Файл: Хромопротеиндер Крделі ауызды ауыз емес компоненті Простетикалы топ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 187
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Жасушаның және біртұтас организмнің тыныс алуы мына күрделі ақуыздар қатысында жүреді: Хромопротеиндер
2. Күрделі ақуыздың ақуыз емес компоненті: Простетикалық топ
3. Ақуыздардың нативтік конформациясының өзгермей сақталуын қамтамасыз ететін арнайы ақуыздарды көрсетіңдер: Шаперондар
4. Гомеостаздың бұзылыстары кезінде жасушаішілік ақуыздардың құрылымы мен қызметінің өзгермей сақталуын қамтамасыз ететін құрылымдар:Шаперондар
5. Ақуыз молекуласында полярлы зарядталмаған радикалды аминқышқылдар арасында пайда болатын байланыстарды көрсетіңдер:Сутектік
6. Күрделі ақуыздың ең кіші суббірлігі болып табылады:Протомерлер
7. Тұқым қуалау аппаратында ақуыздардың мына құрылымы туралы ақпарат жазылған: Біріншілік құрылым
8. Ақуыз ерітіндісін сілтілендіргенде анион топтарының иондану дәрежесі: Жоғарлайды
9. Ақуыз ерітіндісін қышқылдандырғанда катион топтарының иондану дәрежесі: Жоғарлайды
10. Ферменттің белсенді орталығымен әрекеттесетін лиганд:Субстрат
11. Ферменттің белсенді орталығына дұрыс анықтаманы беріңіз:Бұл субстратпен қосымша байланысуға қабілетті және катализге қатысатын аймақ
12. Оксидоредуктазалар класына жатады:Дегидрогеназа
13. Протеазалар мына класқа жатады:Гидролаза
14. Протеолиздік ферменттердің субстраты болып табылады:Ақуыздар
15. Егер ортаның рН-ы ақуыздың изоэлектрлік нүктесіне сәйкес келсе, онда ақуыз молекулалары былайша сипатталады:Зарядтың болмауымен
16. Субстраттың ферменттің белсенді орталығымен байланысы мына принцип бойынша жүзеге асырылады:Комплементарлық
17. Атомдардың немесе атомдар топтарының молекулаішілік тасымалдану реакцияларын катализдейтін фермент:Изомераза
18. Миокард инфарктін бастан өткерген науқастың қанында ЛДГ (лактатдегидрогеназаның) мына изоформалары жоғарылайды:ЛДГ1, ЛДГ2
19. Ферменттің ақуыздық бөлігімен берік байланысқан ақуыз емес құрылымдық бөлігінің атауы:Простетикалық топ
20. Пепсиннің белсенді емес түрінің оның молекулалық массасының төмендеуі арқылы белсенді түрге айналу үдерісін атаңдар: Шектелген протеолиз
21. Ферменттің ақуыздық бөлігінің атауы:Апофермент
22. Кофермент және ферментативтік белсенділігі бар ферменттің атауы:Холофермент
23. Пируваткарбоксилаза ферменті мына класқа жатады:Лигаза
24. Жүрек ауруларының диагностикасында қолданылатын фермент:
Креатинкиназа
25. Киназалар мына реакцияны катализдейді:Фосфат тобын донор молекуласынан акцепторға тасымалдау
26. FAD-қа тәуелді оксиредуктазаар құрамына кіретін витамин:В2
27. Бәсекеге қабілетті ингибитор табиғатының фермент үшін мына қосылыстың құрылымдық аналогы болуында:Субстрат
28. Көбінесе диагностикалық мақсатта ферменттердің белсенділігін анықтау үшін қолданылатын биологиялық сұйықтық:Қан сарысуы
29. NAD+ коферменті қатысатын реакция түрін атаңыз:Тотығу-тотықсыздану
30. Катализге тікелей қатысуды қамтамасыз ететін ферменттің бөлігін табыңыз:Катализдік орталық
31. Субстраттардың биологиялық тотығу ферменттеріне мыналар жатады:Дегидрогеназалар
32. Ферменттің субстратпен әрекеттесетін бөлігінің атауы:Белсенді орталық
33. Бәсекелес емес ингбиторлар фермент молекуласымен мынадай байланыс түзу нәтижесінде ферменттік белсенділікті төмендетеді:Ковалентті
34. Энзимодиагностикада бауыр паренхимасы зақымданған науқаста анықталатын фермент деңгейі:АЛТ
35. Ферментке тән қасиет:Талғамдылық
36. Ферменттің аллостериялық орталығы бұл:Құрылымы бойынша субстраттардан ерекшеленетін төмен молекулалы заттар байланысқан фермент молекуласының учаскесі
37. Фермент ингибиторлары болып табылатын заттар:Ферментативті реакциялардың жылдамдығын төмендететіндер
38. В2 витамині мына коферменттің құрамдас бөлігі болып табылады: Флавинадениндинуклеотид
39. С витамині қатысатын биохимиялық үдерістер: Стероидты гормондар мен аминқышқылдарының гидроксилденуі, тотығы-тотықсыздану процестеріне
40. Тиамин витаминінің коферменттік формасын көрсетіңдер: ТДФ
41. В1 витаминінің жетіспеушілігінен туындайды:Бери-бери
42. Құрылысының негізі изоаллоксазин сақинасынан тұратын витаминді көрсетіңдер: В2
43. Пиримидиндік сақинасында электрондар мен протондарды қабылдауға және беруге қабілетті, коферменттік қызмет атқаратын витаминді көрсетіңдер: РР
44. Майда еритін витаминдерге жатады: А /ретинол/, Д /кальциферол/
45. РР витаминінің туындысы мына ферменттердің кофакторы: НАД тәуелді дегидрогеназалар
46. Рибофлавин витаминінің туындысы қатысатын биохимиялық үдерістерді атаңдар: Субстраттың дегидрленуі
47. В6 витаминінің коферментін көрсетіңдер: Пиридоксальфосфат
48. Құрылысының негізі пиридин сақинасы болып табылатын витаминді атаңдар: РР
49. Изоаллоксазин сақинасында электрондар мен протондарды қабылдауға және беруге қабілетті, коферменттік қызмет атқаратын витаминді көрсетіңдер:
В2
50. Аминотрансферазалар құрамына кіретін витаминнің белсенді түрін атаңдар: Пиридоксальфосфат
51. Родопсин құрамына кіретін витаминді атаңдар: ретинол
52. Витаминдердің туындылары атқаратын қызмет:Кофакторлық
53. Витаминдердің ағзада кофактор ретінде қызметін атаңдар: Ферменттің белсенді орталығымен байланысады
54. РР витаминінің туындысы қатысатын биохимиялық үдерістерді көрсетіңдер: Дегидрлену
55. Жетіспеушілігі қырқұлақ ауруына әкелетін витаминді атаңдар: С /аскорбин қышқылы/
56. Дегидрогеназалар құрамына кіретін витаминнің белсенді түрін атаңдар: НАД+
57. Карбоксилазалар құрамына кіретін витаминді атаңдар: Биотин
58. Қанықпаған жоғары майлы қышқылдар кешенінің атауы ... витамині: F
59. Д витамині түзілетін зат: 7-дигидрохолестерин
60. Ағзада биотин витаминінің туындысы қатысатын химиялық реакциялар: субстрат молекуласына карбоксил тобының қосылуы
61. Химиялық құрылысы бойынша А витамині мына қосылыс болып табылады: қанықпаған спирт
62. Суда еритін витаминдерге жатады:РР; В6
63. Декарбоксилазалар ферментінің құрамына кіретін витаминнің белсенді түрін атаңдар: Пиридоксальфосфат
64. Ағзада фолий қышқылының жетіспеушілігінен туындайды: Мегобластты анемия
65. Тиамин витаминінің тууындысы қатысатын биохимиялық үдерістерді көрсетіңдер: Кетоқышқылдардың тотығы декарбоксилденуі
66. Темірдің тотықсыздануына қатысатын және оның ішекте сіңірілуін жақсартатын витаминді атаңдар: С /аскорбин қышқылы/
67. Құрылым негізі пиримидин және тиазол сақиналарынан тұратын витаминді көрсетіңдер: В1
68. Д витамині ағзада мына иондар мөлшерін реттейді: СА2+
69. Антиоксиданттық әсері бар витаминді атаңдар: Е
70. Айқын білінетін қанау негізінде мына дәруменнің жетіспеушілігі жатыр: К
71. Катаболизмнің жалпы жолына түсетін субстрат:Ацетил-КоА
72. Катаболизм дегеніміз:Заттардың энергия бөле ыдырауы
73. Анаболизм дегеніміз:Қарапайым заттардан күрделі молекулалардың синтезі
74. Науқас дене температурасының төмендеуіне, дене салмағының артуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа шағымданады. Қан плазмасында тироксин мөлшері азайған. Дене температурасын реттеудегі тироксиннің биологиялық әсерін атаңдар: тироксин-Р/О ажыратқыщ, сондықтан АТФ синтезі төмендейді, энергияның көп бөлігі жылу түрінде түзіледі
75. Моносахаридтер катаболизмі жеке жолының өнімін көрсетіңіз:
Пируват
76. Катаболизмнің жалпы жолына жататын сатыларды көрсетіңіз:Пируваттың тотыға декарбоксилденуі және Кребс циклі
77. Төменде көрсетілген үдерістердің қайсысы катаболизмнің жалпы жолдарына жатады:Пируваттың тотыға декарбоксилденуі
78. Ақуыздар, липидтер, көмірсулар алмасуының ортақ аралық метаболитін көрсетіңіз:Ацетил-КоА
79. Субстраттық фосфорлану – бұл мына реакция:Субстраттардың макроэргиялық байланысуы
80. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы макроэргтерге жататындары:Креатинфосфат, АТФ, УТФ
81. Энергияға ең бай макроэргиялық қосылысты көрсетіңіз: Фосфоенолпируват
82. Тыныс алу тізбегінде электрондардың біріншілік акцепторы:FAD
83. Электрондардың оттекке тасымалдануын жүзеге асыратын ферменттер:Цитохромоксидазалар
84. Тыныс алу тізбегі ферменттерінің белсенді орталығына кіретін атомдар:темір, күкірт, мыс
85. ЭТТ-де NАDН-дегидрогеназаның простетикалық тобы: ФМН
86. NADH-дегидрогеназадан электрондарды қабылдайтын кешен:Убихинон
87. Құрамында b және с1 цитохромдары бар тыныс алу тізбегінің ферментін атаңыз:QH2 дегидрогеназа
88. ЭТТ-нің барлық компоненттері орналасқан орны:Ішкі митохондрия мембранасы
89. Күрделі ақуыздардың жіктелуі бойынша цитохромдар жатқызылатын қосылыстар:Гемопротеиндер
90. Электрондарды біріншілік донорлардан ЭТТ-не тасымалдауға қатысатын ферментті көрсетіңіз:Сукцинатдегидрогеназа
91. Тыныс алу тізбегінің ақуыз болып табылмайтын тасымалдаушысы:Убихинон
92. Электрондарды убихинонға FeS орталықтары арқылы тасымалдайтын фермент:Сукцинатдегидрогеназа
93. Тыныс алу тізбегінің соңғы өнімі: Су
94. Тыныс алу тізбегінің бірінші кешені ферментінің әсер ету механизмін атаңдар:НАДН-тан электрондарды қабылдайды және оларды Q коэнзиміне тасымалдайды
95. Электрондар тасымалдау тізбегінде цитохромоксидазаның ерекшелігі оның құрамында мына компоненттің болуына байланысты:Cu2+
96. Құрамында а және а3 цитохромдары бар тыныс алу тізбегінің ферментін атаңдар:Цитохромоксидаза
97. Активті орталығына темір және мыс атомдары кіретін ферментті көрсетіңдер: Цитохромоксидазалар
98. Тыныс алу тізбегінде электрондардың соңғы акцепторы:Оттегі
99. Тыныс алу тізбегі үдерістерінің дұрыс реті:НАД, ФМН, убихинон, цитохром b, цитохром с1, цитохром с, цитохром а, цитохром а3
100. Цианидпен уланғанда өлімнің себебін атаңыз:
цитохромоксидазаның тежелуі
101. Иіс газымен улану кезінде белсенділігі күрт төмендейтін тыныс алу тізбегінің ферментін атаңыз:цитохромоксидаза
102. Тыныс алу тізбегінде бірінші ферменттік кешеннен убихинонға электрондарды тасымалдау ингибиторы:амобарбитал
103. Цитохромоксидаза ингибиторы:Цианид
104. NADH- дегидрогеназа ингибиторлары:Ротенон, барбитураттар
105. Митохондрияда тотыға фосфорланудың жүретін орны:Митохондрияның ішкі мембранасы
106. Тыныс алу мен тотыға фосфорланудың қатар жүруі былайша аталады:Энергетикалық қосарланған
107. Тотыға фосфорлану Р/О коэффиценті дегеніміз:АДФ-тың фосфорлануына жұмсалған фосфор қышқылы санының, тыныс алу кезінде сіңірілген оттек атом санына қатынасы
108. ЭТТ-не протондар мен электрондар NADH-тан келіп түскенде Р/О коэффицентінің мәні:3
109. ЭТТ-не протондар мен электрондар FАDН2 -ден келіп түскенде Р/О коэффицентінің мәні:2
110. ЭТТ-де NADH-тан протондар мен электрондардың оттекке тасымалдануы кезінде қанша АТФ түзіледі:3
111. ЭТТ-де FАDН2-ден протондар мен электрондардың оттекке тасымалдануы кезінде қанша АТФ түзіледі:2
112. Тотыға фосфорлану процесінде АТФ синтездейтін фермент:АТФ-синтаза
113. Ұлпалық тыныс алу мен тотыға фосфорлану ажыратылуы кезінде орын алатын үдерісті атаңдар:АТФ түзілуі төмендейді және жылу өндіру жоғарлайды
114. Ұлпалық тыныс алу және тотыға фосфорланудың ажыратқыштарына жатпайтын қосылысты: барбитурат
115. ЭТТ ажыратқыштарды оқшаулаған соң жүретін үдерісті көрсетіңдер:АТФ синтезі қалпына келеді
116. Электрохимиялық потенциал жойылып, АТФ синтезінің тоқтауына әкелетін процессті көрсетіңдер:Тыныс алу мен тотыға фосфорланудың ажырауы
117. Тыныс алу мен фосфорланудың ажырауы кезінде орын алады:Электрохимиялық потенциал жойылып, АТФ синтезі тоқтайды
118. АДФ концентрациясының артуы мына үдеріске әсер етеді:тыныс алу мен фосфорлануды жылдамдатады
119. Кребс циклының ферменттерін көрсетіңдер:изоцитратдегидрогеназа
120. Берілген фрагмент: S → NAD+ → FMN(FAD) жатқызылады:ЭТТ
121. Микросомалық тотығу үшін сутек атомдарының донорын көрсетіңдер:НАДРН+
122. Егде жастағы адамда сүт ішкеннен кейін диспепсиялық бұзылулар (жүрек айну, құсу, диарея) байқалды. Ашытылған сүт өнімдерін қабылдағаннан кейін жоғарыда аталған құбылыстар орын алған жоқ. Осы патологияны тудыратын ақауы бар ферментті көрсетіңдер:Лактаза
123. Пируваттың тотыға декарбоксилденуі: