Файл: Мерзімі 28. 04. 2015 жыл Пн аты аза дебиеті Сыныбы 9 Сабаты таырыбы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мерзімі: 28.04.2015 жыл
Пән аты: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесі
Сабақтың мақсаты:
білімділік романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқушыларға романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру; «Ұлпан» романының қазақ прозасының ішіндегі ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін таныту.
дамытушылық оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу, басты кейіпкерлер өмірде болғандығын, оның тарихи типтік образдарын өзара кеңесе отырып, жеке және топтық жүйеде талқылау жұмысына үйрету, оқушыларды проблемалық сұрақтарды шешуге баулып, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, әдеби тілін дамыту.
тәрбиелік асылдың сынығындай ардақты, киелі тарихи адамдардың бейнесін тани білуге баулу, Ұлпан ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей отырып, үлгі ету, мейрімділікке, ананы сүюге, оқушыларды адамдық рухани қасиеттерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: диалогтік әдіс, сұрақ ,,,,жауап, топтастыру, салыстыру, “Мозайка” әдісі, “Детальқос” әдісі, “Әдеби көкпар” ойыны, семантикалық карта, кубизм тәсілі, “Венн диаграммасы” т.б.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай әдеби кітаптар, рефераттар, плакаттар, слайдтар, сөзжұмбақтар, кубик, т.б.
Сабақтың түрі: шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақтың типі: жаңа білімді бекіту
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен сәлемдесу, кезекші мәліметін тыңдау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару. -
Кіріспе: Өресі биік өнер иесі, әдебиетке 20 - жылдардың екінші жартысында келген жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың қаламынан туған бірнеше шығармаларымен, мазмұнымен, тақырыбымен танысып келдік.
Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында аяулы, асыл, қасиетті аналар образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер жазушы. Ғ. Мүсіреповтың шығармалары қандай тақырыптарға арналады?
Жауап: Отан, туған жер, өнідіріс, табиғат, махаббат, ерлік.
Ана, әйел тақырыбында: “Өлімді жеңген ана”, «Ер ана», Ақлима, «Ананың анасы», «Ұлпан», «Ананың арашасы».
«Ұлпан» романын қысқаша қайталау мақсатында «Деталь қос» ойынын жүргізу. (Ұлпан....)
“Мозайка” әдісі бойыншаоқушыларға жасырынған суретті дұрыс құрастыру арқылы өз топтарын табу, топ ережесімен таныстыру. (“Есеней” және “Ұлпан” тобы) Бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстырып, «Ұлпан» романындағы кейіпкерлерді талдап, кім екендерін танитынымызды ескертемін.
Қандай кейіпкерлерді білеміз? (Ұлпан, Есеней, Еменалы, Артықбай, түркпен Мүсіреп, аңшы Мүсіреп, Торсан, Шынар, Жәуке, Несібелі, Біжікен, т.б.)
II Үй тапсырмасын тексеру
“Ұлпан” романын оқу, сюжеттік жоспар құру.
Сюжеттік жоспар:
-
Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы, Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі. -
Ұлпанды құтқаруы. -
Ұлпанды айттыруы. -
Той қамы, Есенейдің билік құруы. -
Ел қарызын өтеуі. -
Орыс үйіне келуі,тіршілік бейнесі. -
Есенейдің құлауы, Ұлпанның Ақнар атануы, айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. -
Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан. -
Ұлпанның қарғысына ұшыраған - Торсан
«Ұлпан» романы 3 бөлімнен, 24 тараудан тұрады. «Ұлпан» романында негізгі қосалқы, үлкенді кішілі тоқсанға жуық кейіпкер бар. Шығарманың оқиғасы XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан, Есеней, Мүсіреп, тәрізді кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Романның атына лайық, оның ең басты кейіпкері - Ұлпан. Ұлпан- романтикалық характер. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген. «Ұлпан» романын жазудан бұрын жазушы 1941 жылы Қызылжардан Қожабай көлінің маңындағы Лебяжі теміржол станциясына алып келеді. Осы станция Сибан зиратының маңынан өткен екен.Сол кезде зират аралап жүріп Исахмет молдаға кездеседі… Қазірде бұл “Ұлпан” станциясы деп аталады екен. 1974 жылы роман дүниеге келеді. Романда 100 жылдық тұрмыс суреттеледі.
Негізгі оқиға желісі: Ұлпанның ақылдылығы арқасында бүкіл Сибан елінің ел қатарына қосылуы. Ұлпанның ерен еңбегі, ақылды жомарттығының арқасында ел анасы атанып, дүниеден бақытсыз болып өтуі.
III Жаңа сабақ
А ) Жаңа сабақты өрбітуге кубизм тәсілін қолданамын. Оқушының көзқарасы мен өз пікірін қорғау шеберлігі есепке алынады.
1. Суреттеңіз: романға сатылай кешенді талдау жаса
(Шығарманы сатылай кешенді талдау:
Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
Шығарманың авторы. Ғ. Мүсірепов
Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
Жанры: проза (роман)
2. Салыстырыңыз: 20 - жылдарда жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз. (М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін анықтау.
Ұлжан --------------------------------- Ортақ қасиеттері ----------------------------------- Ұлпан.)
3. Зерттеңіз: Шығармада шешендік сөздердің, мақал,,, мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз.( «Сорлының зары арлыға кездескей», «Малым,, жаным садағасы, жаным арым садағасы», «Байлық,,,бір жұттық, батыр,,бір оқтық», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар», «Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын», «Баласыз әйел панасыз әйел»)
4. Қолданыңыз: Романнан үзінді алып, рөлдік ойын, көрініс даярлаңыз.
5. Елестетіңіз: Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға екенін, Ұлпандай ел анасы арамызда бар ма деген сұрақтарға жауап іздеп, елес жетелеңіз (Төле бидің келіні Данагүл, Шыңғыстың анасы Айғаным, Сара Назарбаева)
6. Қарсы шығыңыз: Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз. ( 1) Мен осы романды оқып отырғанда өзім сол кезді көзіммен көріп тұрғандай сезімде боламын. Көп шығармаларды оқып жүрсем де, мұндай шығарма маған әлі кездескен жоқ. Бірақ бұл шығарманың соңын оқығым келмейді. Осындай керемет шығарманы автор неге сонша аянышты етіп сомдағанын түсіне алмадым.
2) Бұл романдағы Ұлпан мен Есенейдің махаббатына таң қалмауға болмас. Есеней Ұлпаннан қырық жас үлкен болса да, сыйластықпен, сүйіспеншілікпен бар өмірін осы кісіге арнаған. Екеуінің еліне сіңірген еңбегі түбінде зая кетіп, Есеней де, жалғыз қызы Біжікен де, одан туған бала да өмірден өтеді.Осындай үлкен махаббаттан ұрпақ қалмағаны мені қатты өкінтеді. Егер мен Мүсіреповтың орнына болсам, Ұлпан өмірінің соңы өз үйінде емес, өзін өзі улап, қорлықта өткізгенін дұрыс көрмей, романның аяғын басқаша аяқтаған болар едім.
3) егер мен мүсінші болсам, )
Б) Семантикалық карта (А, В деңгейіне арналған)
| Мысал | Кімнің сөзі? | Автор тіліне талдау |
| «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар» | Ұлпанның (Кенжетайға шылбырын лақтырған, Есенеймен алғашқы кездесуінде) | |
| «Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады, арамыз жеті жылдық жол» | Есенейдің бәйбішесі туралы айтқаны ( өрелі деген бір алдыңғы, бір артқы аяғынан шідерленген ат. Сөре жаугершілік заманда өлген адамды жерлегенше сақтайтын жер. Жеті жылдық жол дегені жеті жылдан бері осылай тұрамыз деген сөзі) | |
| «Қатал еді, озбыр еді, енді жан жүрегі жібиін дегені де» | Ұлпанның кәрі әкесі Артықбай батырдың сөзі | |
| «Басың болса - ие бер, тізең болса - бүге бер» | Ұлпанның (Есеней сөз салғандағы алғашқы ойы) | |
| «Мырза келін ай, сен келдің де көзім ашылды ғой» | Жарлы жақыбай, кедей ауыл адамдарының сөзі | |
| «Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын» | Есенейдің орысша үй салдырып, егін ектіріп, шөп шабуға үйретпек болғандағы сөзі) | |
| «Баласыз әйел панасыз әйел» | Есенейдің кемтар болып қалғандағы ойы | |
| «Қыз «Міне, айыбым!» деп көз қиығымен бір шарпып өткенде неғып байқамадың?» | Түркпен Мүсіреп | |
| «Аға өлсе іні мұрасы, іні өлсе аға мұрасы» | Есенейдің (өзі өлсе Еменалының істер ісі жайлы ойы) | |
| «Құдыққа құлан құласа құрбақа құлағында ойнар» | Артықбайдың Есенейге айтқаны | |
А) «Әдеби көкпар»ойыны («көкпарға тартылатын» сұрақтарға кейіпкерлер есімі жасырылады, оқушылар оның кім екенін айтуы тиіс)
-
Ақнар — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан - кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел. -
Есеней – романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын. -
«Түрікпен» Мүсіреп - Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары - бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал - мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді. -
Аңшы Мүсіреп – Есенейдің достарының бірі. Өзі мерген,шебер,аң аулаудан жанын салмайтын адам. «Қаршығалыда» үш мың қасқыр, бес мың түлкі, он екі мың күзен, жеті мың қоян бар» дейді. -
Шынар – түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі .Шынардың әкесі етікші болған. Шынар - қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек .Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі.Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар. -
Артықбай − Ұлпанның әкесі. -
Несібелі− Ұлпанның анасы. -
Біжікен (Бибіжиһан) −Есеней мен Ұлпаның қыздары. -
Тілеміс− тілмаш және Торсанның әкесі, өз әкесіне Есенейдің шошқа баққаны үшін дүре соққанына ерегесіп, кек сақтаған адам. -
Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс - Ұлпанның алтынмен жазылған, мөр басылған, екі басты самұрық құсы бар генерал губернатордын мақтау қағазын алғанын көре алмай, іштарлық көрсеткен ауылдың би-болыстары. -
Хұсайынғази – молда. -
Еменалы - Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді. Еменалының үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған. -
Айтолқын - Еменалының әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген.Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады. -
Торсан - Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған.Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ. -
Кенжетай Есенейдің әрі атшысы, әрі имамы, әрі “суфлері” -
Мырзаш− Ұлпанды айттырған Түленнің баласы, аурушаң, кембағал адам. -
Қожық − аты әйгілі барымташы, қанішер, баукеспе ұры, жүз жігіт ұрысы бар, қарақшы, Есеней қасқыр қуып, көлдегі жылымға түсіп кеткенде суық далада дерт жабыстырып, Қожықтың қосы екенін біліп қонбай кетеді. -
Жәуке − Ұлпанның ағасы Ембайдан асырап алған қызы, Торсанның екінші жары, Күрлеуіттің қызы. Ақылы өзінен аспайтын, дүниеқоңыз, қатыгез, шайпау әйел. -
Сәдір−Артықбайдың үзеңгілес досы, найзашы, дүресоққыш, кейіннен Есенейдің жылқышысы. -
Шоқан – әке зұлымдығына шыдай алмай өзін пышақпен жарып өлтірген Торсанның ұлы.