Файл: Апараттыкоммуникациялы технологиялар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Мұғалімі:

Кенжина Салтанат Темирболатовна

Сынып:

3

Сабақ №

Сабақ тақырыбы:

Сабақ №23

Іздеу жүйелері

Күні:




Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Интернеттің іздеу жүйелерін қолдану;

3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

3.3.3.1 Интернет желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • сұрақтарға жауап алу үшін іздеу жүйелерін қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • көшіру, бөліп алған мәтінді салу командасын орындайды.

Кейбір оқушылар:

  • үлгі және слайд арасында жылжу арқылы қарапайым презентация жасайды.

Жоспар

Іс-әрекет реті

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Мағынаны таны


Презентацияны көріп шығып, конспект жазу.
Компьютерден ақпарат қалай аламыз?

Компьютердің негізгі ақпарат көзі – ғаламтор.

Ғаламтордың негізгі қызметтерінің бірі – World Wide Web (WWW)бүкіләлемдік өрмек деп аталады. Ақпараттар гиперсілтемелер түрінде беріледі: асты сызылған сөз: Кітапхана

Гиперсілтеме – белгілі бір үлкен мәтінді тез табуға көмек беретін сілтеме.

Гиперсілтеме бір-бірімен байланысқан ақпараттарды тез қарап шығуға мүмкіндік береді.

Ғаламтордан ақпаратты тез тауып алуда іздеу қолданылады.

Іздеу жүйесі – мәліметті ғаламтордан іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-сайт.

Сайт немесе Веб-сайт – (ағыл.Website:Web – тор, желі және site – орын, желідегі орын) – ғаламтордағы мәліметтер жиынтығы. Ғаламтор желісінің негізін құрайтын барлық сайттар болып табылады.

Ең тұңғыш іздеу жүйесі Web Crawler 1994 жылы пайда болды.

Google, Yahoo,MSN – әлемдегі ең көп сұранысқа ие іздеу жүйелері.

Балаларды жағымсыз, қауіпті ақпараттан қорғау үшін оларға арналған іздеу жүйелері құрылды. Балаларға арналған ең алғашқы іздеу жүйесі “Ask Kids” деп аталады. Ол Ұлыбританияда пайда болды. Бұдан басқа балаларға арналған ең танымал жүйелер – “Kids America OnLine”(АҚШ) және “FragFinn.de”(Германия).


Интернет,

Презентация

«23 САБАҚ. Іздеу жүйелері 3 сынып» (1-5 слайд),

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 3 сынып, «Арман-ПВ» оқулығы (83-84 бет)

Жауап бер

Сұрақтар:

  • WWW деген не?

  • Веб-сайт деген не?

  • Қандай іздеу жүйелері бар?

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 3 сынып, «Арман-ПВ» оқулығы

Орында

Тапсырма:
84 бет, Үйде орындайық

Тапсырма:

84 беттегі «Міне, қызық» айдарымен берілген мәліметт туралы өз пікірін жаз. Балалар іздеу жүйесін шығарудың маңыздылығы неде?


«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 3 сынып, «Арман-ПВ» оқулығы, дәптер, қалам.

Рефлексия


Мен бүгін ___________ білдім




Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)




Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері немесе жазбаша ұсыныс)