Файл: 1жргізуші Ана тілімсарылмайтын блаым, Ана тілімазынасы мрамны. Ана тілімбостандыым, егемен, Ана тілімсалтдстрім, жырнім. 2жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты:Халық өнерін игеруде-жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерді жалғастыруға баулу. Оқырмандарды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру; ата дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез-келген оқырманның күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру,ой-өрістерін ұштау,ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.
1-жүргізуші: 

Ана тілім-сарқылмайтын бұлағым,

Ана тілім-қазынасы мұрамның.

 Ана тілім-бостандығым, егемен,

Ана тілім-салт-дәстүрім, жыр-әнім.

2-жүргізуші: 

Әдебиетім-ойымның нық қазығы,

Жауқар жырлар-жүректің жан азығы

 Әдебиетім - арманы мол бабамның

Болашаққа қосып кеткен наз,үні!

1-жүргізуші: 

Ассалаумағалейкүм, тереңге тамыр жіберген тарихынан тәлім алған, туған тілдің тұнығының нәрін алғандар!

2-жүргізуші: Армысыздар,бармысыздар, өрлі де асқақ рухты  тәуелсіз елдің  ұлағатты ұстаздары мен жас ұландары!
1-жүргізуші:  

«Балалар және театр» , «Оқуға құштар мектеп» жобалалры аясында ұйымдастырылып отырған «Әдебиет керуені» атты әдеби кешті бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: 

Сан ғасырлар бойы кең даланы шарлап, талай қиын - қыстау кезеңнен өткен ана тіліміз күні бүгінге дейін өз құдіретін жоғалтқан емес. Ана тілдің құдіреті шексіз.

2-жүргізуші: 

Осы ана тіліміздің құдіреттілігі арқылы біз сан ғасырлық болған оқиға мен тарихты, керек десеңіз тәрбиені әдебиет деген ерекше әлем арқылы  біліп, ұрпақтан ұрпаққа туған тіліміз арқылы мұра болып келеді.

1-жүргізуші: 

Ал,әдебиет - адамды адам,нағыз азамат ететін, оны рухани шыңдайтын, жанына жолдас болатын ерекше ғылым және ғажайып өнер. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану» құралы десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.

2-жүргізуші: 

Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржанының қыр-сырын үйренуден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – адалдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әдептілік, кішіпейілділік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіреді.

1-жүргізуші: 

Әдебиет – барлық білім мен өнердің, барлық пәндердің атасы. Ой,ойлау, ойланту барлық пәндерге де керек. Ал, ойсыз өмір сүру мүмкін емес нәрсе.


2- жүргізуші:

 "Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев.

Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.

1-жүргізуші:

Мәңгілік бала бейне — жазушы Роза Мұқанова шығармасы. Көркем әдебиет стиліндегі әңгіме.

Шығарма меңіреу қалған мүгедек 16-17 жастағы Ләйләнің өміріндегі қиындықтары жайлы баяндайды. Ләйләнің мешелдігіне сол бір саңырауқұлақ іспеттес жарылыс кінәлі болған. Семей полигоны кезінде мүгедек болып өмірге келген. Қыз бұл оқиғадан соң түрі 8 жас шамасындағы бүлдіршін күйінде қалып, өспей қалған. Ата-анасынан айырылған байғұс Ләйлә әпкесі жүрексіз Қатираның қолында өседі. Қатира оны кемсітумен болады. Ләйлә әр түн сайын аймен сырласады. Бір тойда өзінің бала кездегі досы Құмарды, би алаңындағы өзін елестетеді. Бұдан соң бірде төсек тартып қалады. Оқиға соңында Ай да, Ләйлә да бір-бірін қимай мәңгілікке қоштасады. Әңгіме Ләйләнің өлімімен, Қатираның жалғызының жүзеге аспаған тойымен аяқталады.

2-жүргізуші:

Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) — халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.

1-жүргізуші:

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО

 үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. [1]

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

«Двенадцать месяцев» — драматическая сказка (пьеса-сказка) Самуила Маршака, написанная в 1942—1943 годах для МХАТа. Премьера состоялась 10 марта 1945 года на сцене Свердловского дворца пионеров, позже спектакль ставили в Московском театре юного зрителя в 1947 году и во МХАТе в 1948 году. Пьеса состоит из четырёх действий и восьми картин.

Әпке (драма) - екі бөлімнен тұрады. Дулат Исабеков 1977 жылы жазған. Сахналық қойылымға арналған шығарма.

Драма Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі 
Қостанай облысыЖангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[2] Ахмет Байтұрсынұлының абақтыда отырып анасына жазған сезімге толы “Анама хат” атты өлеңі ақын туындыларының маржан деп те айта аламыз.

Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» атты поэмасы биылғы мерейгер кітаптар топтамасына кіріп орыс тіліне тәржімаланғанына 75 жыл толып отыр. Мектеп кітапханасы осы атаулы датаға бейне шолу ұсынады. Сұрапыл соғыс жылдарында жаратылысы нәзік болса да, сайдың тасындай сарбаздардан кем түспей, қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарының есімдері ел есінде. Солардың бірегейі, қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған пулеметші – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова. Ерлермен бірге иық тірестіріп майдан даласына аттанған сол кезде небәрі 20 жастағы өрімдей бойжеткен Мәншүк Мәметованың ерлігі де жұрт жадынан мәңгілік өшпейді. Зеңбірекшілер батальонына қабылданған қайсар қыз бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алады. Осы батальон 1943 жылдың күзінде Изоча бекетін жау қолынан босатуға қатысты. Алайда көп сарбазынан айырылған Кеңес әскері кейін шегінуге мәжбүр болады. Мәншүк осы кезде: «Сендер бара беріңдер. Мен кетсем сендерді кім қорғайды?» деп қалып қояды. Осылайша қайтпас қайсар қыз «Максим» зеңбірегімен жүздеген немістің көзін жойып, сол майданда өзі де ерлікпен қаза табады. Арада 6 ай өткен соң қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ақын, жазушы Мәриям Хакімжанова 1945 жылы қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі туралы «Мәншүк» поэмасын жазса, 1969 жылы «Мәншүк туралы дастан» (сценарий авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильмі түсірілген.


Оралхан Бөкей (28.09.1943Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылы — 17.05.1993ҮндістанДели қаласы, Алматыда жерленген) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

“Жылымық”. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің әңгіме-новелласы сахналанды. Қойылым көрермендерге радиохабар ретінде ұсынылды.

Жанардың тумысынан көзі көрмейді. Бойжеткенге өзінен 10 жас үлкен жігіт ес-түссіз ғашық. Бастапқыда ер азамат ештеңеге қарамай барлық қиындыққа төзе алатындай көрінеді. Бірақ, уақыт өте оның Жанарға деген сезімі суып кетеді.