Файл: Бж таырыбы Р мен шетелде инклюзивті білім беруді дамуы салыстырмалы талдау абылдаан Амирешева Бибінр Ермекызы Орындаан мірбек Глназ Даулетызы 2023ж. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.

Негізгі бөлім

2.1. ҚР мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті құқықтық

құжаттар

1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды.

Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.

Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады.

Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).

2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.


Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:

  • жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби диагностика жасау, оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;

  • мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру;

  • арнайы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету мекемелерінің дамуы;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру;

  • мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

  • мекемені ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемемен, кадрлармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:

  • Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.

  • Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.

  • Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.

  • Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.


Заңға қосымша актілер:

  • Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V ҚРЗ

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

  • "2016-2017 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы"

  • «Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

  • «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  • «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналықпедагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343. Заңы 5 тарау 19 баптан тұрады



Қорытынды

Адамнын өмір сүруін қанағаттандыру үшін оның құқығы мен еркіндігі сақталуы кажет. Адам құқығы мен еркіндігін қорғау, халыктын әлеуметтік қорғау мен оны жүзеге асыру механизмі адам құқығы мен еркіндігі туралы бекітілген халыкаралык актілердің негізінде реттеледі. Адамнын саяси, экономикалык, әлеуметтік және мәдени құқығын сақтау туралы халықаралық құқықтық құжаттар барлык халықтың құқығы мен еркіндігін мойындауға, жеке басынын, тілінін, дінінін, енбекке араласу, тынығу мен бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік камсыздану, материалдық және моральдық қызығушылықтарының орындалуына негіз болады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Акыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудын стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасакталған.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кэмен, Д.К. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі / Д.К.Кэмен, С.К.Абильдина, Б.К.Шаушекова. — Текст: непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 29-31. https://moluch.ru/archive/150/42695/

2. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 39 б.

3. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы / М.П.Оспанбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 173 бет.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ

БӨЖ

Тақырыбы: «ЕББҚ қажеттіліктері бар балаларда туындауы мүмкін қиындықтар, олардың себептерін анықтау»


Қабылдаған: Амирешева Бибінұр Ермекқызы

Орындаған: Әмірбек Гүлназ Даулетқызы

2023ж.

Кіріспе

Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕББҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады. Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады.


ЭЫҰД елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жан-жақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жоспар
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. ЕББҚ қажеттіліктері бар балаларда туындауы мүмкін қиындықтар, олардың себептерін анықтау
III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі бөлім

2.1. ЕББҚ қажеттіліктері бар балаларда туындауы мүмкін қиындықтар, олардың себептерін анықтау

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған:

  • есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;

  • қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;

  • көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;

  • ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;

  • сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.


Мүмкіндігі шектеулі балаларда туындайтын қиындықтары әр түрлі болады. Мысалы:

1. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі байқалады;

2. Тапсырмалардың орындалу қарқыны өте төмен болуы;


3.Үнемі ересек адамның көмегіне мұқтаж болуы;

4. Инфантилизм;

5. Сөйлеу, ойлау дамуының төмен деңгейі;

6. Нұсқауларды, тапсырмаларды түсінудегі қиындықтар;

7. Зейін қасиеттерінің төмен деңгейі;

8. Қозғалыс координациясының бұзылуы;

9. Айналадағы дүние туралы түсініктері шектеулі;

10. Мазасыздықтың күшеюі. Олар дауыс ырғағына ауыр әсер етеді, көңіл-күйде шамалы өзгеріс болады;

11. Психо-бұлшықет кернеуінің жоғары деңгейі;

12. Ұсақ және жалпы моториканы дамыту деңгейінің төмендігі;

13. Балалардың шаршауының жоғарылауы. Оларға бір тапсырмаға зейінін шоғырландыру қиынға соғады. Сәтсіздік жағдайында олар қызығушылықты тез жоғалтады, тапсырманы орындаудан бас тартады. Кейбір балаларда шаршау нәтижесінде мазасыздық пайда болады;

14. Басқа балаларда мазасыздық, ашуланшақтық жоғарылаған.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:


1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу қабілеттері зақымдалған, тірек-қимыл аппараты зақымдалған, ақыл-ойы зақымдалған, психикалық дамуы тежелген, дамуында күрделі бұзылыстары бар және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.

Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.

Естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы керек және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады. Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады.

Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сөйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ым-ишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту-көру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің көмегі қажет.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық