Файл: Бж таырыбы Р мен шетелде инклюзивті білім беруді дамуы салыстырмалы талдау абылдаан Амирешева Бибінр Ермекызы Орындаан мірбек Глназ Даулетызы 2023ж. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ

БӨЖ

Тақырыбы: «ҚР мен шетелде инклюзивті білім берудің дамуы: салыстырмалы талдау»

Қабылдаған: Амирешева Бибінұр Ермекқызы

Орындаған: Әмірбек Гүлназ Даулетқызы

2023ж.

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім


2.1. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі

2.2. АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру тәжірибесі

2.3. Қазақстанда инклюзивті білім беру тәжірибесі


  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.

Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі.

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік құқықтық базасы білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне білім беру ортасының бейімделуін қамтамасыз ететін педагогикалық тәсілдердің негізінде барлық білім алушылар үшін олардың тұрғылықты жерлері бойынша бірдей білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделген.
Негізгі бөлім

2.1. Инклюзивті білім берудің халық аралық тәжірибесі

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып етті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.


Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ, 1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды . Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту. Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және юалалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі. Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында артта қалушылығы бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады және онда 21–23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.



2.2. АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру тәжірибесі

20 ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде қоғамдық өмірдік көптеген саласында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрдле талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлем оқшуаланды және сегрегацияға ұшырады. Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.



Жергілікті деңгейде мектептер ата-аналарымен немесе қамқоршыларымен бала үшін жақсы жағдайларды анықтау жеке білім беру бағдарламасын әзірлеу үшін кездеседі. Егер мемлекеттік мектептер ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етпесе, ата-аналар ресми түрде шағым жасап, балаға тиісті қызметтерді талап ете алады.

АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге қолжетімділікті кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру бірнеше тұғырлары дамыды.

Ұлыбританияда әлеуметтік өнертапқыштық туралы сөз болды. Мэйнстриминг (ағылш. mainstream, яғни теңестіру, жалпы үлгіге келтіру) – шетел әдебиетінде қолданылатын ұғым, мүмкіндігі шектеулі студенттер өздерінің әлеуметтік байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік беретін әртүрлі демалыс бағдарламалары аясында құрдастарымен қарым-қатынас жасау стратегиясын білдіреді. Мұнда, әдетте, ешқандай білім беру мақсаттары қойылмайды.
2.3. Қазақстандағы инклюзивті білім беру тәжірибесі

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп атап өтті.

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды. Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялықпедагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзетупедагогикалық қолдау көрсету көзделген. Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.


Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға ұлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 20%; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Бүгінгі таңда елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны 138,5 мыңды құрайды. Ол жалпы бала санының 2,8% құрайды. Оның ішінде 44 мың 773 мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар. Инклюзивті білім беруді даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата- анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Елімізде инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудағы маңызды кезең Президент Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюы болды, оған сәйкес балалардың, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтарын реттейтін төрт заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы;

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы;

4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар)» ұғымына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, «психологиялық-педагогикалық қолдап отыру» термині енгізілді.

Қорытынды

Әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып,біздің көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кэмен, Д.К. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі / Д.К.Кэмен, С.К.Абильдина, Б.К.Шаушекова. — Текст: непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 29-31. https://moluch.ru/archive/150/42695/

2. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 39 б.

3. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы / М.П.Оспанбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 173 бет.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ


БӨЖ

Тақырыбы: «ҚР мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті құқықтық құжаттарды талдау»

Қабылдаған: Амирешева Бибінұр Ермекқызы

Орындаған: Әмірбек Гүлназ Даулетқызы

2023ж.

Жоспар
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. ҚР мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті құқықтық

құжаттар
III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік құқықтық базасы білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне білім беру ортасының бейімделуін қамтамасыз ететін педагогикалық тәсілдердің негізінде барлық білім алушылар үшін олардың тұрғылықты жерлері бойынша бірдей білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделген.

Алғаш рет халықаралық практикаға сәйкес «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы «дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (балалар)» ұғымының орнына «ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)» жаңа ұғымы енгізілді. Бұл фактінің басты мәні қоғамды ізгілендіру көзделген инклюзияның мәніне негізделген.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы