Файл: ыса мерзімді жоспары Блім Апаратты сыну Педагогты атыжні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Ақпаратты ұсыну | |||
Педагогтың аты-жөні: | Шауленова М.Г. | |||
Күні: | 12.10.21 | |||
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: 10 | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Екілік ақпаратты ұсыну. | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.2.1.4-компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Ақпараттың екілік кодтау түрімен танысады. | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
ASCII коды кестесімен жұмыс істей алады. | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
Екілік кодпен кодтау және декодтау жасай алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Жаңа тақырыпқа шолу. Қоршаған ортадан алған ақпаратты компьюетерде қалай көрсетуге болады? Ақпаратты компьютерде көрсету үшін екілік кодтау әдісі қолданылады. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | | |
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ұсыну түрлеріне қарай ақпаратты екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар:
Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жәй екілік таңбалар деп те атайды. 0 және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана (00,01,10,11) кодтауға болады, ал бұл өте аз. Кез келген символды мәтінді кодтауға 200-дей символ қажет болады. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни сегіз 0 мен 1 –ден тұратын тізбекті қолдану қабылданған. Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде оның әр символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт жеп аталатын тізбек арқылы ұсынады.Нөл және бірлердің орындарын ауыстыру арқылы 8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға болады. Символдар мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің комегімен орнатылады. Ол кесте ASCII коды деп аталады. Көрсетілім. Оқулық §1.4, 21-бет , 2-кесте ASCII коды кестесінен көрініп тұрғандай, әрбір символға немесе әріпке 8 биттен тұратын бір байттық код сәйкес келіп тұр. ASCII кодтау кестесінде 16 жол, 16 баған бар. Кесте стандартты және баламалы екі бөліктен тұрады. Стандартты бөлік алғашқы 0-ден 127-ге дейінгі 128 символдық код цифрларынан, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдардан құралған. Баламалы бөліктегі 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттерде (орыс, қазақ, тағы басқа) берілген. Бүгінгі таңда ASCII кодымен таңбаланатын 256 символдың өзі компьютерде жапон, қытай тілдерінің алфавитін кодтауға жетпейді. Бұл алфавитте, иероглифтерде символдар саны 256-дан көп. Осы мәселені шешу үшін өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникод кодтау кестесі жасалды. Бастапқы Юникод кодтау 2 байт, яғни 16 биттен тұрды, 16 битпен 65536 символды кодтауға болады. Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Өз есіміңді екілік кодпен кодта және оны байтқа, битке айналдыр Дескриптор: -екілік кодпен кодтайды ҚБ: стикер / 2 балл/ Жеке жұмыс. 2-тапсырма. Берілген сөздерді ASCII кестесін пайдаланып, екілік кодпен кодта. informatika, bit, binary coding және оларды байтқа, битке айналдыр Дескриптор: - берілген сөздерді екілік кодпен жазады. -сөздерді байтқа, битке айналдыр ҚБ: стикер /2балл/ 3-тапсырма. Компьютермен жұмыс Дескриптор: -берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды | Мұғалімді тыңдайды ASCII коды кестесімен танысады 1-тапсырманы орындайды 2-тапсырманы орындайды 3-тапсырманы орындайды | Стикер 2 балл Стикер 2 балл Стикер Әр тапсырмаға 2 балл | Оқулық Дәптер ASCII коды кестесі Оқулық Компьютер |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | |
Үй тапсырмасы | § 1.4, 22-бет 3-тапсырма | | | |