Файл: Бж таырыбы Р мен шетелде инклюзивті білім беруді дамуы салыстырмалы талдау абылдаан Амирешева Бибінр Ермекызы Орындаан мірбек Глназ Даулетызы 2023ж. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
проблемалары бар балалар. Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді. ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
Қорытынды
Қалыпты сыныпта оқыту - танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады.
Орта мектептерде бұзылыс түрі бойынша білім беруге ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған арнайы сыныптар ашу туралы шешімді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Арнайы сыныпқа баланы қабылдау ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша өтінішімен және оқыту бағдарламасы көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Көптеген ата-аналар баласының дамуында өздері қатысқысы келеді, және бұл ұмтылыс мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан қолдау табу керек. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды дамытуда әр тарап өзіне белгілі бір деңгейдегі жауапкершілікті алуы керек.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы міндеттерді шешуге дайын болулары керек. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытатын педагог бастамашыл, қайратты, ізгі ниетті және әдепті болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кэмен, Д.К. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі / Д.К.Кэмен, С.К.Абильдина, Б.К.Шаушекова. — Текст: непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 29-31. https://moluch.ru/archive/150/42695/
2. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 39 б.
3. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы / М.П.Оспанбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 173 бет.