Файл: Эказамен Казахский Лексикалы таырыптар. улет дстрі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
“
Эказамен Казахский
-
Лексикалық тақырыптар.
-
Әулет дәстүрі
Біздің әулеттің дәстүрлері.
Дәстүр әр әулетте жеке жеке болады ма? Салт-дәстүр дегеніміз халықтың, бір ұлттың, елдің - ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қалдыратын бір мұрасы,- деп есептеймін. Ол дәстүрлердің бәрі қазір араласып кетті. Сол дәстүрлердің ішінде біздің әулетте қатты ұстанатыны, үлкенді сыйлау, бір ірі істерді атқарарда әулеттегі барлық ағайындардың жиналып ақылдасуы. Қажет жағдайларда бір-біріне көмектесуі, әулет ақсаланың сөзіне құлақ асу. Міне, біздің әулет дәстүрі, осындай.
-
Отбасы құндылықтары
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
-
Өзара түсіністік пен сыйластық -
Қамқорлық ережелері -
Неке дегеніміз не?
Неке дегеніміз ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз.
-
ОТбасы құру ережелері
Отбасылық өмір міндетті түрде бір-біріне қатысты шындық пен шынайылықпен басталуы керек. Болашақ ерлі-зайыптылар өз іс-әрекеттерін білуі керек, таңдалғанды таңдағанына сенімді болулары керек.
Отбасы - бейбіт өмір сүру үшін өздерінің кішігірім заңдарын құруға және оларды құрметтеуге тиіс шағын қоғам. Отбасы мүшелерінің моральдық ережелері:
-
ең жоғарғы құндылық ретінде бір-бірін тану қажет; -
жанқиярлық қамқорлық және әйелге деген сүйіспеншілік; -
отбасының барлық мүшелерінің өміріне жанашырлық пен қатысу, құтқаруға және қолдау көрсетуге дайын болу; -
отбасының ортақ игілігін алға жылжытуға саналы ниет; -
өзімшілдіктен бас тарту және басқалардың мүдделеріне назар аудару.
Отбасындағы қарым-қатынас пен қарым-қатынас ережелері отбасы мүшелерінің рөлін тануға негізделуі керек. Барлығымыз әлеуметтік рөлдерді ойнаймыз. Ата-аналармен әрқайсымыз баланың рөлін орындаймыз, жұмыс кезінде әріптестеріміз, әріптестеріміз, институтта - студенттер. Отбасында, кез-келген қоғамдағыдай, бізде де белгілі «партиялар» бар. Әйел бала-шағасы мен анасы ретінде әрекет етеді. Бұл дегеніміз, күйеуі мен балалары туралы қамқорлық оған ең маңызды болып табылады. Жұбайға құрметпен қарау, ол отбасының басы екенін, махаббат пен онымен бірге болуға деген ықыластарын - балалардың көзқарасын білу керек. Олар өте сақ, әр сөзді «түзетіп, ата-аналарын барлық жерде көшіріп алыңыз». Сондықтан олар лайықты үлгі көрсетуі керек.
Отбасылық өмір міндетті түрде бір-біріне қатысты шындық пен шынайылықпен басталуы керек. Болашақ ерлі-зайыптылар өз іс-әрекеттерін білуі керек, таңдалғанды таңдағанына сенімді болулары керек.
Отбасы - бейбіт өмір сүру үшін өздерінің кішігірім заңдарын құруға және оларды құрметтеуге тиіс шағын қоғам. Отбасы мүшелерінің моральдық ережелері:
-
ең жоғарғы құндылық ретінде бір-бірін тану қажет; -
жанқиярлық қамқорлық және әйелге деген сүйіспеншілік; -
отбасының барлық мүшелерінің өміріне жанашырлық пен қатысу, құтқаруға және қолдау көрсетуге дайын болу; -
отбасының ортақ игілігін алға жылжытуға саналы ниет; -
өзімшілдіктен бас тарту және басқалардың мүдделеріне назар аудару.
Отбасындағы қарым-қатынас пен қарым-қатынас ережелері отбасы мүшелерінің рөлін тануға негізделуі керек. Барлығымыз әлеуметтік рөлдерді ойнаймыз. Ата-аналармен әрқайсымыз баланың рөлін орындаймыз, жұмыс кезінде әріптестеріміз, әріптестеріміз, институтта - студенттер. Отбасында, кез-келген қоғамдағыдай, бізде де белгілі «партиялар» бар. Әйел бала-шағасы мен анасы ретінде әрекет етеді. Бұл дегеніміз, күйеуі мен балалары туралы қамқорлық оған ең маңызды болып табылады. Жұбайға құрметпен қарау, ол отбасының басы екенін, махаббат пен онымен бірге болуға деген ықыластарын - балалардың көзқарасын білу керек. Олар өте сақ, әр сөзді «түзетіп, ата-аналарын барлық жерде көшіріп алыңыз». Сондықтан олар лайықты үлгі көрсетуі керек.
-
Адамгергершілік әліппесі
8.Мәдениет және білім
Әрине білімді адам қай жерде болса да ерекше. Бірақ ол адамда адамға деген құрметі болмаса,білімі құнсыз. Адам бірінші мәдениетті бірінші орынға қою керек. Мәдениеттілік адамгершіліктің белгісі. Ал адамгершілік-қашанда білімнен жоғары. Білімді адам әрине бәрін ақылға салады. Бірақ жүрек деген нәрсе бар. Бір сәтке болса да жүрек еркіне беріп,адамгершілікке салу керек.Мәдениетті адам өзінің білімділігінде жүйелі көрсете алады.Білім мен мәдениетті тең ұстайық.
9.Ұрагатты ұрпақ
Тәуелсіздігімізді алып бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтың тәрбиенің алатын орны ерекше.Халқымызда «Баланы – жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан салт дәстүрді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін бере білсек, бұл бала тәрбиесіне қосқан үлкен үлесіміз болып табылады. Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес , сонымен қатар мектепке дейінгі ұжымның да қосар үлесі көп. Білім мен тәрбие өзегі – балабақшадан бастау алатыны баршамызға мәлім.
Бала бойына жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі де тәрбиелі болуына тәрбиешілердің де алатын орны ерекше. Ата-аналарымыз тәрбиеші мен тығыз қарым-қатынаста болып, баланың дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етсе, жас бүлдіршіндеріміз саналы боп өседі деп ойлаймын. Балал
арымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәрбиелі ұрпақ екенін естен шығармауымыз қажет. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршамызға ортақ, әрі міндет.
Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тірбиелеу өз қолымызд10
а. Ұрпақтарымыз ұлағатты болсын десек, «ұлы сөзден – ұлағат» екенін ұғындыра білуіміз қажет. Сонда ғана «ұлтым» деп мақтанатын болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналатын ұрпақ болатыны сөзсіз.
-
Мүмкіндік пен қажеттілік -
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы.Есейе келе өскенде қандай мамандық иесі боламын деп ойланасың.Ең бастысы мамандық таңдауда адам қателеспеуі керек.Мамндық таңдауда сол мамандыққа қызығушылық және икемділік болу керек.Себебі ол болашағың,егер өзің қаламайтын мамандыққа түссесін кейіне қарай оқығыңда ол мамандыққа қызығушылығың болмай істегің келмейді.Мамандық таңдауда өз ерекшеліктері бар.Ең бастысы өз қалауың болуы керек сол мамандыққа.Аянбай еңбек етсең бәрі болады.
-
Қабілет пен мүмкіндік -
Еңбек өнімділігі:сапа мен көлем -
Табысты ұрпақ
Қазіргі уаққытта ақша өмірдегі ең маңызды нәрсе. Көптеген адамдар ақша табуға тырысады.Ақшаны адам ақшаның құлыболу үшін емес,өмір сүруге көмектесу үшін ойлап тапқан.Өкінішке орай,қазіргі өмәрде ақшасыз өмір сүру мүмкін емес.Ақшасыз киім-кешек,тамақ және тағы басқа заттарды сатып ала алмайсыз.Осыған байланысты көптеген адамдар табысын арттыруға тырысады,және ақшаны табу үшін адамдар көптеген тірліктерге барады.
-
Ақша және адамдар
Ақша — адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
-
Отбасы бюджеті
Отбасы бюджеті − отбасы кірісі мен шығысын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Қаржы жоспарын дұрыс құру мен нақты орындау отбасы мүшелеріне тікелей қатысты. Мамандар отбасының қаржылық жоспарын құру сіз таңдаған бюджет түріне байланысты екенін айтады, яғни алдымен бюджет түрін анықтап алған дұрыс. Оған төмендегі 3 категория кіреді:
1.Бірлескен отбасылық бюджет;
2.Бөлек отбасылық бюджет;
3.Араласқан отбасылық бюджет.
Бірлескен отбасылық бюджет деп − ерлі-зайыптылардың кірістерін бірге жинақтап, қаражатты барлық отбасы шығыны мен жеке шығындарға жоспарлы түрде жұмсауын айтамыз. Көп отбасылар осы тәсілді қолданады.
Бөлек отбасылық бюджетте әр отбасы мүшесі өз табысына жеке иелік етеді. Мұндай отбасылар батыс мемлекетінде жиі кездеседі. Олар бір-бірне қаржы жағынан тәуелді болғысы келмегендіктен, отбасы шығынын жеке төлейді, тек аса көп қаражат қажет шығындарда ғана бірлесіп шешім қабылдайды.
Араласқан отбасылық бюджет − бірлескен және бөлек отбасылық бюджет сипатына ие қаржылық жоспар. Бұл жерде отбасы мүшелері бірлесіп ақша жинайды, алайда оған барлық табысын бермейді, алдын-ала келісіп жоспарланған соманы ғана жинап отырады. Ал табыстың қалған бөлігін өз қалауынша жұмсайды.
Әдетте отбасылық бюджетті есептеу барысында келесі айда жұмсалатын шығын мен кіріс назарда болады. Осы орайда барлық отбасы шығыны, балаларды қамтамасыз ету, отағасының және әйелінің жеке шығынынан бөлек, жуық арада болуы мүмкін тосын жағдайға қаржы қарастырған дұрыс.
-
Ақша жұмсай білесіз бе? -
Бос уақытта өткізу мәдениеті