Файл: Кні Класы 8 Пні Биология Саба таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: Класы: 8 Пәні: Биология

Сабақ тақырыбы: Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қан тамырлары және үлкен кіші қанайналымның шеңберлері туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, әрекетін басқару, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды денені жетілдіру қажеттігін сезінуге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, «Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері» электронды көрсетілімдер, муляж (жүрек құрылысы).

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (4 мин)

1.1. Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу.

1.2. Психологиялық ахуал орнату.

1.3. Топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)

2.1. «Аквариумдегі балықтар» әдісі.

1. Қанның түссіз жасушасы? (лейкоциттер)

2. Қанға қызыл түс беретін жасуша? (эритроциттер)

3. Сүтқоректілердің жүрегі неше камералы және қанайналым жүйесі нешеу? (4 камералы, 2 қанайналым жүйесі бар)

4. Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады? (3қабаттан, эпикард, миокард, эндокард)

5. Ең жіңішке қан тамырлары? (капиллярлар)

6. Неше қан тобы бар және олардың үйлесімділігі қандай? (4 қан тобы бар)

7. Резус-фактор дегеніміз не және оның маңызы? (ерекше нәруыздық зат)

8. Гемофилия дегеніміз қандай ауру? (туылғаннан қаны ұйымайтын тұқым қалайтын ауру)

2.2. Жүректі зерттеңіздер:



2.3. Венн диаграммасы. «Артерия және вена қандарының айырмашылығы мен ұқсастығы»

3. Жаңа сабақ (15 мин)

Жүрек – пішіні конус тәрізді, 2-5 қабырғалардың деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық етті мүше. Эмбриондық даму кезінде 4 аптадан бастап жиырыла бастайды. Ол ішінде аздаған сұйықтығы бар жүрек қабында орналасқан. Сұйықтық жүрек бетін ылғалдап, жүрек жиырылғанда, үйкелісін азайтады.


Жүректің негізгі қызметі – қан айдау. Қан адамда тамырлардың екі тұйық жүйесі – қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері бойымен қозғалады. Қанның қамырлар бойымен үздіксіз қозғалуын – қанайналым деп атаймыз. Оны XVII ғасырда ағылшын ғалымы Уильям Гарвей ашты.

Қанайналымның үлкен шеңбері.

Дененің барлық мүшелеріне және ұлпаларына қоректік заттар мен оттекті жеткізеді. Ол жүректің сол жақ қарыншасынан басталады.

Сол жақ жүрекшеден артерия қаны—сол жақ қарынша-қолқа-барлық мүшелер мен ұлпалар- жүрекке бағытталады.

Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады. бұл айналымның ұзақтығы 23с. тең.

Қанайналымның кіші шеңбері

Оң жақ жүрекшеден вена қаны –оң жақ қарыншаға—өкпе артериясы - өкпе капилляры - өкпе венасы—сол жақ жүрекше.

Қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны, венада артерия қаны ағады.

Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге, одан сол жақ жүрекшеге қозғалуы өкпелік шеңбер немесе қанайналымның кіші шеңбері деп аталады, ұзақтығы 4с.

Сергіту сәті.

Видеоролик.

4. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)

4.1. Сәйкестігін тап: 1 топ

1.Үлкен қан айналым шеңбері басталады

2. Үлкен қан айналым шеңберінде қан таралады

3. Кіші қан айналым шеңбері басталады

4.Үлкен қан айналым шеңбері аяқталады

5. Кіші қан айналым шеңбері аяқталады

6. Кіші қан айналым шеңберінде қан барады

7. Үлкен қан айналым шеңберінде артерияда ағады

8. Кіші қан айналым шеңберінде артерияда ағады

а) оттегіне қаныққан қан

ә) оң жақ қарынша

б) сол жақ қарынша

в) бүкіл ұлпалар мен мүшелерге

г) оң жақ жүрекше

ғ) сол жақ жүрекше

д) өкпеге барады

е) көмір қышқылына қаныққан қан




1

2

3

4

5

6

7

8

б

в

ә

г

ғ

д

а

е

Салыстырмалы кесте: 2 топ

Қанның ағуы

Кіші қан айналым шеңбері

Үлкен қан айналым шеңбері

Жүректің қай қуысынан басталады?







Жүректің қай қуысында аяқталады?







Газ алмасу қайда жүреді?






Артериямен қандай қан ағады?







Венамен қандай қан ағады?






Маңызы қандай?







4.2. Биологиялық диктант.

Қанайналымның үлкен шеңбері (сол жақ қарыншадан) басталады және (бүкіл денеге таралып, оң жақ жүрекшемен) аяқталады.

Үлкен шеңбердің артерияларында (оттегіне) қаныққан (артерия) қаны ағады.

Үлкен шеңбердің веналарында (көмірқышқыл газына) қаныққан (вена) қаны ағады.

Қанайналымның кіші шеңбері (оң жақ қарыншадан) басталады және (өкпеге барып, сол жақ жүрекшемен) аяқталады.

Өкпе капиллярында қан (көмір қышқыл газын) беріп, (оттегімен) қанығады, вена қаны (артерия) қанына айналады.

Қанайналымның үлкен шеңбері 23 сек созылады.

5. Бағалау (2 мин) бағалау парағы бойынша.

6. Рефлексия (2 мин)

Рефлексия. «3-2-1» әдісі.

«Сабақта есімде қалған 3 маңызды ақпарат»

«Сабақтағы 2 ең қызықты ақпарат»

«Мұғалімге 1 сауал»

7. Үй тапсырмасы (1 мин)

§36. Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.

Ашық қанайналым жүйесі туралы мәлімет.