Файл: 6. Жмыс жне уат. 1 Механикалы жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

/6. ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚУАТ.

6.1 Механикалық жұмыс.

“Жұмыс” сөзін естігенде көзіңізге нені елестетесіз? Мүмкін тіс дәрігерінің қалай тіс емдеп отырғанын? Мүмкін мұғалімнің қалай сабақ өтіп жатқанын? Мүмкін ұшқыштың ұшақты қалай басқарып отырғанын? Шынында да, белгілі бір саланың әрбір адамы өзінің ісімен айналысады және мұны жұмыс деп атайды. Бірақ ЖҰМЫС физикада басқаша. Физикада физикалық дене жұмысты орын ауыстырғанда, температурасы өзгергенде, электр тогын өткізгенде, және т.б. жасайды. Сонымен қатар жұмыс жасайтын дене жанды ма, жансыз ба маңызды емес, тіпті егер тасты лақтыратын немесе қыздыратын болсақ, ол жұмыс жасай алады. Бірінші кезекте МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ оқып-үйренетін боламыз. Механикалық жұмыс механикалық құбылыстар кезінде жасалады. Көліктің жолда қалай кетіп бара жатқанын елестетіңіз. Көлік өздігінен жүре алмайды, көлікті қозғалысқа келтіретін қандай да бір күш болуы керек. Бұл күш автокөліктің қозғалтқышына беріледі және тарту күші деп аталады. Сонда, осы күштің есебінен көлік қозғала алады және қозғалыс кезінде механикалық жұмыс атқарады. Механикалық жұмыс – күш әсерінің нәтижесін сипаттайтын физикалық шама. Механикалық жұмыстың нәтижесі - физикалық дененің қозғалысы болып есептеледі. Жұмыс – скаляр шама, ол «А», әріпімен белгіленеді, ал негізгі өлшем бірлігі Джоуль [Дж] болып табылады. Дененің қай бағытта қозғалғанына байланысты жұмысты екі формуламен есептеуге болады:

1) Дене горизонталь бетте қозғалған кезде:



мұнда: F – күш [Н];

S – жол [м].

Бұдан: 1 Дж = 1 Н × 1 м

2) Дене вертикаль бойымен қозғалған кезде:

– ауада

– суда

(ауада)

мұнда: P – салмақ [Н];

m – масса [кг];

g – еркін түсу үдеуі [Н/кг];

h – биіктік/тереңдік [м].

(ВЫДЕЛИТ КАК ОТДЕЛЬНУЮ ТЕМУ ↓)

Механикалық жұмыс келесі жағдайларда жасалмайды (A = 0):









Дене күш әрекетінсіз (F = 0) инерция бойынша қозғалған кезде. Мысалы: қозғалтқышы өшірілген көлік қозғалысы, ғарыштағы кометалардың қозғалысы және т.б.

Денеге күш әсер етіп, бірақ дене орын ауыстырмаған кезде (S = 0). Мысалы: ауыр шкафты итергенде, ол қозғалмаса.

Орын ауыстыру мен күш өзара перпендикуляр болған кезде.

Мысалы: сіз азық түлік сатып алған кезде, ауырлық күші вертикаль төмен бағытталады, ал қозғалыс горизонталь бағытта жүреді. Бұл жағдайда азық түлік жұмыс атқармайды.


ЗАДАЧИ НА ОТДЕЛЬНУЮ СТРАНИЦУ

А тобы

(gжер 10 Н/кг)

1) Жүк тасушы шкафты 500 Н күшпен итереді және оны 2 м жерге қозғалтады. Жүк тасушы қандай жұмыс жасады?

2) Массасы 500 г тас 10 м биіктіктен құлаған кезде ауырлық күші қандай жұмыс атқарады?

3) Арнұр 500 Н күшпен допты тік жоғары лақтырды. Допты 1,5 м биіктікке көтеру кезіндегі жасалған жұмысты анықтаңдар.

4) Халк 8 кН күшпен тасты итереді. Егер Халк 800 кДж жұмыс жасаса, тас қанша метрге жылжыды?

5) Ақылгөй тасбақа жаңбыр тамшысының массасын анықтауды шешті. Тамшы 2 км биіктіктен құлап, 0,4 Дж жұмыс жасады. Тамшының массасын анықтаңдар.

6) Оқушы массасы 3 кг сөмкесін асынып үйіне қайтты. Егер мектеп пен үй арасындағы қашықтық 200 м болса, ауырлық күші қандай жұмыс жасайды?

7) Массасы 200 г футбол добының ұшуы кезінде ауырлық күші қандай жұмыс жасайды? Доптың ең үлкен көтерілу биіктігі 180 м.

8) Шкафты 8 м қашықтыққа жылжыту үшін Мұратқа қанша күш қажет болды? Жасалған жұмыс 4 кДж тең.

9) Үйге оралған саудагер үй мен базар арасындағы қашықтықты есептеуді шешті. Аттың тарту күшімен жасалған жұмыс 80 кДж, ал тарту күші 1000 Н. Атпен жүріп өткен жолды анықтаңдар.

10) Жөндеушілер қамалға массасы 8 кг люстра іліп қоюды шешті. Олар биіктігі 9 м бөлмеге ілуге биіктігі 1 м люстраны көтерулері керек . Ауырлық күшінің жұмысы қандай?

Б тобы

(gжер 10 Н/кг)

1) Жүк тасымалдаушы лифт жәшіктерді көтереді. 50 м биіктікке көтеру кезінде лифт 80 кДж жұмыс жасай алса, бір рейсте қанша жәшікті көтеруге болады? Бір жәшіктің массасы 20 кг.

2) Токиодағы олимпиадада спортшы жүкті горизонталь бойымен 800 Н күшпен тартады. Егер жүктің массасы 50 кг, ал мәреге дейінгі қашықтық 200 м болса, спортшының жасаған жұмысын анықтаңдар.

3) Есек арбаны 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты сүйретіп барады. Барлық жолды 2 сағатта жүріп өтсе, есек қандай жұмыс жасады? Есектің тарту күші 400 Н.



4) Салмағы 40 Н шана мұз үстінде қозғалады. Шананың 50 м жол жүргендегі жасалған жұмысын табыңдар.

5) Алтынбекті құдықтан су алып келуге жіберді. Алтынбек салмағы 250 Н шелекті құдықтан 50 см/с жылдамдықпен бірқалыпты көтере бастады. Егер жасалған жұмыс 3 кДж тең болса, бұған қанша уақыт кетті?

6) Тесла зауытынан қозғалтқышының тарту күші 80 кН болатын жаңа электромобиль жөнелтілді. Бұл көлік 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалса, бір жарым сағатта қандай жұмыс жасайды?

7) Ежелгі Қытайда адамдар арбаны итеріп, 10 минутта 14 кДж жұмыс жасай алған. Егер тарту күші 70 Н тең болса, арбалар қандай жылдамдықпен қозғалған?

8) Көлемі 800 см3 мыс кесегін 20 м биіктікке көтеру кезінде жасалатын жұмысты анықтаңдар.

9) Жүкті көтеру кезінде кран 20 секундта 80 кДж жұмыс жасайды. Егер бірқалыпты көтеру кезіндегі жүктің жылдамдығы орта шамамен 36 км/сағ болса, жүктің массасын анықтаңдар.

10) Көлемі 0,08 м3 шыны кесегін көтеру үшін 60 кДж жұмыс жасау керек болды. Шыныны қандай биіктікке көтергенін табыңдар.


С тобы

(gжер 10 Н/кг)
1) Зевс ғибадатханасын салу үшін құлдар бағандарды көтерді. Ұзындығы 15 м болатын баған жерде көлденең жатыр. Осы бағанды тігінен орналастыру үшін қандай жұмыс жасау керек? Бағанның массасы 300 кг.

2) Жұмысшылар су қоймасын тастан тазартуға шешім қабылдады. Тереңдігі 5 м су қоймасының түбінен тығыздығы 2500 кг/м3 тасты көтеру кезінде қандай жұмыс жасалады? Тастың көлемі 0,2 м3.

3) Егер су түбінен тасты 2 м биіктікке көтеру кезіндегі тарту күшінің жасаған жұмысы 8 кДж тең болса, суға толығымен батырылған тастың көлемін анықтаңдар.

4) Көлемі 0,8 м3 алюминий кесегін бассейн түбінен су бетіне көтеру кезіндегі жасалған жұмысты анықтаңдар. Бассейннің тереңдігі 2 м.

5) Үстел үстінде жатқан сызғыш тігінен қойылды. Жасалған жұмысты анықтаңдар. Сызғыштың массасы 100 г, ұзындығы 20 см.

6) Аттар арбаны 10 м/с тұрақты жылдамдықпен тартады. Егер 1 сағатта аттар 1,5 МДж жұмыс жасаса, массасы 20 кг арба дөңгелегі мен жер арасындағы үйкеліс коэффициентін табыңдар.


7) Көлденең қимасының ауданы 40 см2 цилиндрдегі қысым қаншалықты өзгергенін анықтаңдар. Поршеньді 10 см көтеру кезінде қысым күші 400 Дж жұмыс жасады.

8) Аквариум түбінен бетіне дейін көлемі 10 дм3 қиыршық тас көтерілді. Тасты көтеру кезіндегі жасалған жұмыс 1350 Дж болса, тастың тығыздығын анықтаңдар. Аквариум тереңдігі 9 м және оған су толтырылған.

9) Көлемі 2 м3, ұзындығы 8 м болатын темір балка жерде жатыр. Балканы тік жоғары қою үшін қандай жұмыс жасау керек?

10) Егер жүкті тартатын тарту күші 4,5 кДж жұмыс жасаса, массасы 100 кг жүктің жүріп өткен қашықтығын анықтаңдар. Жүк пен жер арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,15. Жүктің қозғалысы бірқалыпты болған.

Жауаптары:

А тобы

1

2

3

4

5

1000 Дж

50 Дж

750 Дж

100 м

0,02 г

6

7

8

9

10

0 Дж

360 Дж

500 Н

80 м

640 Дж

Б тобы

1

2

3

4

5

8

160 кДж

5760 кДж

0 Дж

24 с

6

7

8

9

10

8640 МДж

0,333 м/с

1424 Дж

40 кг

30 м

С тобы

1

2

3

4

5

22500 Дж

15000 Дж

0,4 м3

27200 Дж

0,1 Дж

6

7

8

9

10

0,21

1 МПа

2500 кг/м3

624000 Дж

30 м

6.2 Механикалық қуат.

100 жыл бұрын адамдар киімді тек қолмен жуған. Ал қазір ол үшін арнайы киім жуатын машиналар бар. Қане салыстырайық: 5 кг киімді жуу үшін адамдар орта есеппен 50 минут құртады, ал киім жуғыш машина бәрін 25 минутта жуып шығарады. Екі жағдайда да жасалып жатқан бір жұмыс, бірақ жұмысты орындауға жұмсалған уақыттар әртүрлі. (рисунки с инета, на авторские права надо глянуть)


Бұл немен байланысты? Бұл ҚУАТПЕН байланысты. Қуат – жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық шама. Егер объект жұмысты жылдам орындаса, демек оның қуаты көп, ал егер басқа объект дәл сол жұмысты баяу орындаса, демек оның қуаты аз деп санаймыз. Қуат – скаляр шама, ол «N» әріпімен белгіленеді, ал негізгі өлшем бірлігі Ватт [Вт] болып табылады. Джеймс Ватт – бу қозғалтқышын (бу машинасын) жасап шығарған инженер ғалым.

Қуатты екі формуламен есептеуге болады:

1) мұнда: A – жұмыс [Дж];

t – уақыт [c].

2) мұнда: F – күш [Н];

– жылдамдық [м/с].

1 Вт = 1 Дж / 1 с

ЗАДАЧИ НА ОТДЕЛЬНУЮ СТРАНИЦУ

А тобы

(gжер 10 Н/кг)

1) Трактор 40 с уақытта 8000 Дж жұмыс атқарды. Трактордың қуатын анықтаңдар.

2) Арсен жаңа автокөлік сатып алды. Бұл автокөліктің тарту күші 8 кН. Автокөліктің 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалған кездегі қуаты қандай?

3) Қуаты 9 кВт “Sony” кір жуғыш машинасы 15 минут ішінде жылдам жуады. Кір жуғыш машина осы уақыт ішінде қандай жұмыс атқарады?

4) Джеймс Ватт жасаған паровоздың қозғалтқышының қуаты 800 кВт. Егер бу қозғалтқышының тарту күші 50 кН болса, паровоз қандай жылдамдықпен қозғалады?

5) Велосипедші қуатын 6 кВт жеткізіп, жол бойында жүріп келеді. Велосипедші 6 МДж жұмыс жасаса, ол қанша уақыт қозғалды?

6) Зымыран ғарышта 432 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшады. Қуаты 480 МВт болған кездегі зымыран қозғалтқышының тарту күшін анықтаңдар.

7) Автокөлік Талдықорғаннан Алматыға қарай 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп барады. Егер автокөліктің тарту күші 8000 Н тең болса, оның қуатын анықтаңдар.

8) Бульдог 80 с ішінде 72 кДж жұмыс жасай алады. Иттің қуатын табыңдар.

9) 25 жастағы ұшақтың ұшқышы жаңа қозғалтқышты тесттен өткізіп жатыр. Қуаты 60 кВт қозғалтқыш ұшу кезінде 180 МДж жұмыс жасады. Ұшақ қанша уақыт ұшты?