Файл: Блім Адам жаныны пиясы блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Бөлім:

«Адам жанының құпиясы» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Аязбекова Анар Рысбаевна

Күні:




Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасай алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. Сонымен қатар автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Сабақтың ортасы

Педагогтің іс-әрекеті

Жұптық жұмыс. 1-тапсырма: (жабық тапсырма) «Шындық па, жалған ба?» әдісі

Топтық жұмыс.

2-тапсырма: (ашық тапсырма) Шығармамен жұмыс «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша тапсырма беріледі.

1-топ: Поэма желісі бойынша Құлагердің қасиетін сипаттаған автор ойын қара сөзбен жазып шығады. (Жазушылар)

2-топ: Поэмадағы Ақан сері туралы мәліметтерді өз зерттеулері арқылы кеңейтіп көпшілікке мәлімет ұсынады. (Ғалымдар)

3-топ: Поэмадағы оқиға желісі бойынша табиғат көрінісі, Ақан қасіреті немесе Құлагер бейнесін сурет түрінде көрсетіп, қорғайды. (Суретшілер)


Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар жұптасып, бір-біріне поэма желісі бойынша, автор туралы үш мәлімет айтады. Оның екеуі шындық, ал біреуі жалған болуы қажет.

Әр топ мүшелері өз іштерінде бірігіп қалаулары бойынша рөл таңдап, тапсырманы сол рөлге сай топта орындайды.


Бағалау

Бағалау критерийі: оқушылар көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Дескриптор:

  • Шығармадағы оқиға желісімен таныс екендігін аңғартады;

  • Білетін мәліметтерімен бөліседі;

ҚБ. «Кімдікі ұтымды болды?» әдісі

Жұптардың ұсынған мәліметтерінің ішінде ұтымды қайсысы? Неліктен?

Саралау тәсілі: Бұл жерде саралаудың нәтиже немесе жауап бойынша саралау тәсілі көрінеді. Саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топта барлық білім алушыларды ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әртүрлі болады.

Бағалау критерийі: оқушылар автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасай алады.

Дескриптор:

  • Поэма желісі бойынша автордың идеялық стилистикалық тұтастырушы екендігін рөлге ену арқылы анықтайды;

  • Ғалымдар рөліне ену арқылы тарихпен байланысына көңіл бөледі;

  • Оқиға желісі бойынша сурет салады;

ҚБ. Топ ішінде талқыға салады. «Бағдаршам» әдісі бойынша айқындалған мақсаттарға байланысты ойларын білдіріп, бір-бірінің жұмысын бағалайды. «Өте жақсы» болса, Неліктен? «Жақсы» болса, Неліктен? «Орташа» болса, Неліктен? (Кемінде бір дәлел)

Саралау тәсілі: Бұл жерде қарым-қатынас формалары бойынша саралау әдісі қолданылған. (топтық жұмыс)

Ынтымақтастық оқыту –саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.


Ресурстар

Стикерлер

Оқулық

Маркер

Флипчарт