Файл: гомеостаз жне экскреция модулі бойынша физиологиядан 1 практикалы саба, бож тапсырмалары таырыбы Таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



7 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

1. Емделушінің қан талдауын бағалау: кестеде берілген әрбір қан көрсеткіштерін бағалау (қалыптыдан жоғары болса – ↑, қалыпты болса - N, қалыптыдан төмен болса - ↓ белгілерін қою) және ересек адамдардағы қалыпты мөлшерін жазу. Гемограмма бойынша жалпы қорытынды жасаңыз.


Гемограмма

Гемограмма көрсеткіштері

Бағалау –

(-↑, - N, - ↓)

Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері

Эритроциттер

2,0 1012



Ерлерде-4,0-5,0х10(12)\л

Әйелдерде -3,5-4,7х10(12)\л

Гемоглобин

40 г/л



Ерлерде-130-170г\л

Әйелдерде -120-150г\л

ЭТЖ

20 мм/сағ



Ерлерде -3-10 мм\ч

Әйелдерде -5-15 мм\ч

Лейкоциттер

2,5  109



Шамамен 4,0-9,0х10(9)

л

Тромбоциттер

280 109

N

Шамамен 180-320х10(9)\л

Қан кету уақыты

6 мин

N

Шамамен 3-6 минут көлемінде

Қанның ұю уақыты

4 мин

N

Шамамен 3-4 минут көлемі

Фибриноген

3 г/л

N

Шамамен 2,98 г\л

Қорытынды__Емделуші бойынша жалпы гемограмма сараптамасынан мынандай қорытынды жасауға болады,науқаста гемоглабин,эритроцит,лейкоцит және тромбоцит секілді қанның формалық элементтерінің көрсеткіштері тым төмен.Бұл көптеген аурулар тудыруы мумкін соның ішінде иммунитет төмендеуі мүмкін,яғни бастың ауруы,айналуы,анемия секілді ауруларды негізге ала аламыз.Қан ұю уақыты қалыпты бұл дегеніміз қандай да жарақат кезінде ұю процесінің тұрақтылығының арқасында жара беті жабылып сыртқы орта бактерия не вирустарынан қорғайды
2. Адам жарақаттанған кезде 1,5 литр қан жоғалса, қан жоғалту пайызы қандай? Салмағы 75 кг

Жауабы:

Жалпы қан жоғалту бойынша қазіргі таңда 4 дәрежеге бөліп қарастырамыз.Ал біздің науқаста 3-дәрежелі болып табылады, демек 1500-2000 литр көлемі жатады.Қан жоғалту пайызы шамамен 25-30пайыз кан ағып кетіп ,адамның өміріне қауіп төнеді.

3. Берілген қан сынағын қарап шығып, қорытынды жасаңыз:

Үлес салмағы 1,030 Жалпы ақуыз 7,8%

Қант мөлшері 2, 0 г/л Билирубин 0,5 мг%

Фибриноген 0,4 г% pH 7,4%

Жауабы: Үлес салмағы қалыпты ол 1010-1030 шамасында болады.Билирубин мөлшері қан плазмасында 8,5 до 20,5 мкмоль/л болу қажет.Фибриноген мөлшері төмен,қалыпты 2-4 г/л. Егер қандағы фибриноген мөлшері қалыптыдан төмен болса, оның коагуляциялануы нашарлайды, бұл өз кезегінде ұзақ уақыт қан кетуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайдың себебі туа біткен немесе бірқатар аурулардың салдары болуы мүмкін. Адамдарда қанның рН ауытқуының қалыпты деңгейі 7,37-7,44 құрайды, орташа мәні 7,4 құрайды,яғни бұл жағдайда қалыпты.
4. Иттің қан тамырына 1 литр 5%-тық глюкоза ерітіндісімен инъекцияланған кезде қанның рН өзгеруі қалай өзгереді?

Жауабы:

Негізі 1 литр 5%-тық глюкоза ерітіндісімен инъекцияланған кезде қанның рН өзгерісі байқалмайды және одан бөлек сілті заттардың қатынастары өзгеріссіз қалыпты жағдайында қалады


5. Қанды алмастырушы ретінде адамға ішілік енгізу үшін келесі шешімдердің қайсысы пайдаланылуы мүмкін және неге?

шешім А шешім В

NaCl 0,05% 0,7%

KCl 0,02% 0,02%

CaCl2 0,02% 0,02%

NaHCO3 0,1% 0,2%

NaH2CO3 0,02% 0,005%

MgCl2 0,01% 0,01%

Қант 0,1% 0,1%

Жауабы: : шешім В

Тұзды ерітінді көктамыр ішіне енгізіледі (тамшылатып), тамыр ішілік және интерстициальды көлемді жоғарылатады. Олар қанды сұйылту арқылы осмостық қысымды төмендетеді . Сондықтан 0,9-0,7% NaCl қолданады.Сонымен қатар адамның қанына енгізілетін сұйықтықтың тұздылығының пайызы адам қанындағыға сай болу керек

6. Ұзақ уақыт бойы ашыққан адамдарда аштық ісіну пайда болады. Мұның себебі неде?

Жауабы: Аштық ісіну белок жетіспеушілігінен болады. Қандағы ақуыздар концентрациясының төмендеуі онкотикалық қысымның төмендеуіне әкеледі, соған байланысты су қантамырларды ұсталмайды және тіндерге ауысады, осыдан жасушалар ісініп кетеді.
7. Адам нашар сапалы тағамды жеп қойды. Біраз уақыттан кейін ол қанның тұтқырлығын арттырады. Бұны қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Сапасыз тағаммен улану құсуды немесе диареяны тудырады. Екеуі де сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтуға әкеледі. Содан қанның тұтқырлығы жоғарылайды.


Студент ӘбдіманапАбзал _группа__Жм20-001-1К_________факультет___ЖМ_______
Күні 9.02.2022ж_________ оқытушының қолы ________________________