Файл: Д.алматаев атындаы Семей мемлекеттік медицина колледжі Жрек ан тамырлар жйесіні ызметі бзылуы кезіндегі медбикелік рдіс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

  2. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

  3. Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.


Мейірбикенің міндеттері:


  • Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

  • Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

  • Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

  • Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

  • Қатты тамақтарда 60-тан80% дейін су бар.

  • Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

  • Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.

  • Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).

шығарылған зәр мөлшері · 100

ш ығарылуы % =

енгізілген сұйықтық мөлшері


  • Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.

  • Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

  • Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

  • Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

  • Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.



Нәтижесінің бағасы:
80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

  • Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

  • Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.


Су балансын есептеу беті

Күні__________________________

Аурухананың аты____________________________________________

Бөлімше________________________________________________________

Палата__________________________________________________________

Тегі аты жөні__________________________________________________ Жасы______________ салмағы_______________________

диагнозы ______________________________________________________


Уақыты

Ішілген сұйықтық

Сұйықтықтың мөлшері

Уақыты

Бөлінген зәрдің мөлшері

(мл)



























































































Тәулік ішінде

Жалпы ішілген сұйықтық мөлшері




Бөлінген сұйықтың мөлшері






Ескерту:

бірінші тағам бөлігі =150мл

көк-өністер , жеміс-жидектер және сүт өнімдері сұйықтың мөлшеріне тең.

бір стақан судың мөлшері 250 мл –ге тең

Науқастың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсеткіштері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.

Қарсы көрсеткіштері : ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.

Әзірле: мед.таразыды, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді,ауру тарихты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және манппуляцияның барысымен таныстырыңыз.

  2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  4. Таразының тілдері ноль қалпына келтірініз..

  5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

  6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

  7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

  8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

  9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

  11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.


Журек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда жедел

медициналық жәрдем көрсету.
Ентігу.

Мақсаттары: Қысқа мерзімді – науқастың тыныс алу жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Ұзақ мерзімді - шығарар кезде тынышсыздығы жойылады.

Әзірле: Тонометр, секундомер, оттегі жастығы немесе қалталы ингалятор, дәкелер, дәрілік препараттар, шприщтар, мақта шариктері, дез ерітінділер.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолды әзірлеңіз, дәрігерді шақыртыңыз;

  2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босатыңыз;

  3. Науқастың басын жоғары қалыпта қойыңыз;

  4. Бөлмені күніне 3 рет желдетуді қамтамасыз етіңіз;

  5. Әр 2 сағат сайын науқастың тыныс алу жағдайын (жиілігі, ырғағы, тереңділігі) , жөтелдің болуын, тері жамылғыларының түсін бағалаңыз, АҚҚ өлшеңіз;

  6. Дәрігердің белгілеуіне сәйкес ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын жүргізуді қамтамасыз етіңіз;

  7. Дәрілік препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдауды бақылаңыз;

  8. Науқасқа тыныс алуды жеңілдету тәсілдерін үйретеңіз ( төсектегі қалпын, оттегі жастығын қолдануды);

  9. Науқасқа тірек, жеңілдік беретін тәртібін, оның физикалық белсенділігі туралы туған-туысқандарымен кеңес жүргізіңіз.

  10. Қолданылған заттарды дезинфекциялаңыз;

  11. Қолды әзірлеңіз.



Естен тану
Мақсаттары: науқастың есін 5 минут ішінде қалпына келтіру.

Әзірле: Дәкелер, салқын су, мүсәтір спирт, тонометр, жылытқыш, дез ерітінділер, дәрі-дәрмектер.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолды әзірлеңіз;

  2. Науқасты жастықсыз, аяқ жағын көтеріңкі көлденең қалуын қамтамасыз етіңіз;

  3. Таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз, тар киімдерін шешіңіз;

  4. Бетіне және кеудесіне салқын су шашіңіз;

  5. Есін жинамаған жағдайда мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрынына искетіп, сол тампонмен самайын сүртіңіз;

  6. Науқастың бетін шапалақтаңыз;

  7. Науқастың АҚҚ , пульсін өлшеңіз;

  8. Науқастың аяқтарына жылытқыш қойыңыз, көрпемен жылы ораңыз, тыныштықты қамтамасыз етіңіз (30 минутқа дейін);

  9. Осы шараларды 5 минут ішінде нәтижесі болса: дәрігерді шақырыңыз және оның нұсқауларын орындаңыз;

  10. Қолданылған заттарды залалсыздандырыңыз;

  11. Қолды әзірлеңіз;



Артериялық қысымның күрт төмендеуі.
МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (бөлек уақытымен).

Әзірле: тонометр, жылытқыш, оттегі жастығы, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. дәрігерді дереу шақырту;

  2. жастықсыз, аяқ жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты ұстау;

  3. науқасты жылыту (жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстық шай немесе кофе беру);

  4. таза ауа жіберу немесе ылғалды оттегі ингаляциясын жасау;

  5. манжетті алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ-мен пульсті бақылау.


Артериялық қысымның күрт жоғарылауы.
МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (бөлек уақытымен).

Әзірле: тонометр, қыша қағазы, дәкелер, суық су, жылытқыш, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. дәрігерді дереу шақырту;

  2. бас жоғары көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету;

  3. физикалықжәне психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;

  4. таза ауа жіберу;

  5. желкеге және балтырға қыша қою;

  6. маңдайға суық компресс қою;

  7. қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;

  8. дәрігердің нұсқауларын орындау;

  9. науқастың жағдайын әр 30 минут сайын АҚ қалпына келгенге дейін бақылау (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс).




Жүрек шаншуы.
МАҚСАТЫ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.

Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, қыша қағазы, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. дәрігерді дереу шақырту;

  2. науқасқа көлденең қалыпты қамтамасыз ету;

  3. физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;

  4. валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40

  5. тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нитроглицерин тамшы

  6. түрінде болса, онда қантқа 1-2 тамшы;

  7. жүрек тұсына қыша қою;

  8. таза ауа жіберуді қамтамасыз ету;

  9. дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;

  10. науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу.


Асцит

МАҚСАТТАР: қысқа мерзімді- емделуші жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Емделуші- тамақтану маңыздылығы және сұйықтықты тәртіп сипаты туралы білімдерін көрметеді.

Әзірле: тонометр, дәрілік заттар, медициналық таразы, зәр қабылдағыш, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. тұз бен сұйықтықты шектеумен калий және уызға бай диета сақтау қажеттілігін науқастарға түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн;

  2. дәрігер нұсқауларына сәйкес науқас дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;

  3. науқастың күнделікті су тепе-теңдігін анықтауды қамтамасыз ету;

  4. үш күнде бір рет науқасты өлшеушіні өлшеуді қамтамасыз ету:

  5. науқасқа төсек жайлылығын қамтамасыз ету;

А) төсекте бас жағын көтеріңкі ету;

Ә) төсекті кірлегенде ауыстыру;

  1. физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде - гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауларбойынша қою. Зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету;

  2. науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылауды қамтамасыз ету;

  3. дәрігердің нұсқауы бойынша науқасты және аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау;



Шеткері ісінулер (ағзада сұйықтықтың кідіруі)
МАҚСАТТАР: қысқа мерзімді- аптаның соңында аяқтарда ісінулерді азайту. Ұзақ мерзімді-шығару кезінде тамақтану және сұйықтық тәртібінің ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді.

Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, дәкелер, орамал, салмақ өлшегіш, дез ерітінділер