ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 43
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | "Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ" | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын) | «Отбасы алтын дінгек» | |
Сабақтың мақсаты: | Сынып оқушыларына отбасы тәрбиесінде ой салу, ата - ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу. | |
Құндылықтарды дарыту | Отбасын сыйлауға тәрбиелеу | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Бірінші болып оқушылар, олардың артынан дөңгеленіп ата – аналар отырғызылуы керек. Дөңгелек үстелдің ортасына өсірілген гүл қойылады. Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі. Әдемі ой салар әуен қойылып, сол әуенмен ата – ана да, оқушылар да орнына отырады. Пайдаланған өсиет сөздер: 1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай) 2. Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин) 3. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен) | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер Салынған талдың суреті пайда ланады. |
Сабақ басы (13 мин) | Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді десіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық. “Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз, қарым - қатынас мәдениеті қандай? Бүгінгі балаларымыз “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер. | Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі) а) отбасы бақыты – ол…. ә) бақыт дегеніміз — ….. б) борыш дегеніміз -……. в) отбасы бақыты үшін мен……. г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен…… (осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек) | бейнежазба музыка |
Ортасы (20 мин) | Оқушыларға сұрақттар қойылады | Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады: а) – ой, мама, қойызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?) ә) отбасы бақыты кімнің қолында(ананың, әкенің, балалардың) б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе? | Сұрақтар жазылған парақтар |
Соңы | Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған хадистен сөз оқылады) | Ата – аналарға берілетін сұрақ: балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме? Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі, ал ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі. Оқушыларға берілген тапсырма: Мына сандардың астында бір – бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көр. | бейнежазба |
Ата - анаға арналған сауалнама.
-
Балаңыздың аты - жөні.......................................................................
2. Балаңыз мектепке ынтамен келе ме?....................................
3. Мектеп режиміне қалыптасты ма? Жаңа күн тәртібін қабылдай ма?
- әзірге жоқ
- жоқ
- иә
- жауап беруге қиналамын
4. Өзінің сабақтағы жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктеріне қинала ма?
- жоқ
- иә
- сөзсіз қиналады
- жауап беруге қиналамын
5. Балаңыз сізбен мектептегі әсері жайлы өз ойын жиі бөлісе ме?
- әзірге жоқ
- кейде бөліседі
- әрдайым бөліседі
- өте жиі бөліседі
6. Алған әсері қандай?
- негізінен эмоциясы жағымды
- әр түрлі, бірақ жағымсызы көп
- жағымсыз және жағымды әсері бірдей
- негізінен жағымсыз әсер
7. Балаңыз күнделікті сабақ оқуға қанша уақыт жұмсайды?
- анық көрсетіңіз...........................
8. Балаңыз үй тапсырмасын орындауда сіздің көмегіңізді қажет ете ме?
- әрқашан көмек керек
- жиі көмектеседі
- кей кезде көмектесемін
- көмек қажетсінбейді
Ата - ананың аты жөні.................................................
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
(Қолыңыздан келе ме?)
Жауаптары:
А) Қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын.
Ә) Қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б) Қолымнан келеді.
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Ғаламтор сөйлейді» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Интернетке қаншалықты тәуелдісің» | |
Сабақтың мақсаты: | Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Санамыздажаулапалғанинтернетдегеналыпжелібалатұрмақүлкенніңдебарермегінеайналыпкеткен. Ермегідейміз-ау, интернет-адамныңкөзі, құлағыһәмтілідесектеартықайтқандықемес. Себебі, қазірқарапотырсаңыз, мүмкіндігішексізғаламторжелісінеңбектегенбаладанеңкейгенқарияғадейінбелсендіпайданалады. | Оқушылар ғаламтордың пайдасы мен зиянын айтады | Қағаздар маркер |
Ортасы (20 мин) | Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор. Оның өзі шығу тарихы да қызық. | | Компьютер |
Соңы | Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. | Оқушылар постер қорғайды | Презентация |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Салт дәстүрді білесіңбе?» | |
Күні | | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын) | | |
Сабақтың мақсаты: | Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушылардың ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. | |
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық салт - дәстүр үлгісінде ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелерінің үлгілерін бүгін тамашалап көрелік. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған. | Оқушылар өз ойларын жеткізеді | бейнежазба |
Ортасы (20 мин) | Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы. | Сөзжұмбақ шешу. 1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі. 2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі. 3Кәделі ет мүшелері. 4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш. 5. Қуанышты хабар Сөзжұмбақ шешу. 1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі. 2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі. 3Кәделі ет мүшелері. 4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш. 5. Қуанышты хабар | бейнежазба |
Соңы | Дәстүр - кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған. Бұл жөнінде де өткен заман ғұламалары тебірене айтқан Мысалы, Шоқан Уәлиханов «Түркі тектес халықатрдың ішінде поэзиялық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады» десе, Г. Н. Потанин: қазақта ақындық творчество аса дамыған, ақын деген сахараға сыймайды» дейді. Жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады. | Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің? | комппютер |