Файл: Эказамен Казахский Лексикалы таырыптар. улет дстрі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



.

  1. Граматикалық сұрақтар.




  • ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ
    Жіктеу есімдігі белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.


Олар мынадай:

жак

жекеше

түрі

көпше

түрі

/

II сыпайы III


мен

сен

сіз

ол


біз,

біздер

сендер

сіздер

олар



Бірінші жақ — айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тындаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жак. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма . Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.

  • Сілтеу есімдігі

Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады.
Сілтеу есімдігі қай?қайсы? деген сұрауларға жауап береді.

Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктері қай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр.
Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл-бұлар, сол-солар, осы-осылар, анау-анауым-анауық-анаулары т. б.



  • МОДАЛЬ СӨЗДЕР

Модаль сөздер— сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Қазіргі қазақ тілінде модальдылықты толық мәнді есім де, етістік те, көмекші сөздер де білдіреді. Модаль сөздер есімді (керек, қажет, тиіс, сияқты, сықылды, тәрізді, секілді, мүмкін, бәлки, бәлкім, әрине, әлбетте, рас, анығынан, шамасы, тәрізді) және етістікті (екен, шығар, болар, дейді, көрінеді, білем) деп екіге бөлінеді. Бұлардың модальдылық сипаты бірдей емес. Әрине, мүмкін сөзінің лексикалық мағынасының өзі әуелден модальды. Ал білем, көрінеді т. б. сөздердің лексикалық мағынасының сыртында модальдылық та мағына бар. Мысалы: Мен оны жақсы білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді. Мұндағы білем, көрінеді етістіктері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында жұмсалған. Мені оятқан сен білем, Кешегі облысқа кеткендердің бірі Асқар көрінеді дегендерде бұлар таза модальдылық мағына білдіріп тұр. Сондай-ақ қажет, керек, мүмкін, рас модаль сөздерін де дәл осы тұрғыда алып қарауға болады. Модаль сөздер сөйлемнің баяндауышының құрамында жұмсалады. Кейбірі қыстырма сөздердің қызметінде қолданылады. Мысалы, 

Рас, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ (Мұхтар Омарханұлы Әуезов). Мүмкін, олар үйде жоқ (Н. Ғ.). Модаль сөздер мен қыстырма сөздерді шатастыруға болмайды, бұлар - өзіндік ерекшеліктері бар екі түрлі грамматикалық категориялар. Модаль сөздер баяндауыш құрамында жұмсалғанда көбіне келер шақта келеді (Олар келген кезде менің жұмыста болуым мүмкін. Байдалыға соларды салу қажет (М. Ә). Модаль сөздер болжалдық, міндеттілік, мүмкінділік, қажеттілік т. б. мағыналарда қолданылады.


  • КӨМЕКШІ СӨЗДЕР.

Көмекші сөз деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я мүлдем жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды немесе күрделі мүшенің құрамына енеді немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды.Көмекші сөздердің бір тобы зат есімдер сияқты септелетіндігін көрсетеді де, оларға: Ара, ард, ашага, аст, орта, уст, ич, ичери, илери, гери, диіире, гаршы, ен, йокгоры, чауре сияқты сөздерді енгізеді. Бұлар қазіргі кезде көмекші есімдердің негізгі тобы ретінде алынып жүргені сыр емес. Көмекші сөздерді морфологиялық белгісіне қарай екіге бөледі де, бір тобын түрленбейтін, қосымша қабылданатын көмекшілер десе, екінші тобын тәуелдік жалғауын, септік жалғауын қабылдамайтын көмекшілер деп көрсетеді.


  • ШАРТТЫ РАЙ

Шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.

Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бірақ шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты райдағы етістік жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап, аяқтап тура алмайды: басқа бір етістікпен кейде көмекші етістікпен іліктесіп, тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады. Мысалы: …Жарқырап бір көрінсек дейміз (Ғ. Мұст). Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа (мақал). Бірінші мысалда көрінсек деген шартты райлы етістік дейміз көмекші етістігімен тіркесіп келуі арқылы ғана сөйлемді аяқтап, тиянақтап, ойдың шартын білдіріп тұрса екінші мысалда жанассақ деген шартты райлы етістік II жақта жұмсалып бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылған, басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді, бірақ өзі сөйлемді тиянақты ете алмай тұр.
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.
Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: I жақта жекеше -м, көпше -қ, -к, II жақта анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ндер, сыпайы жекеше -ңыз, -ңіз, көпше -қыздар, -қіздер жалғаулары жалғанады да, III жақтың арнайы жалғауы болмайды.

Шартгы райдың жіктелу үлгісі.

Жақ жекеше көпше
I. барсам, көрмесем, оқытсам барсақ, көрмесек, оқытсақ
II. барсаң, көрмесем, оқытсаң барсаңдар, көрмесеңдер, оқытсаңдар
барсаңыз,көрмесеңіз,
оқытсаңыз

барсаңыздар, көрмесеңіздер, оқытсаңыздар
III. барса-, көрмесе-, оқытса- барса-, көрмесе-, оқытса-,
Ескерту: 1. Шартты рай жұрнағы -са, -се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс-әрекеттің болу шартын білдіре де бермейді. Мысалы: Мен болсам ауылда калдым.



2.Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы кызметінде келіп, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылаумен тіркесіп, қарсылықты мағынаны білдіреді. Мысалы: Мен келсем, сен кетіп қалыпсың..
3. Шартты райлы етістік I жақ жіктік жалғауында тұрып, оған -шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Мысалы:Ауылға барғанша, кұрылысқа қалсаңшы.



  • ШЫЛАУ СӨЗДЕР

Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды.

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:

  1. Септеуліктер

  2. Жалғаулықтар 

  3. Демеуліктер




  • ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ




  • ЕТІС ФОРМАЛАРЫ

Етіс – қимылдың іс-әрекеттің орындаушыға қимыл иесімен тура істелетін істің қатысын білдіру үшін, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі.
Яғни, етістіктен етістік тударатын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты.

1.Негізгі етіс - өзге етіс формаларына негіз болатын форма. Негізгі етістің арнаулы жалғаулары болмайды. Оған түбір я туынды етістерінде күрделі етістерінде негіздері жатады. Мысалы: Бар, кел, сөйле, қуан, шөлде, ақта, қарайла, боян, ән сал, түсінп ал, сұрап қой және т.б.

2. Өздік етістік - қимылдың, іс-әрекеттік орындаушысынан, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден –ін, -ың, -н, жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрі. Мысалы: таң атқанша тарандық.

3. Өзгелік етіс-қимылдың іс-әрекеттің сөйлемдегі іс-иесі тікелей өзі емес, екінші басқа субъекет, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, мына жұрнақтар арқылы жасалынып тұр: - ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: -отыр-ғыз, -кір-гіз, т.б.
-дыр, - дір, - тыр, -тір, -ыр, -р: сал-дыр, сен-дір, тік-тір, т.б.
-т: жаса-т, сөйле-т, т.б.
Іс-әрекетті біреу арқылы істеп отыр.

4. Ырықсыз етіс - іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрінеді. Мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ыл, - іл, - л, -ын, -ін, -н: айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды.

5.Ортақ етіс – қимыл іс-әрекеттің иесі орныдаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы негізгі етіс формасынан жасалатын етіс. Мысалы:Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Ол бізге үй сал-ыс-ты.
Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та беріледі: сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды, т.б.
- ла+ с формаларының біріккен құранды –лас (-лес,-дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер ортақ етіс мағынасын білдіреді. Мысалы: ақыл-дас, араз-дас, мұң-да
сс, пікір-лес, және т.б.






  • ЫРЫҚСЫЗ ЕТІС

Ырықсыз етіс Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т. б.


  • ЕСІМШЕНІҢ СЕПТЕЛУІ

Есімшенің септелуі
А
тау септік. көрген, келер, бермес, баратын, алмақ
I
лік септік. кереге-нің, келер-дін, бермес-тің, баратын-ның, алмақ-тың
Б
арыс септік. көрген-ге. келер-ге, бермес-ке, баратын-ға, алмақ-қа
 
Т
абыс септік. көрген-ді, келер-ді, бермес-ті, баратын-ды, алмақ-ты
Ж
атыс септік.көрген-де, келер-де, бермес-те, баратын-да, алмақ-та
Ш
ыгыс септік.көрген-нен, келер-ден, бермес-тен, баратын-нан, алмақ-тан
К
өмектес септік. корген-мен, баратын-мен
Ескерту: есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды.



  • СӨЗ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚТАР

  • СҰРАУ ЕСІМДІГІ

Сұрау есімдігі
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына колданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін?


Сұ