Файл: 6. Жмыс жне уат. 1 Механикалы жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


10) Токио олимпиадасындағы спортшының қуаты 2 кВт жетсе, ол қандай жылдамдықпен жүгірген? Аяқтың жүгіру күші 200 Н.

Б тобы

(gжер 10 Н/кг)

1) Әлібек құдықтан массасы 15 кг суы бар шелекті 20 секундта көтерді. Құдықтың тереңдігі 4 м болса, Әлібектің қуаты қандай болады? .

2) Нұрлыбек тауларды бағындыруды шешіп, арқанмен жоғары көтеріле бастады. Егер оның массасы 60 кг, ал бұлшықетінің қуаты 0,9 кВт болса, ол 30 с уақытта қандай биіктікке көтеріледі.

3) Қуаты 16 кВт лифт жүкті 30 м биіктікке көтере бастады. Бұған лифт 2 минут уақыт жұмсады деп есептеп, жүктің массасын анықтаңдар.

4) Қапшағай су қоймасынан 10 л су алуға шешім қабылданды. Су қоймасының тереңдігі 15 м, ал сорғының қуаты 0,3 кВт болса, бұған жұмысшылар қанша уақыт жұмсады?

5) Құрылыс краны бетон плиталарын 0,1 м/с жылдамдықпен ақырын көтереді. Кран моторының қуаты 5 кВт болса, бетон плитаның көлемі қандай?

6) Орманда үлкен өрт болды. Өрт машинасындағы шланг минутына 2000 л су жібере алады. Сорғының қуаты 8 кВт болса, су ағынының максимал биіктігін анықтаңдар.

7) Солтүстік полюсте адамдар иттерге байланған шанамен жүреді. Иттердің қуаты 3 кВт, ал тарту күші 800 Н болса, иттер қанша секундта 2 км қашықтықты жүгіреді?

8) Бензовоздан сорғымен бензин тартады. Сорғының 5 кВт қуатымен 1 минутта қанша литр бензин тартуға болады? Цистерна тереңдігі 2 м.

9) Қозғалтқышының тарту күші 800 Н болатын автокөліктің 1,5 минуттағы қуаты қандай болады? Бұл уақытта автокөлік 1,8 км жол жүріп өтті.

10) Гидравликалық престе ауданы 500 см2 поршеньді 10 см төмен түсетіндей етіп үстінен басты. Мұндай басу кезінде сұйықтыққа 50 кПа қысым түседі. Егер барлық процесс 5 с уақытты алса, престің қуатын анықтаңдар.

С тобы

(gжер 10 Н/кг)

1) Көлік массасы 500 кг арбаны бірқалыпты тартады. Көліктің қозғалтқышының қуаты 9 кВт, ал арба дөңгелегі мен жер арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,15. Көліктің жылдамдығын анықтаңдар.

2) Жұмысшылар арқанының тарту жылдамдығы 0,5 м/с болатын кранды қолданып, су қоймасын тастан тазалауды шешті. Су қойманың түбінен көлемі 2 м
3 тасты көтеру үшін, кранның қуаты қандай болу керек? Тастың тығыздығы 2500 кг/м3.

3) Кран өзен суының түбінен көлемі 2,2 м3 тасты көтереді. Егер өзеннің тереңдігі 3 м, ал кран моторының қуаты 3 кВт болса, тасты көтергенге қанша уақыт жұмсалды? Тастың тығыздығы 2500 кг/м3.

4) Есек арбаны 5 м/с тұрақты жылдамдықпен тартады. Егер есектің қуаты 0,8 кВт жетсе, массасы 20 кг арба мен жер арасындағы үйкеліс коэффициентін табыңдар.

5) 1 минутта қуаты 2 кВт болатын кранмен суы бар бассейннен көтерілген металлдың тығыздығын анықтаңдар. Бассейн тереңдігі 2 м, ал металл көлемі 1,2 м3.

6) Жерде көлемі 1 м3, ұзындығы 4 м мыс балка жатыр. 20 с ішінде балканы тігінен қою үшін қуат қандай болу керек?

7) Ең үлкен круиздік кеме төрт қуатты қозғалтқышы есебінен жүзеді. Бірқалыпты 20 м/с жылдамдықпен жүзу кезіндегі әрқайсысының қуаты 5 МВт. Қозғалтқышының жалпы тарту күші қандай?

8) Қозғалтқышының қуаты 40 кВт тойота маркалы автокөліктің жылдамдығы 20 м/с, ал қозғалтқышының қуаты 30 кВт ниссан маркалы автокөліктің жылдамдығы 10 м/с жетеді. Егер дәл осындай жағдайларда оларды троспен байланыстыратын болса, бұл автокөліктердің жылдамдығын анықтаңдар.

9) Балық аулау кезінде адам балықты 20 см/с жылдамдықпен тартады. Массасы 5 кг балықты ауада тігінен жоғары көтеру кезіндегі адамның қуатын анықтаңдар. Барлық көтеру 4 с алды.

10) Алты қозғалтқышы бар ұшақ 220 м/с жылдамдықпен ұшады. Егер қозғалтқышының жалпы тарту күші 270 кН болса, әр қозғалтқышының қуатын анықтаңдар.

Жауаптары:

А тобы

1

2

3

4

5

200 Вт

80 кВт

8,1 МДж

16 м/с

1000 с

6

7

8

9

10

4 МН

160000 Вт

900 Вт

3000 с

10 м/с

Б тобы

1

2

3

4

5

30 Вт

45 м

6400 кг

5 с

2,3 м3

6

7

8

9

10

24 м

533,3 с

21126,76 л

16 кВт

50 Вт


С тобы

1

2

3

4

5

12 м/с

15 кВт

33 с

0,8

6000 кг/м3

6

7

8

9

10

8900 Вт

1000000 Н

14 м/с

10 Вт

9,9 МВт