Файл: Барлы оушылар істей алады Ауа абаттарын ажыратады, атмосфералы ысымны физикалы маынасын біледі Кптеген оушылар істей алады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді:
Бөлімі: | Қысым |
Педагогтің аты-жөні: | Г.Дариева |
Күні: 10.02.2023 ж | |
Сыныбы: 7 А,Ә | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Ауа қабаттарын ажыратады, атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі Көптеген оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін логикалық сұрақтар арқылы түсінеді. Кейбір оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерісін есептер шығару арқылы көз жеткізеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жаңа сабақ. «Ширату» жаттығуы. Біз қалай тыныс аламыз? 1) Диафрагма өкпенің көлемін ұлғайтады. Өкпедегі ауаның қысымы ... Ол атмосфералық қысымға қарағанда ... Ауа өкпеге енеді. 2) Диафрагма өкпені қысқанда, өкпенің көлемі кішірейеді. Сондықтан өкпедегі ауаның қысымы ... Ол атмосфералық қысымға қарағанда ... Ауа өкпеден сыртқа шығады. | Оқушылар барлығы жақсы көңіл-күймен сабақты бастайды. Біз қалай тыныс аламыз деген сұрақтың негізінде бүгінгі сабақ тақырыбын ашады | | ДК экран Слайд | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | 1 тапсырма.«Сәйкесін тап» әдісі Суретте ауа қабаттарына сәйкес келетін денелердің орналасуын анықтаңыз. 2 тапсырма. Тәжірибе алаңы 1топ. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды? Неге? 2топ. Стакан, су, марганцовка, май шам, тарелке, сіріңке, тиын. Қолымызды су қылмай тиынды судан қалай алуға болады? 3топ. Бөтелке, қайнатылған аршылған жұмыртқа, сіріңке, қағаз. Жұмыртқа қалай бөтелке ішіне енеді? 3 тапсырма.«Кім жылдам» әдісі арқылы есептер шығару 1 есеп Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм сын.бағанына, ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм сын.бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай? 2 есеп Егер жоғары көтерілу кезінде барометр көрсетуі 760 мм.сын.бағ-нан 95 мм.сын.бағ-на дейін азайған болса, ол қандай биіктікке көтерілген? Бекіту тапсырмасы. Zipgrade платформасы арқылы тест сұрақтарына жауап береді 1. Қысым ... анықталады А) күштің ауданға қатынасымен В) күштің салмаққа қатынасымен С) ауданның уақытқа қатынасымен Д) ауданның күшке қатынасымен 2. Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, оның ішіндегі қысым А) соғұрлым төмен болады. В) алғашқыда төмендейді, сосын жоғарылайды С) жоғары да, төмен де болуы мүмкін Д) соғұрлым жоғары болады 3. Дененің тірек ауданын кішірейткенде оның қысымы ... А) артады В) кемиді С) алғашқыда кемиді, сосын артады Д) өзгермейді 4. 1 Па дегеніміз А) 1 м/с В) 1 кг/м3 С ) 1 Н/м2 Д) 1Н/кг 5. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида - А) Архимед заңы В) Инерция заңы С) Паскаль заңы Д) Ньютон заңы 6. Гидростатикалық қысым бір тереңдікте А)өзгермейді В) артады С) кемиді Д) бірдей болады 7. Сұйықтың қысымын өлшеуге арналған аспап А) динамометр В) барометр С) манометр Д) танометр 8.Адам үлкен тереңдiкке түсу мүмкiн емес, өйткенi жоғары қысымның әсерiнен адамның қаны атмосфералық ....... қанығады. А) гелиймен Б)азотпен С)сутегімен Д)оттегімен | Оқушылар суреттегі ауа қабаттарын жазып көрсетеді. Әр топтан оқушылар атмосфералық қысымға байланысты тәжірибе жасап көрсетеді. Оқушылар атмосфералық қысымның биіктікке байланысты екендігіне есептер шығарады. Оқушылар тест тапсырмаларын дайын қағазға орындайды | Дескриптор:_-Ауа_қабаттарын_сипаттап_жазады.Жалпы_балл-1Дескриптор'>Дескриптор: -Ауа қабаттарын сипаттап жазады. Жалпы балл-1 Дескриптор: -Атмосфералық қысымға байланысты үш тәжірибе жасайды. Әр тәжірибеге 1 баллдан беріледі. Жалпы балл-3 Дескриптор: - Берілгенін жазады, ХБЖ-ға келтіреді-1 -Атмосфералық қысымды өлшеу формуласын қолданады-1 -Формула бойынша биіктікті табады-1 Жалпы балл-3 Дискриптор: -Тестті орындайды-3 Жалпы балл-3 Барлығы -7сұрақ 6-7 сұрақ -3 балл 4-5 сұрақ – 2 балл 1-3 сұрақ – 1 балл | ДК экран Слайд Қосымша-1 Су, кағаз, стакан Стакан, су, марганцовка, май шам, тарелке, сіріңке, тиын Бөтелке, қайнатылған аршылған жұмыртқа, сіріңке, қағаз Zipgrade парақшалары, тексеру үшін ұялы телефон | ||||||||||||
| Жеке оқушыға тапсырма Сәйкестендіріңіз
| Дескриптор -атмосфера жердің бетін қоршап тұратынын біледі-1 -АҚ өлшеуге арналған аспапты ажыратады-1 -АҚ зерттеген ғалымды табады-1 -Анероидтың қандай мағына білдіретін жазады-1 -Заттың газ күйі атмосфера екенін біледі-1 -барометр шкаласы қарап ауа райын болжауға болатын табады-1 Жалпы балл-6 | | |||||||||||||
Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырма сы | Кері байланыс. «Тазалық» Чемодан – керекті ақпарат Ет тартқыш – әлі оқуым керек, толықтыруым керек Қоқыс жәшігі – қате пікірлер Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау 1 топ. Атмосфералық қысымның техникада қолданылуы 2 топ. Атмосфералық қысымның медицинада қолданылуы 3 топ. Атмосфералық қысымның тірі табиғаттағы қолданылуы | Оқушылар өзіне бір затты алу арқылы кері байланыс береді Бүгінгі сабақ жөнінде стикерге рефлексия жазады | Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | |