Файл: ысамерзімді жоспар дебиетттік оу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

Әдебиетттік оқу

Бөлім:

VI.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Педагогтің аты-жөні

Тоқтарғазина Айдана Қайржанқызы

Күні:

21.02.2023

Сынып:2 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бесік жыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаты

Халық ауыз әдебиеті түрлерімен танысады

Бесік жыры туралы біледі

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, қосымша ақпараттар жинайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 2 мин
3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Үлкендерді тыңдаймыз

Кішілерді сыйлаймыз.

Жүректердің жылуын

Бір – бірімізге сыйлаймыз.
Өткен сабақты қайталау




-Ребустан қандай сөз шықты?

-Байғазы дегеніміз не?

-Мәтіндегі басты кейіпкерлер кімдер?

-Ермекке кім байғазы берді?

-ата-апаларынан байғазы алып көргендеін бар ма?
Жаңа сабақ

Кіріспе
Wordwall бағдарламасы арқылы оқшыларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру
Оқу материалын жариялау: «Мозайка» әдісі.

Әр топ алдарына берілген мозайканы құрайды. Үш топ құраған мозайкаларын тақтаға жабыстыру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Бесікке бөлеу рәсімі (қыздар көрініс)

Айзере:

Түбегінді, шүмегінді салайын

Денен таза болсын деп

Бас жастықша салайын

Басын жұмсақ болсын деп

Екі белге жастаншы

Бел керпенді салайын.

Сымбатты, сұлу өссін деп

Тартпа бауды тартайын

Сымға тарткан суйректей

Денен сұлу болсын деп

Жабуынды жабайын

Жел, суық тимей қалсын деп.
Айару:

Алас, алас баладан алас.

Иесі келді, пәледен көш

Алас, алас баладан алас.

Кезі жаманның, көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас!
- Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай еткір болсын деп басына қайшы жастайын
- Баланы әкеліңдер бесікке белеп берейін

Еркеназ:

Мойынымдағы тұмарым,

Тарқамайтын тұмарым.

Тагдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке салсын деп.

Мойынымдагы маржаным,

Қорадағы мал-жаным.

Татті ұйқыға бата гой

Бесігіне жата гой

Балам жатсын бесікте

Палесі қалсын есікке

Оқу материалын жариялау: «Миға шабуыл» әдісі.

  • Қандай сөз құрадың?

  • Отбасы деген не?

Кез келген адамның өз отбасы бар. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар

жататынын сен 1-сыныпта таныстың. Бұл – жақын және туыс адамдар, біз жақсы көретін, біз үлгі алатын,

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Ребусағы сөзді тауып, өткен сабақты қайталау.

(Байғазы)

Оқушылар сұраққа жауап береді.


Сұраққа жауап береді.

Халық ауыз әдебиеті туралы біледі.


Дескриптор

Ребусты шешеді

Байғазысөзінің мағынасын түсіндіреді

Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атайды


Дескриптор:

Суреттерді халық ауыз әдебиетімен сәйкетендіреді

Сұраққа жауап береді

Дескриптор

Мозайканы құрастырады



Мұғалім үшін:компьютер, экран, мультимедиалық проектор,

дыбыстық колонкалар, электронды

қосымша, кестелер мен мазмұнды

суреттер.

Оқушы үшін:оқулық, оқушы дәптері (№1, №2)

Мадақау сөздер
https://wordwall.net/ru/resource/52818418/%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b92

«Білім бәйгесі»




Бесік , бесікке керек құрал-жабдықтар
https://youtu.be/gcxcDo2P5Tw





5 мин

қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін

адамдар. Біз отбасында махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз. Отбасы адам

санына қарай әртүрлі болады. Яғни шағын және көпбалалы отбасы да кездеседі. Отбасындағы әр мүшесінің өз орны

бар және ол адамдардың басын қосып, біріктіретін ұлы қасиет – сүйіспеншілік пен сыйластық.
ТЖ Зерттеп көр.

Отбасы құндылықтарына қандай қасиеттерді жатқызар едің?

Анықтама

Кез келген отбасында үлкендер кішілерге қамқорлық көрсетеді. Ал кішілер үлкендерге көмектеседі. Оны отбасылық құндылықтар деп атайды.

  • Сізге отбасы не үшін керек?

  • Әр отбасы мүшесі қандай рөл атқарады?


Топтарға ақ парақ қағаз беріледі. Параққа отбасы құндылықтарына жататын сөздерді жазады. Топта қорғайды.




Оқулық, оқушы дәптері
СД дискі тапсырмалары

Ортасы 15 мин

(ҰЖ) 1-тапсырма «Түйінді сәттер» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы. Әңгімелесу:

А) Суреттерде берілген отбасы мүшелерін айтып бер. Ә) Мақалды оқып мағынасын түсіндір:

«Отан отбасынан басталады». Б) Сұраққа жауап бер:

  • Суреттегі екі отбасы туралы не айта аласың?

  • Бұл отбасыларда жалпыға ортақ қандай әдеп нормалары қалыптасқан?

  • «Қамқорлық көрсету», «көмектесу» деген ұғымдарды қалай түсінесің?

  • Суреттен қамқорлық көрсету әрекетін байқадың ба? Әңгімелеп айт.

  • Өз отбасыңда қандай қамқорлық көрсетілетіні туралы айтып бер.

Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушы мәтінді түсініп оқиды. Суретте берілген отбасы мүшелерін айтып береді.

Мақалды оқып, мағынасын түсіндіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды.

  • Отбасы мүшелерін айтып береді.

  • Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушы өз отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді.

Дескриптор:

  • Отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді.

  • Өз отбасына қандай қамқорлық жасайтынын айтады.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі

ҚБ: «Отшашу» арқылы бір- бірін бағалау

Оқылым, жазылым тапсырмалары, СД дискі

Оқулық Оқулық суреті






15 мин

Белсенділігі жоғары оқушыға:

– Жалпыға ортақ әдеп нормаларын ата. Олар не үшін керек?

Белсенділігі баяу оқушыларға уақыт беріледі.
Сергіту сәті

Біз бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – атам, Балаң үйрек – апам.

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам. Кішкентай бөбек – мен. Біз бір үйде нешеуміз? Біз бұл үйде бесеуміз.

(Д) 2-тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. Дидактикалық ойындар. «Мен және менің отбасым».

Өз отбасың туралы әңгімеле.

ЖЖ

Суреттерді салыстыру. Өздік жұмыс.

Жұмыс дәптеріндегі А, В, С. 1-тапсырманы орындау.

Сызбалар бойынша көрсетілген әрекеттерді

сәйкестендіреді. Отбасында және жеке атқарылатын жұмыс түрлері туралы жазады.

Отбасына қандай қамқорлық жасайтынын жазады.

арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға:

– отбасы туралы мақал-мәтел жаз. Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

Қимылдарды қайталайды.
Белсенді оқу тапсырмалары (топта, ұжымда).

Жұмыс дәптеріндегі жазба тапсырмаларын орындау.

СД дискі тапсырмаларын орындау






Оқулық
Жұмыс дәптері

Соңы 5 мин

Кері байланыс: «Бағалау ағашы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Жасыл алма – бүгінгі сабақтағы жұмысым: әрекетсіз/белсенді;

Қызыл алма – бүгін сабақтан түйгенім өте көп, қанағаттанарлық;

Сары алма – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Оқушылар себеттегі алма түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілген бағалау ағашына жапсыру

арқылы, сабақ бойынша ойларын қорытады.




Суреттер, алма пішінді жапсырма қағаздар