Файл: жымды процестерді жне оыту тсілдерін дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қиындығы

  • Сабақта тәртіп бұзылуы мүмкін.

  • Әр оқушы өзіне жүктелген міндеттерімен айналысқан кезде, мұғалімге олардың назарын өзіне аудару қиынға соғады.

  • Кейбір оқушылар жеке жұмыс істегенді жақсы көреді.

  • Мұғалімдердің жаңа рөлді орындауға тәжірибесі жетіспеуі мүмкін.


Төңкерілген сынып

«Төңкерілген сынып» термині сабақ жоспарын керісінше жасау дегенді білдіреді. Әдетте мұғалім алдымен жаңа тақырыпты түсіндіреді, содан кейін тақырыпқа байланысты жаттығуларды орындауды ұсынады, сосын үй тапсырмасын береді. Ал бұл әдіс бойынша мұғалім жаңа тақырып бойынша оқушыларға жазба ұсынады, ал оқушылар жазбамен сабаққа дейін өз бетінше танысып шығады. Осылайша, сабақ барысында оқушылармен қарым-қатынас жасау, олардың сұрақтарына жауап беру, қиындықтарды шешу, материалды талқылау және пысықтау арқылы әлдеқайда уақытты тиімді пайдалануға болады.
Артықшылығы

  • Практикаға, сұрақтар қоюға және тақырыптың ең күрделі аспектілерін талқылауға уақыт жеткілікті болады.

  • Оқушылар негізгі ұғымдармен, ақпаратпен өз бетінше танысып шыққаннан кейін, тақырыпты тереңірек зерделеуге мүмкіндігі болады.

  • Проблемаларды шешу және сыни ойлау дағдыларын дамытуға уақыттың жеткілікті болуы.

  • Тақырыпты егжей-тегжейлі нақтылауға, сұрақтар қоюға және өз көзқарасын қорғауға үйрету мүмкіндігі.


Қиындығы

  • Мұғалімдердің барлығы тақырып бойынша жеке және ерекше оқу материалын дайындай алмауы мүмкін, дайындалған материалдардың сапасы мен деңгейі мұғалімге байланысты болады.

  • Егер оқушы сабаққа алдын ала дайындалмаса, ол оқу процесіне толық қатыса алмайды.

  • Кейбір оқушыларға сабақтағы мұғалімнің түсіндірмесінсіз, өз бетінше жазба арқылы тақырыппен танысу қиынға соғады.


Пәнаралық оқу

«Пәнаралық» деген сөз белгілі бір тақырып бойынша екі немесе одан да көп түрлі мектеп пәндерін немесе академиялық пәндерді қолдану практикасын, сондай-ақ проблеманы немесе сұрақтарды бірнеше тұрғыдан қарау процесін білдіреді.

Бүгінде өмірде көп нәрсе адамның әр түрлі фактілердің, оқиғалар мен теориялардың арасындағы байланысты анықтап, оларды жалпы контексте жүйелеу, айналадағы «үлкен әлем» бейнесін қалыптастыра алу қабілетіне байланысты. Сондықтан білімді кіріктіре білу білім берудің басты мақсаттарының біріне айналды. Мұғалімдер ұзақ жылдар бойы жеке пәндік бағыттарды дамытып отырды. Ал қазіргі таңда оқытушылар түрлі пәндерді ықпалдастыруға ұмтылуда.


Офистерде немесе заманауи зертханаларда, медициналық жаңалықтарды ашуда немесе күнделікті өмірде ықпалдастыруды қолдануды талап ететін күрделі міндеттер шешіледі Балаларда интеграциялық ойлауды дамытып, олардың білімдерін стандартты емес жағдайларда: сыныпта, жұмыста, қоғамда және жеке өмірде пайдалануға үйрету қажет.

Мектептерде пәнаралық бiлiм берудi енгiзу тәсiлдерiнiң бiрi - ортақ тақырыптар негізінде, оқу жоспарын келісіп, таңдайтын мұғалімдердің пәнаралық топтарын құру болып табылады.


  • Артықшылығы

  • Оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды оқу процесіне тарту деңгейін арттырады; ынтымақтастық атмосферасын құруға ықпал етеді.

  • Мұғалімдерге уақытты тиімдірек пайдалануға және негізгі тақырыптарға әр түрлі көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

  • Оқушыларға пәнді кеңірек түсінуін қамтамасыз ете отырып, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.




  • Қиындығы

  • Мұғалімдер мен оқушылар пәнаралық оқуға арналған тақырыптарды өздері таңдауы тиіс: тақырыптарды таңдау жоғарыдан белгіленбейді.

  • Осы әдісті қолдану кезінде оқушылардың білімін бағалауда олардың дайындығы жеткіліксіз болуы мүмкін.

  • Кеңірек зерттеуді қажет етететін тақырыптар үстірт зерделенуі мүмкін, бұл ретте көптеген пәндер (мысалы, медицина, құқық, машина жасау) неғұрлым терең және егжей-тегжейлі қарастыруды талап етеді.

  • Таңдалған тақырыптар оқушылардың нақты білімі мен тәжірибесіне сәйкес келмеуі мүмкін.




Оқу материалын дайындау бойынша командалық жұмысты ұйымдастыру

  • Жобаның негізгі мақсатын жұмыс тобының бірінші жиналысына дейін анықтаа алыңыз;

  • Топтың әрбір мүшесіне оның қалауын ескере отырып, нақты тапсырма жүктеңіз.

  • Жұмыс барысын бақылаңыз және материалдарды әзірлеуге жауапты тұлғалармен алдағы қадамдарды талқылаңыз.

  • Топ мүшелерін оқуға, түсініктеме беруге және ұсыныстар жасауға бағыттаңыз.

  • Пікір білдіру еркіндігін шектемеу керек, бірақ өз пікірін баяндаудың жалпы ережелерін ұсыныңыз.


Дереккөз: Тренды современного образования (Қазіргі заманғы білім беру үрдістері)

Алматы: «Bilim Media Group» ЖШС, 2017 жыл — 326 б.