Файл: Жартыжылды бойынша жас маман есебі Мерзімі.odt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. жартыжылдық бойынша жас маман есебі


Мерзімі: ______________
Жас маманның кәсіби қабілетіне және құзыреттілігіне байланысты жаңашыл ұстаз дағдыланады. Ал жаңашыл ұстаз – ол заман талабы. Заман талабының негізгі мақсаты: еліміздің көркендеп, беделді елдермен терезесін теңестіру. Бұл мақсаттың жүзеге асып, өз жемісін көру үшін жастар аянбай еңбек ету қажет. Себебі жастар – Қазақстанның болашағы.

Жалпы, жас маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек. Әрине, бұл мақсат қажырлы еңбекті, үздіксіз ісденісті қажет етеді.

Жас маман ретінде мен де мектепте көптеген жұмыстарды атқарып, теориядан алғанымды практикамен ұштастырып келемін. Әрбір атқарылған жұмыс – өз саламды жан-жақты бақылап, үйреуге деген мол мүмкіндіктер. Сол мүмкіндіктер нәтижесінде жас маман ретінде біліміме білім қосудамын деп сенімді түрде айта аламын. Десе де, «білмейтінім 99» демекші, тәжірибесі мол мамандардан үйренерім әлі көп.

Сонымен, 2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдығын қорытындылар болсам:

  1. aonpc.kz сайтында өткізілген биология пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық педагогикалық олимпиадада ІІІ орын иелендім.




  1. «Білім нәрі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында

    « ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ» атты мақалам жарық көрді.






  1. 2022 жылдын 14 желтоқсан күні Ақтөбе қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай №10 жалпы білім беретін орта мектебіндк «Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып химия,биология.география пәндерінде оқушының шығармашылық-танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында өткізілген семинарға қатысым жасадым.



Алдағы уақытта жас маман ретінде алған қойған мақсатым мен міндеттерім:


  • ұстаздық кәсіп абыройы мен беделін қорғау;  

  • біліктілігін арттыру курстарына қатысым жасау; 

  • педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестік мәжілістеріне, мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысу; 

  • түрлі деңгейдегі байқау, сайыстарға оқушыларды әзірлеу, қатысым жасау.