Файл: Математика, физика жне информатика пндер апталыыны орытынды кеші таырыбы Цифрлы лемге кемел біліммен Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ

Тақырыбы: «Цифрлы әлемге- кемел біліммен»

Мақсаты:

  • Мектеп көлемінде ұйымдастырылған кештің негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;

  • Математика пәні бойынша білімдерін кеңейту;

  • Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру

Құрал –жабдықтар: Шарлармен безендірілген зал, нақыл сөздер жазылған плакаттар, үлкен экран, оқушылар қолдарымен жасалған стереометриялық фигуралары және салынған стенд-газеттері.

Кеш барысы:

Қайырлы кеш құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгінгі «Цифрлы әлемге- кемел біліммен»атты математика, физика, информатика пәндер апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер.

Уа, жарандар, жарандар!

Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар

Ғылымдардың ғылымы

Математика, физика, информатика жайында

Кешімізді  бастаймыз

Ән:

Орындайтын:

Жүргізуші:

Бүгінгі апталықтың қорытынды кешінде сіздермен бірге қауышқанымызға қуаныштымыз.
Жүргізуші:

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.

І кезең Серпілген сауал
МИФ ПӘНІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР

1-топқа

1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? Жауабы: үтір

2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

Жауабы: 18

3. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? Жауабы: 3

4. 5 сыныптағы математика оқулығының авторы кім? Жакабы: Т.Алдамұратова ; Әбілқасымова

5. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик. Жауабы: Әл-Фараби

6. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )

7.Конвекция деп нені атаймыз? Конвекция-бұл жылудың ауа н/се газ ағыны және сұйықтық арқылы берілуі

8. Жылу алмасу дегеніміз не? ЖЫЛУ АЛМАСУ – температураның өзгерісінен туындайтын жылу тасымалының өз еркімен өтетін қайтымсыз үрдісі. 

9.Термодинамиканың I-ші заңы? Термодинамиканың бірінші заңы - энергия жасалмайды және жойылмайды, бірақ бір түрден екінші түрге ауысады


10.Электр заряды дегеніміз? Электр заряды дегеніміз дененің немесе бөлшектің электромагниттік әсерге қабілетін сипаттайтын дененің ішкі қасиеті

11.Компьютердің ауруы........? ( Вирус )

12. Компьютердің теледидары? (монитор )

13.Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
14. Бір килобайт … тең (1 024 байтқа) 

15. Принтердің неше түрі бар? (3)
2 топка

1. Диффузия дегеніміз не? Диффузия – бір заттың молекулалары мен атомдарының басқа бір заттың молекулалары мен атомдарымен өзара араласу процесі,

2.Астраномия ғылымы нені зерттейді? Астрономия жұлдыздар, планеталар, кометалар мен галактикалар сияқты аспан объектілерін ғылыми тұрғыдан зерттейді.

3.Заттың неше күйі болады? Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде: қатты, сұйық және газ күйлерінде бола алады.

4. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не? Қозғалыс траекториясы - қозғалыстағы нүктенің кеңістіктегі сипаттайтын сызығы.

5. Инерция қандай құбылыс? Денеге басқа денелер әрекет етпеген кезде қалыптасқан жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. 

6. Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі. Жауабы: Евклид

7. Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі Жауабы: Рене Декарт

8. Барлық бұрышы тең болатын төртбұрыш Жауабы: тіктөртбұрыш

9. Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысы мен тең Жауабы: 1; 2; 3

10. Тәуліктің төрттен бір бөлігі Жауабы: 6 сағат

11. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

12. Вирусты анықтап, емдейтін бағдарлама? (антивирус)

13. Сканер сөзінің баламасы (мәтіналғы)

14. Компьютердің “атасы” деп, кімді атаймыз? Чарлз Бэббидж

15. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? пернетақта

3 топка
1. Барлық ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? компьютер
2. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша (см) болу керек? 60-70 см
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? бит
4. Компьютердің “миы” деп қай құрылғыны атайды? процессор
5. Компьютер жанында тұратын өсімдік атауы? кактус

6.180 градусқа тең бұрыш Жауабы: жазыңқы бұрыш

7. Бұрышты өлшейтін құрал Жауабы: транспортир

8. Қиылыспайтын екі түзу Жауабы: Параллель түзулер



9. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда Жауабы: диаметр

10. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш Жауабы: Квадрат(шаршы)

11. Материя дегеніміз не? Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. 

12. Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама? Үдеу-жүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама

13. Тербеліс жиілігі деп қандай шаманы айтады? Тербеліс жиілігі деп бірлік уақыт ішіндегі тербеліс санына тең шаманы айтады.

14.Күш дегеніміз? Күш дегеніміз - бұл дененің күйін өзгертуге әкелетін, басқа денелер немесе өрістердің берілген денеге әсер етуінің өлшемі болатын векторлық шама

15. Гравитациялық күштер дегеніміз? Бүкіләлемдік тартылыс күші барлық денелердің бір-біріне дененің массасына және дене арасындағы қашықтыққа байланысты күшпен тартылатындығымен көрінеді.

4 топка

1. Отырадан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик (Әл-Фараби)

2. Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сан (екі)

3. Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышты кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (Бес бұрышы)

4. Тік төрт бұрыштының ауданын қалай табамыз? ( Ұзындығы мен енін көбейтеміз ).

5. Оң санға да, теріс санға да жатпайды? (0 (нөл саны)

6. Импульстің сақталу заңы? тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады){\displaystyle {\vec {p}}_{1}+{\vec {p}}_{2}={\vec {p}}_{1}^{\prime }+{\vec {p}}_{2}^{\prime }}

7.Ағын сызығы дегеніміз не? Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтар ағын сызықтары деп аталады. 

8. Броундық қоғалыс деп.. сұйық не газ ішіндегі ұсақ бөлшектердің қоршаған орта молекулаларының соққысы әсерінен болатын бей-берекет қозғалысы.

9.Ең кіші ғаламшар (меркурий)

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? (Спидометр)

11. Ақпаратты басып шығаратын құрылғы? (принтер)

12. 1 байтта неше бит бар? 8 бит

13. . Ойын ойнауға арналған құрылғы? (Джойстик)

14. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

15. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? (бит, байт,килобайт, мегабайт, гегабайт, терабайт)

Математика ермек емес балалық,

Математика – көрегендік даналық.

Математика құрметтеуге лайық

Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
ІІ кезең Жүйрік болсаң озып көр

Бұл бөлімде әділқазы алқасының алдынан барып топшама суыру арқылы есеп таңдайсыз. Алдыңызда берілген ақ параққа есептің шығару жолын жазып тапсырасыздар. Бұл жерде топтың жұмылып есепті шығаруы бағаланады. Іске сәт Берілетін уақыт 10 минут.
Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой. дей келе
ІІІ кезең

Бұл не? Сипаттау бөлімі

Алдарыңызға бір құрал беріледі. Соны сипаттап


Уақыт: 5 минут
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген-дей келе

келесі кешіміздің соңғы бөлімі логикалық ойлауыңызды арттыратын тапсырмаларға кезек береміз. Ойлан тап

Экраннан бейне сұрақтар көрсетіледі. Сұраққа ойланып топ болып ақылдасып жауап береміз.

Жүргізуші:

Білім- деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп 14-18 ақпан аралығында оздырылған шаралардың қорытындысын жариялап марапаттау үшін сахнаға

Гүлшат Саматқызын,

Светлана Қуандыққызын

Кулаш Михайлқызын ортаға шақырамыз.

Ортаға шақырамыз.
Ұстаздар арасында өткен Кеменгер ұстаз онлайн олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау үшін ортаға Гүлшат Саматқызын ортаға шақырамыз.

Оқушылар арасында өткен МИФ үздігі онлайн олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау үшін ортаға Светлана Қуандыққызын шақырамыз.
Сайысымыздың қорытындысын жариялау үшін ортаға Кулаш Михайлқызын ортаға шақырамыз.
Қорытынды
Көңіл бөліп бұл кеште

Қатысушыларға көп рахмет!

Алдыңызда жайнаған жүздер әлі

Сендермен кездесеміз біздер әлі, - дей келе кешімізді аяқтаймыз. Ұйымшылдықпен қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз... Сау-саламатта болыңыздар....


1.Аспан денелерін зерттейтін құрал (телескоп)

2. Көлемін де, пішінін де сақтамайтын? (газ)

3.Қуат бірлігі? (Ватт. Вт)

4.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама? (Кернеу)

5.Орын ауыстыру қандай шама? (Векторлық)

1.Период қандай әріппен беріледі? (Т)


2.Жол қандай шама? (Скаляр)

3.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы? (балқу)

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек? (электрон)

5.Кернеуді өлшейтін құрал? (Вольтметр)