Файл: Масаты Білімділігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Белгісіз соғыс. Интернационалист –жауынгерлерді еске алу күні. Әскердің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд,интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

І. Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.
ІІ. Ардагерлерді еске алу.
ІІІ. Қорытынды

Әнұран

І. Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен 
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. Аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған, талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз.
 
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.
Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Соғыстан қайтқандардың көпшілігі «ауған синдромынан» айыға алмай жүрді. 90-шы жылдардың басында өткізілген тест соғысқа қатысқандардың 30-40 пайызы кәсіби психологтардың көмегіне зәру болғанын көрсеткен. 
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

Қорытынды:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!