Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.уезов атындаы Отстік азастан университеті Жеке тапсырма Таырыбы Компьютерлік ойындарды жеткіншектер агрессивтілігіне сер етуді эксперименталды зерттеу жайы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




2. Зорлық – зомбылықты, соғысты насихаттайтын ойындардың балаға әсері

Қазіргі өмір аясында жасы кәмелетке толмағандар компьютерлік ойындар мен автомат-ойындар ойнайтын орындарға жиі барады.

Ғалым-зерттеуші А.Сидорованың 12-14 жастағы жасөспірімдерге компьютерлік ойынның әсерін білу үшін жүргізілген эксперимент нәтижесін талдау, оған келесі шешімді жасауға мүмкіндік береді:

1. Компьютерлік ойындардың жасөспірім психологиясына әсері барысында тітіркену, сезіктену, ойыншы тарапынан жағымсыз көріну секілді сезім артады.

2. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдер балаларға тән кішігірім бұзақылықта немесе жеңіліске ұшырауда өздерін айыпты санайды.

3. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдерде айнала қоршаған өмірге теріс қарау пайда болады (жақындармен ұрысу, айқайлау, басқаларды кемсіту)

4. Мұндай жасөспірімдер тек үстем-үстем сөйлеп қана қоймай, денеге зақым келтіру әрекетін де қолданады. Мұндай әрекеттерді ойын барысында ұтқандар мен ұтылғандарды бақылай отырып аңғаруға болады. Жасөспірімдер айқайлайды, қасындағы заттарды лақтырады, сындырады, дүлейді айналасындағыларға шығарады.

Компьютерлік ойындармен ұзақ ойнаған сәтте жасөспірімдер ойын әсерінен ұзақ мерзімге дейін айыға алмай, тұрып қалады, яғни ойынды аяқтаса да жасөспірімдер біршама уақыт қиялдан айыға алмайды (психологиясына орай ойынның қиялы шеңберінен шығу мерзімі Компьютерлік ойындар мазмұнын талдау барысында оның 50%-ң зорлық-зомбылық актілерінен тұратыны анықталады:

* Компьютер залына келушілерге жеткілікті компьютерлік ойындардың барлығы дерлік қылмысқа, қияли жағдайға және спортқа бағытталған интерактивті әрекетке арналған;

* Компьютерлік ойындар тақырыбының 15%-ы ешқандай зорлықты дәріптемейді. Бұл ойындар денінен спорт тақырыбына арналған;

* Компьютерлік ойындардың 48%-ы интерактивті көрініс әртүрлі адам өлтіруді енгізген(”Doom”, ”Young Blood”, ”Final doom” т.б,);

* Компьютерлік ойындардың 31%–ы интерактивті төбелес көрінісіне негізделген: «Kensie» «Hercules» және т.б.

* Компьютерлік ойындардың 75%-ы күш көрсетудің ең болмағанда 1 түрін қамтиды. Көптеген ойындарда күш көрсету бірнеше түрде, яғни төбелес, кісі өлімі, зорлау, алапат және т.б., көрініс береді.


Зорлық-зомбылыққа негізделген компьютерлік ойындардың жасөспірімдер түйсігіне әсері проблемасын біржақты қарастыруға болмайды. Зорлық-зомбылық элементі бар компьютерлік ойындарды ойнау және өмірде күш көрсету – әртүрлі жайт. Бірақ зорлық-зомбылыққа ойын арқылы интерактивті қосылу оны әдетке айналдырады, аяныш білдіру, толғану, мүсіркеу және т.б. сезімдері ысырылады. Өмірде олар үшін адамды тапаншамен немесе автоматпен атып тастау, электроарамен кесіп жіберу, бомбамен бірнеше бөлікке бөліп тастау түк емес болып көрінеді.

Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса, ол біздің ақылды, сүйкімді, қайырымды досымыз бола алады. Компьютер- бұл бірнеше түрлі денсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптеген электромагниттік сәулелерді зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екенін дәлелдеді.

Күнімізде техниканың дамығаны сонша оны керекті әжетімізге пайдаланғанымызбен қоймай, сонымен ойнайтын әдетті шығардық. Уақытты өлтіру үшін компьютерлік ойындар, расында, тиімді. Өйткені, көшедегі ойын автоматтары секілді киім киіп алып сыртқа шығып жүрмейсіз, құмар болып ақша тікпейсіз. Яғни тегін ойнайсыз.

Әр нәрсенің жақсы жағы мен жаман жағы бар екенін бәріміз бес саусағымыздай білеміз. Осы тәп-тәуір білгенімізден, жанымыз келесі бір жақсылыққа құштар болды. Сонда компьютерда тек жақсы жұмыс емес, онда ойындарды ойнасақ, сосын ойнаған ойынымыздың сапасын жақсартсақ дұрыс болар еді деген ниеттің болғаны бар. Содан келіп барлық компьютер шығаратын өндірушілер оларға арнап ойындарды да көбейткені рас-ақ. 
Сол ойындардың ішінде қауіпті бірнеше ойын бар. Олар: GTA, Warcraft, Starcraft, Diablo, Stronghold, Dota. Кейінгілері жайында келесі блогтарда жазамын, бұйыртса. Әзірге соның бірегейі болып саналатын мына GTA ойыны туралы хабар берсем деймін. 

Жалпы ойын былай басталады. Бір жігіт Американың бір штатында жүреді. Қайдан, қалай келгені белгісіз, біреу қоңырау соғып оған миссиясын баяндайды. Сол миссияны орындау үшін ол пәлен жердегі біреудің қалдырып кеткен ұртоқпағын, біреудің көйлегін, тартып алады. Полициядан қаруын алып қойып, оған оқ атады. Сөйтіп жүргенде, оған байлар қосымша тағы миссия береді. Пәлен жерде біреу ақша алып барады, соны тоқтатып ақшасын 2 минуттың ішінде алуың керек дейді. Сөйтіп құмсағатын төңкереді. Сол уақыттың ішінде бітпесе, сол миссияны сол 2 минут ішінде бітіру үшін қайта ойнайды. Енді ойланып қараңыз, бұл ойында ойыншыға еркіндік берілген. Белгілі бір ақшаның көлемін жинап алса, танк алып қалада жүреді. Немесе тікұшақпен ұшады. Көшедегі шал болсын, кемпір болсын, үлкен болсын, кіші болсын ұрып, соны өлтіргеніне ақша алады. Бұндай ойындар баланың психологиясына әсер етіп. Сол әрекеттерді өмірде қайталауға себін тигізеді.



Компьютермен ұзақ үздіксіз жұмыс істеу кезінде, бір ойынды қайта-қайта ойнаудан, ойнау барысында ызаланып, ренжіп, ашулануда адам психикасына зақым келтіріп отырды және көздің қажетті демалу фазасы болмайды, олар шаршайды және жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Көру мүшесіне үлкен күш ақпаратты енгізу кезінде, сондай-ақ пайдаланушы экраннан мәтінге, клавиатураға үнемі қарау қажеттілігінен, әр түрлі ара қашықтықта және жарықта болғанда өткізеді. Ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып, майда әріптерді, сандарды оқуға, ойлануға тура келеді. Осылардың бәрі көз бұлшық еттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербілестері де оған әсер етеді. Компьютерлік көру синдром белгісі көрудің төмендеуі, жақын заттардың алыстауы фоксировкасының ақырындауы және керісінше заттардың екеу болып көрінуі, оқу кезіндегі тез шаршау, көздің қышу сезімі, қабаққа құм тығылғындай сезіну, көздің қызаруы, көздің қозғалуы кезінде көз алмасы мен шекенің ауырсынуы байқалады. Компьютерлік көру синдромы қолданушыларда экран алдында үздіксіз екі сағаттан кейін, көпшілігі төрт сағаттан кейін және барлығында алты сағаттан кейін алғашқы белгілері байқалады. Экраннан ақпаратты оқу оны енгізуге қарағанда қиынырақ болады.

Бұл кестеде жыл сайын көру қабілеті төмен балалардың саны көбеюде.

Сонымен компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан - оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ, өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.

Және де... Тағы бір фактор- нервтік-эмоциональдық жүйеге күш түсуі. Компьютермен қатынасу кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.

Компьютерлік ойындардың жақсы да жаман да жақтары бар:

Жақсы жақтары:

Компьютерлік ойындар балаларды дамытады:

—       көңіл аударуды жылдамдатады;

—       саусақтардың қозғалу шапшаңдығы;

—       объектіні визуалды қабылдау;

—       назар және есте сақтау қабілеті ;

—       логикалық ойлау;

—        көздің шапшаң қабылдауы.

Компьютерлік ойындар балаларға үйретеді:


—      қорыту және сараптау;

—      аналитикалық ойлау;

—      өз мақсатына жету;

—      интелектуалдық қабілеттерін дамыту.

Жаман жақтары

Егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады. Жақсысының бәрі шектен шықпау керек. Жақсы керемет ойындардың балаларға пайдасымен қатар зияны да болуы мүмкін.

Компьютердің алдында көп отыра берсе, көздің көруі нашарлап және психологиялық тұрғыда бала виртуалды әлемге тәуелді болады. Тәртіпті сақтайтын жанұяларда ондай мәселе туындамайды.

Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады. Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса, үлкендердің  істейтін қателіктерін қайталамау керек.

Балаларды қорғау мақсатында көпте­ген елдерде компьютерлік клубтардың жұ­мысы қатаң бақылауға алынып, жеткін­шек­тердің клубқа кіретін, онда өткізетін уақы­ты шектелген. Бүгінгі таңда біздің елімізде де бала­лардың денсаулығына, дұрыс өсуіне зиян келтіре­тін ақпараттардан қорғау мақ­сатын­да бірқатар заңдар қолға алынып жатыр. Соның бірі – компью­тер­лік клуб­тар­да зорлық-зомбылық сипатқа негізделген ойын­дар­дың бол­мауы. Алайда бала мәселесі сөз болғанда тек заң қабылдаумен шек­теліп қалуға болмайды. Бұл жағдайда ата – ана тарапынан да бақылауға алу керек.

Ұсыныс

  1. Компьютер және ұялы телефон ойындарының тек пайдалы түрлерін қолданса;

  2. Ата – аналарға, балаларға қандай ойындарды ойнауға болады, қандай ойындар ойнауға болмайтындығы туралы мағұлмат берілсе;

  3. Зорлық – зомбылыққа тәрбиелейтін ойындар ойнауға ата – ана тарапынан шектеу қойылып, қадағаланса.

Қорытынды

Компьютер адам заттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмйтындай дәре жеге жеті. Бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қолданатын бұл құрылғыда түрлі қызықты ойындар да бар. Сондай-ақ іш пыстырмайтын бұл ойындардың жоғарыда айтып откенімдей пайдалы түріде зиянды түріде бар. Соның ішінде қазір таңда зиянды, атыс – шабыс, соғысу ойындары балаларды көп қызықтырып барады. Бұл заманымызға кері әсерін тигізеді. Соның салдалдарынан түрлі бұзықтық, зорлық – зомбылық әрекеттері көбейеді. Осы орайда болашаққа нық қадам басып келе жатырған жас ұрпаққа дамыған технологиялардың тек пайдалы жақтары көп насихатталса. Ойындардың пайдалы және зияны түрлерін түсіндіріп, олардың әрекеттері дұрыс емес екендігіне көз жеткізілсе.

Қорыта келе жоғары да айтып өткенімдей пайдалы ойындар көптеп таралып, балалар қауіпсіз өссе деймін. Осы тақырыпты зерттеу барысында сыныптастарымызға жүргізген сауалнамадан соң, оларға кішігірім түсіндіру жұмыстарын жүгіздік. Сыныптастарымыз зиянды ойындардан бастартуға, пайдалы ойындарды ойнауға сөз берді. Бірақ, бұнымен шектеліп қалмай ата – ана тарапынан да қадағаланып отыруы керек деп ойлаймын. Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ұлттық ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге және ұялы телефонға деген тәуелділікке әкеліп соғады. Сондықтанда жоғарыда айтылған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.

  • 1-4 сынып оқушыларытәулігіне 30-40минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне40-50 минут, 9-11сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмау

  • бала монитордан 60-70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн, компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.

  • Компьютермен жұмыс істегенде ыңғайлы орындықты қолданыңыз.

  • егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көз әйнекті пайдаланыңыз.

  • өз көздерiңізге демалыс беру үшін көз жаттығуларын жасаңыз.

  • баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Источник: http://ecowoman-kazaskiy.tk/articles.php?id=31869

  2. Жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен мейірімсіздікті насихаттайтын өнімдерді таратуды мониторингілеу мен бақылау жасау, ондай фактілерді болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар

  3. http://www.dalanews.kz/ojkazan/ojyny-kanbagan-bala/

  4. http://www.info-tses.kz/news/kompyuterd