер.

Отынның меншікті жану жылуы


Бұл – массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама. Отынның меншікті жану жылуын q әріпімен белгілейді, өлшем бірлігі 1 Дж/кг немесе 1 калория/кг (1 Дж = 0,238846 кал). 


Кесте бойынша меншікті жылу мәндерін салыстырыңыздар
Массасы 15 кг табиғи газ жанғанда қанша жылу бөлінеді?

Алкандар отын ретінде


Газ күйіндегі алкандар бағалы отын ретінде қолданылады
Сұйық көмірсутектер зымыран және қозғалтқыш отындары ретінде айтарлықтай орын алады.

Табиғи газ


Метан – табиғи және ілеспе газдардың негізгі компоненті болып табылады (60-99%). Табиғи газдар құрамына пропан және бутан кіреді.

Ойлан да, жауап бер!


Табиғи газдың артықшылығы неде?

Жауабыңызды тексер


Жоғары жылу шығару мүмкіндігі
Экологиялық тұрғыда отынның таза түрі болып табылады
Отынның ең арзан түрі
Құбырлар арқылы оңай тасымалданады

Пропан-бутанды қоспа


Пропан және бутан қысымды арттырғанда сұйылады, сондықтан өртті сөндіру үшін баллондарды пропанмен толтырады.
Оттықты пропан-бутанды қоспамен толтырады.

Қызық!


Газ баллондарында пропан газы болатынын білесіздер ме?
Бұл газдың иісі жоқ.
Газ шыққанын білу үшін, өткір ерекше иісі бар, изопентантиол қосады

Есеп шығару


29 г көмірсутегіні жаққанда 88 г көмірқышқыл газы мен 45 г су түзілді. Заттың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңыз.

Есеп шығару


100 литр гексан толық жану үшін (қ.ж.) оттектің қанша көлемі қажет?

«Бір сұрақ-бір жауап»


Сабақты бекіту.
Жұпта бір-біреріне сұрақтар қойып, жауаптарыңызды тыңдаңыздар.

Үй жұмысы:


1. Сабақ материалын білу
2. Тақырып бойынша, жауаптарымен, 2 тест сұрағын дайындаңыз
3. Есепті шығару.
20 л этанның толық жануына оттектің қанша көлемі қажет?

Рефлексия


Нені білдім, нені үйрендім...

Нені толық түсінбедім...
Немен жұмысты жалғастыру қажет...