Файл: Тестке дайынды сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тестке дайындық сұрақтары




Парламент Мәжілісінің депутаттары _____________ сайланады



Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайда, жартысынан асатын мандат …



Қай өкілді орган тек мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша құрылады?



Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:



Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссиялары _______________ құрылады.



Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе …



Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ____________________________ сайланады



Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері ________________ сәйкес келуі керек



Сайлау комиссияларының қызметі ___________ негізінде жүзеге асырылады



Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының ___________________, олар заңды болады



Сайлау комиссиясының отырыстарына _____________________қатыса алады



Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде ____________________ қатысуға құқылы



Қандай мекемеге сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалуы мүмкін?



Қандай мерзімде сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалуы мүмкін?



Сайлау процесіне қатысушылардың қайсысы сайлау бақылаушыларын жіберу үшін аккредиттеуден өтеді?



Байқаушылар ретінде сайлау учаскелеріне _________________ жіберіледі



Байқаушының өкілеттігі қандай құжатпен куәландырылады?



Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты кімге көрсетеді?



Байқаушыны сайлау учаскесінде тіркелу ______________________ жүзеге асырылады.



Қандай мекеме жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады?



Қандай мекеме жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады?



Сайлауды байқауға ниеттенген қоғамдық бірлестіктеріне, коммерциялық емес ұйымдарына аккредиттеуге қойылатын негізгі талап.



Аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі қандай?



Қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу қандай мерзімге беріледі?



Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары құқылы:



Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары міндетті:



Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары _______________ аккредиттеледі.



Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құқылы:



Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері міндетті:



Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін __________________ құрады



Сайлау округтерiнiң тiзiмiн олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, тиiстi сайлау комиссиялары _______________ тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды



Сайлау учаскелерi мынадай жағдайларда құрылады:



Қандай мерзімде тиiстi әкiмдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы құлақтандырады?



Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде қандай тізімдер жасалады?



Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін қай орган жасайды?



Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімі кіммен және қандай мерзімде беріледі?



Қандай жағдайларда сайлаушы тіркелген жері бойынша емес, тұрған жері бойынша дауыс беруге құқылы?



Сайлау алдындағы үгiт – …



Сайлау алдындағы үгітті өткізу мерзімдері?



Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша ____________________ анықтайды



Сенім білдірілген адамдар ____________________________ құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады.



____________________________ сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады



Сайлау бюллетеньдері қандай мөлшерде дайындалады?



Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына қандай мерзімде жеткiзiледi?



Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй ...



Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi __________________ өткiзiледi.



Учаскелік сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды қандай мерзімде хабардар етеді?



Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда ____________________________ болуына тыйым салынады



Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын сайлау комиссиясының мүшесі бұзған жағдайда.



Байқаушы мен өзге де адамдар Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзған жағдайда.



Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртіпті қамтамасыз ету _________________________ жүктеледі.



Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары ...



Сайлау бюллетеньдерін беруге жауапты комиссия мүшелерін кім анықтайды?



Сайлау бюллетеньдерін кім беруге құқылы?



Қандай құжат ұсынғанда сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беріледі?



Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, ...



Сайлау комиссиясының қанша мүшесі тасымалданатын дауыс беру жәшігімен бірге жүреді?



Кім байқаушыларды, сенiм бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi?



Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға ____________________________ табыс етедi.



Сайлаушы дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясының әрекеті?



Қандай жағдайларда сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді?



Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау ...



Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi ...



Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар ___________________________ көз жетерлік арақашықтықта байқай алатың жағдай жасалу қажет.



Бюллетеньдерді санау процедурасы қалай өтеді?



Дауыстарды санау кезінде сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялауда сайлау комиссиясының іс-қимыл алгоритмі қандай?



Дауыс беруге арналған жәшiктердi __________________ тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс.



Қашан учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды?



Дауыстарды санау нәтижелері қандай құжатпен ресімделеді?



Алдымен қандай сайлау жәшіктері ашылады?



Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны _______________________ сәйкес келуге тиіс.



Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, ...



Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн қандай жәшiктер ашылады?



Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi ...



Қандай жағдайларда бюллетеньдер жарамсыз деп танылады?



Бюллетеньдердің жарамдылығына қатысты келіспеушіліктер пайда болған жағдайда мәселені сайлау комиссиясы _________________ жолымен шешеді.



Бюллетеньдердің жарамдылығына қатысты келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шешім қалай қабылданады?



Дауыстарды қайта санау ненің негізінде жүргізіледі?



Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларға кім қол қояды?



Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ______________________ ілінеді.



Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі қанша уақытқа ілінеді?



Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі қанша уақытқа ілінеді?



Кімнің қалауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі беріледі?



Қандай жағдайларда тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы тиiстi учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы?



Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау қандай мерзімде жүргізілуі тиіс?



Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде сайлаушылардың дауысын қайта санау кімнің қатысуымен жүргiзiледi?



Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын ____________ анықтайды



Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын ____________ анықтайды.



Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қандай мерзімде жариялайды?



Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қандай мерзімде жариялайды?



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті және кезектен тыс сайлауын кім тағайындайды?



Шығып қалғандардың орнына Парламент Мәжілісі депутаттарынның сайлауын кім тағайындайды?



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы қандай мерзімде тағайындалады?



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы қандай мерзімде өткізіледі?



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы қандай мерзімде тағайындалады?



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы қандай мерзімде өткізіледі?



Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы ___________________________ тиесілі.



Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы ___________________________ тиесілі.



Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам ...



Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу ...



Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну және өзін-өзі ұсыну қандай мерзімде жүзеге асырылады?



Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсыну қалай жүргізіледі?



Қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) құқылы:



Парламент Мәжілісінің депутаттығына саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді ____________________ жүзеге асырады



Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеуді _____________________ жүзеге асырады



Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ___________________ өз кандидатурасын ала алмайды.



Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында ____________________________негізінде анықталады



Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы қандай органмен тағайындалады?



Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын қай орган тағайындайды?



Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен ______________

____________________________ тұспа-тұс келмеуге тиiс



Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну қандай мерзімде жүргізіледі?



Мәслихаттар депутаттығына саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті _______________________ жүзеге асырады



Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді ____________________ жүзеге асырады



Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орнатылады:



Сайлаушылар үшін қолжетімділікпен қолайлылықты ескере отырып, мынадай ақпаратты қамтитын ақпараттық стендтер орналастырылады: