Файл: Ата аналар жиналысыны хаттамасы 1 тілген кні 25 тамыз 2022жыл Таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ата –аналар жиналысының хаттамасы №1
Өтілген күні: «25» тамыз 2022жыл

Тақырып: 2022 - 2023 жаңа оқу жылы

Қатысқандар : 7 «Ә» сынып ата-аналары

Ата –аналар жиналысының күн тәртібі:

1) 2022-2023 жаңа оқу жылы

2) Мектептің жалпы ішкі ережесі және мектеп формасы туралы

3) Әр түрлі мәселелер.

Тақырып бойынша сөз сөйлегендер:Сынып жетекшісі Утепбергенова Б.М. ата-аналарға өзін және күн тәртібін толық таныстыра отырып, алдағы уақытта ата-аналарды мектеппен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Содан кейін бірінші мәселе бойынша ата-аналарға ой тастады: Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Қоғамда әртүрлі жағдайлардың болатынын және сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі ер балар екенін ескере отырып, түсініспеушілік туындамау үшін алдын- ала бірлесе жұмыс жасау керек.

Келесі сөз кезегін мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысқан 7«Ә» сынып ата-аналары

Онда қоғамда болым жатқан жат қылықтар,сонымен қатар ұялы телефонды оқушылардың шектен тыс пайдаланатыны жөнінде ата-аналарға айтып өтті.

Ата- аналармен өзара пікір алмасу
2.Мектептің жалпы ішкі ережесі және мектеп формасы туралы

сынып жетекшісі негізгі оқушы міндеттеріне түсініктеме берді

Оқушылар келесіге міндетті:

  • сабаққа ұдайы қатысуға, мемлекетті білім беру стандарттары талабына сәйкес білім, білік, практикалық машық және құзырлылықты игеруге;

  • мектеп жарғысында қарастырылған талаптарды орындап, ішкі тәртіпті сақтауға;

  • мектеп формасы үлгісіндегі өзінің сыртқы киім үлгісін киюін қадағалауға (көк түсті костюм, классикалық іскерлік үлгідегі киім: ұлдар үшін - пиджак, шалбар, көйлек, туфли, қыздар үшін – пиджак, юбка немесе шалбар, көйлек, туфли);

  • өз денсаулығын сақтау, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, рухани және жеке дамуын қалыптастыру, дәрігердің айтуымен үнемі медициналық тексерістен өтуге;

  • мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткен нәтижелерін үнемі ата-анасын хабардар етіп отыруға;

  • педагогикалық қызметкердің абыройын сыйлау, оқу мекемесінің дәстүрі бойынша қоршаған адамдарға толерантты көзқарас ұстануға;

  • мектеп мүлкіне немқұрайлы қарамау;

  • діни, әлеуметтік бітімсіздікті және ерекшелікті, халықаралық құқық пен имандылық қағидаларына қарсы әсер идеяларды болдырмауға.



Әртүрлі мәселелер:

Ұялы телефонды пайдалану ережелері оның зияны жайында.

Оқушылардың кітап оқуы, үй жұмысын орындауы, ана тілінде сөйлеуі, жалпы тәртіп жағдайлары.

Ата-аналар комитетін сайлау.

Сұрақтар мен ескертулер:

Тегін тамаққа құжаттар жинауды тездету.

Қаулы:

1. Мектеп пен ата –ана арасындағы байланысты нығайту.

2.Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарға бағыну және мектеп формасын сақтау.

Ата- ана комитетінің төрайымы: Казиева Г. К.

Хатшы: