ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ашық сабақ жоспары
Сабақ: Әдебиеттік оқу | Мектеп: № 7 мектеп-лицейі | |
Тақырыбы: 66-сабақ.Ертегілер әлемінен .Құмырсқа және бидай дәні ертегісі | | |
Күні: 19.01.2020 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Аксарина Ж.М | |
Сынып: 2 «б» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.2.6.1. Кейіпкердің сырт келбетін сипаттау, мінез құлқы мен іс-әрекетін бағалау 2.2.8.1. Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау | |
Сабақ мақсаттары | 1. Ертегілердің түрлерін біледі, оқыған ертегінің қай топқа жататынын анықтайды. 2. Ертегідегі оқиғаға сүйеніп кейіпкерді сипаттайды, оның іс-әрекетіне баға береді. 3. Ертегіні толық мазмұндай алады. Ертегіні еркін айта алады. | |
Бағалау критерийі | Дескриптор: 1.Ертегінің түрін ажыратады. 2.Құмырсқа мен бидай дәні жайлы түсінік айта алады. 3.Өз ойын толық жеткізіп айта алады. | |
Құндылықтарды дарыту | Ертегі бұл- салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ертегі бұл ауызша тараған халық шығармалары, ол жан-жануарлар, қиял-ғажайып, тұрмыс салт болып бөлінуін сипаттау | |
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы | Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі сақталды, сергіту сәттері, белсенді әрекеттер орындалады. | |
АКТ қолдану дағдысы | Таныстырылым, бейнежазба | |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі,көркем еңбек | |
Алдыңғы меңгерілген білім | Сақина ертегісі |
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Басталуы 8 минут | Қызығушылықты ояту. «Атомдар және молекулалар» ойыны. Атомдар дегенде балалар шашыраңқы іс-қимыл жасап жүреді, молекулалар 8 ден дегенде 8 баладан бірігуі тиіс. Осылайша балаларды 3 топқа бөлемін. Топтарға бөлу. І-топ: Талап Ұраны:Талаптыға нұр жауар ІІ- топ: Еңбек Ұраны:Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. ІІІ- топ: Қанағат Ұраны:Қанағат қарын тойғызар. Өткенді қайталау. «Көгершіндер хаты» әдісі арқылы. Әр топқа көгершіндерден хат беріледі. Хаттың ішінде «Сақина» ертегісіне байланысты сұрақтар қойылады. Талап тобы: -«Сақина» ертегісі қай топқа жатады? - Зергер қандай адам болған ? Еңбек тобы:- «Сақина» ертегісінің кейіпкерлерін ата? -Шаруаның бойында қандай қасиеттер бар? Ол қандай адам? Қанағат тобы:-Шаруа сақинаны қайда апарады? -Зергердің арам пиғылы қандай болды? Сақина шаблонын қолдарына алып «Сиқырлы сақинам болса...» тілектерін айтады. Кері байланыс: Жарайсыңдар! | Көгершін хатары |
Ортасы 25 минут | «Болжау» әдісі. Жұмбақты шеш
Өзінен үлкен затты көтерер ол. (Құмырсқа)
Қойынында наны бар. (Бидай) -Бұл ертегі не жайлы деп ойлайсыңдар? -Құмырсқа ,дән,бидай -Құмырсқа қандай жәндік ? -Еңбеккор ,күшті, қайратты. - Жарайсыңдар балалар! Құмырсқаны барлығымыз білеміз. Ол өте кішкентай жәндік. Бүгін біз сол туралы өтеміз - Олай болса бүгін біз Құмырсқа мен бидай дәні ертегісімен танысамыз.Бұл ертегіні жазған итальян жазушысы Леонардо Да Винчи Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Бұл ертегінің қай түріне жататынын анықтаймыз, кейіпкерлерін сипаттаймыз.Олардың іс-әрекетіне баға береміз. Леонардо да Винчи (1452 ж 15 ақпан -1519ж 2 мамыр ) – қайта өрлеу дәуіріндегі Италияның аса ірі қайраткері және сол кезеңнің негізін қалаушылардың бірі. Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Леонардо да Винчи Анкиано елді мекенінде дүниеге келген.. Леонардо жастайынан еңбексүйгіш болып өседі. Жас кезінде сурет пен мүсін өнерін жақсы көрген. Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы. Тыңдалым. «Құмырсқа және бидай дәні» ертегісінің аудио жазбасын тыңдайды. «Шынжыр » әдісімен мәтінді мәнерлеп оқу. Барлық оқушы тізбектеп оқиды соны, тыңдап баға береді. Неліктен топтарымыз Талап, Еңбек ,Қанағат, Б деп аталған деп ойлайсыңдар? - Себебі құмырсқа өте еңбекқор, қанағатшыл және талапшыл жәндік. Құмырсқа не тауып алды? Оны қайда апармақшы екен? - Балалар неге ол бидай дәнін көміп кетті деп ойлайсыңдар? Кері байланыс: Бас бармақ әдісі Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа Келе жатты жұмысқа Допты қойдым алдына Оң жағына қарады, Сол жағына қарады Тау екен деп ойлады. Қолдану . «Топтық жұмыс» Енді топтық жұмысымызды бастайық. 1-топ Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген суреттерді дұрыс орналастырып жабыстыру. - Әй еңбеккор құмырсқа! менің сөзімді тыңдашы өзің! Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнді жерге түсіріп,дәннің сөзін тыңдап,демалып отырды. 2-топ Ертегідегі құмырсқаны сипатта Құмырсқа ақылды,мықты,қайратты,ерінбейді, ойланады,еңбекқор. 3-топ Ертегідегі бидай дәнін сипатта Бидай өз сөзіне сендіре алады,ақылды т.б Міне, керемет! Мен сіздердің пікірлеріңе қосыламын. Еңбекқор, ақылды, қайратты досының сөзін бағалайтын, берген ақылдан нәтиже шығара білетінекенін анықтадық.Сонымен қатар есте сақтау қабілеті керемет. Еңбек етуді құмырсқадан үйрен деген осы екен. Кері байланыс: «От шашу» әдісі арқылы Жұппен жұмыс Өзара диалог құрып сұхбаттасады. Бір-бірімізбен жұптасып жұмыс жүргізейік. Ертегі кейіпкерлерімен диалог құрып, сұхбаттасайық. Кері байланыс: Өте керемет! | Суреттер Портреті Аудио Әрлеуші әуен А3,суреттер, маркерлер |
Аяқталуы Сабақты бекіту 7 минут | Қорытындылау. Үй тапсырмасы: «Құмырсқа және бидай дәні» ертегісін оқу. Р ефлексия. | «Бағдаршам» |