Файл: Блімні атауы Визуалды нер Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы: Визуалды өнер

Мектеп: Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектеп МДШО

Күні: 23.10.2020

Мұғалімнің аты-жөні:

Болекбаева Мадина Маратовна


Сынып: 6 Пәні: Көркем еңбек

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Заманауи портрет. Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру


Сабақ мақсаттары



  • Заманауи портрет түрлері, жанрлары мен өзіндік жаңа түрлерін сипаттап(суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру, зерделеу.

  • Фотоаппарат құрылысымен танысу және фототүсірілімдегі жүйені білу.

  • Фототүсірілімдегі негізгі маңызды ережелермен танысып, өз бетінше шығармашылық тұрғыда қолдану.




Бағалау критерийі


  1. Тарихи және заманауи суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыра отырып, заманауи фото түрлері, жанрлары мен өзіндік жаңа түрлерін біледі.

  2. Фотоаппарат құрылымын кеңейтілуін сипаттай отырып, фототүсірілім жүйесі негізінде жұмыс жасай алады.

  3. Фототүсірілімге шығармашылық, барынша зейінмен эксперименттік фото суреттерді түсіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

3 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал туғызу:

-Сыныпқа кірерде амандысу мен бір тілек айтылады, мысалы: «Күн сәтті өтсін», «Сәттілік» т.б.

Оқушылар, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Топқа бөлу

«Сәйкес келсе» әдісі

Сыныпқа кірместен әр бала сынып сыртында жәшікте тұрған фотоларды бір-бірден алады. Сыныпқа кіргенде бірден фотоға сәйкес өз тобына отырады.

І топ: Егер Моно Лиза фотосы болса «Зерттеушілер» тобы

ІІ топ: Егер ескі форматтағы фото болса «Тапқырлар» тобы

ІІІ топ: Егер заманауи фото болса

«Дарындылар» тобы

болып үшке бөлінеді.
Сабақ мақсаттары мен бағалау

Критерийлерін таныстырады.





Карточка қиындылары

Сабақтың ортасы

30 мин


1.Тапсырма «Сен білесіңба?...» әдісі.

(Барлық оқушылар орындайды).

Топ бойынша жаңа тақырыпты талдап, зерттеп ашады ( кітап немесе кез –келген ақпарат көздерін еркін қолданады). Әр топ өз тобының атына сәйкес «Постер» құрып қорғайды. Негізгі шарт әр топқа 3 минут уақыт беріледі, әрбір топ мүшесі бір сөйллемнен айтуы қажет.
І топ: «Зерттеушілер» тобы

- Мона Лиза суретін салған  Леонардо да Винчи сияқты өзге ұлт және қазақ тарихындағы атақты суретшілер мен мүсіншілер туралы қысқаша мысал келтіріп, салыстыра мәліметтер айтады.
ІІ топ: «Тапқырлар» тобы

- Фотосуреттердің типі мен тарихына қысқаша тоқталып, ақ-қара, түрлі – түсті фото негізінде камераны құру және дамытудың ғылыми факторларымен таныстырады.




ІІІ топ: «Дарындылар» тобы

- заманауи фото түрлері, жанрлары мен өзіндік жаңа түрлері туралы қысқаша ақпараттар береді.

Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін тапсырма:

Қандай фотокамера түрлерін білесің?
Дескриптор

  1. Оқушылар өз және өзгеде тарихи суретшілер туралы ақпарат алады.

  2. Фотосуреттер тарихымен танысып, ғылыми факторлармен танысады.

  3. Заманауи фото және оның түрлері мен жанырларын ажырата алады.


ҚБ: Топтар бір-біріне «Комментарий сөздері» арқылы бағалау. (керемет, жақсы, бәрі түсінікті т.б.)

2-Тапсырма.

Әр жұпқа тапсырма

«Сызықша» әдісі

Әр топта « сызық бағыттаушы» арқылы қарама- қарсы отырған оқушымен жұптасады.

- Фотоаппарат құрылымын кеңейтілуі туралы ақпарат қарап бір-бірімен талқылап, пікір алмасады, сипаттайды.Фототүсірілім жүйесі негізінде жұмыс жасау ережелері мен ерекшеліктері, камера мен фотоаппараттың құрылысымен танысады.
ҚБ: «Шар» арқылы бағалау

Шардың көлеміне қарай бір-біріне баға береді, шарға қосымша пікір жазып қалдыруға болады.
Дескриптор:

  1. Фотоаппарат құрылымын кеңейтілуі туралы біледі

  2. Фототүсірілім бағыты мен мақсатына қарай фотоаппарат кеңейтілуінің түрлерін қолдануды біледі.

  3. Қашықтық немесе жақын фокус, жарықты ыңғайлы қолдана алады.



3- Тапсырма

«Мен фотографпын» әдісі

Әр оқушы мүмкіндігінше фотоаппарат немесе фото-камерамен бір шығармашыл фото жасап көрсетеді.

Дескриптор:

  1. Фотоаппарат немесе кез-келген фотоқұрылғыны қолданып біледі

  2. Фотоны түсіру кезінде шығармашылық тұрғыда бағытты таңдай алады.



Қабілетті оқушылар үшін тапсырма:

Оқушының қажеттілігін ескере отырып төмендегідей тапсырма беремін:

●Макротүсірілім жасау, қиыншылықтары мен ерекшеліктерін сипаттау.
ҚБ:

«Төс белгі» әдісі

Әр балаға жұмысты орындау ерекшелігіне қарай төс белгілер тағу (Үздік фокусация, Үздік кеңейтілім, Үздік бағыт)




Суреттер


А3 қағаздары, түрлі – түсті маркер, дайын суреттер жиыны,желім.

Ақпарат көзі жеке плншеттер мен интернет желі



Фотоаппарат және камералар





Фотоаппарат және камералар







Сабақтың

соңы

8 мин



Кері байланыс


«Пошта» әдісі

Оқушылар мұғалімге немесе оқушылар бір- біріне тілек, ұсыныс, пікір хаттарын стикерлерге жазады.