Файл: стірт жалпы білім беретін мектеп кмм аылшын тілі пні малімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Үстірт жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Төребалаева Гүлнұр Ораховнаға әріптесінің
Пікірі
2007 жылдың қыркүйек айынан бастап Төребалаева Гүлнұр әріптес болып келемін.
Шет тілі әдістемелік пән бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Сөзімнің дәлелі: пән апталықтарында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени – көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы.
Ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.
Гүлнур өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.
Гүлнур - жаны таза, ұқыпты адам. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Екі баланың анасы, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.
Мен Төребалаева Гүлнұр туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам деген пікірдемін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Т.Баймуханова