Файл: Соза ауданы кімдігіні білім бліміні Т.лімлов атындаы 14 мектеп интернатлицейі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Т.Әлімқұлов атындағы № 14 мектеп интернат-лицейі
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
(8-11- сыныптар)
Ұйымдастырушы: Сұлтанова Динара
2018-2019 оқу жылы
Өтетін мерзімі: 28.12.2018 жыл
Өтетін орны:Т.Әлімқұлов атындағы № 14 мектеп интернат-лицейінің спорт залы
Жаңа жыл мерекесі (8-11-сыныптар)
Мереке тақырыбы: Қош келдің,Жаңа жыл!
Іс-шара мақсаты:
Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Аяз Ата- Ұласбеков Нышанғали
Ақша қар- Әліп Әсел
Жүргізушілер:
1. Садық Айғаным
2. Қалман Әсет
3. Мыңжасар Құралай
Мереке барысы:музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен, жарық түрлерімен безендірілген және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.
1-Жүргізуші– Армысыздар ардақты, ағайын, Ұлағатты ұстаздар! Салтанатты жаңа жылдық шырша тойдың қадірлі қонақтары!
2-Жүргізуші
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
3-Жүргізуші
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толық болсын маңайың.
Көргендер де көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
1-Жүргізуші
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіңдей айшықтанып арайың,
Жанға – шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
2-Жүргізуші
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті, халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
3-Жүргізуші
«Қош келдің,Жаңа жыл!» атты мерекелік думанды кешін ашып беру үшін мектебіміздің жанашыры, мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Тұрғанбаев Берік ағайымызды қошеметпен сахна төріне шақырайық.
1-Жүргізуші: Мына орындалар әсем ән сіздің құрметіңізге арналады, қабыл алыңыздар.
11-сынып оқушылары: Даутбаева Арайлым мен Құрманбай Нұрлының орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
Ой ,бәрекелді, тамаша әндеріңізге көп рақмет.
3-Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар, ортамызға бізбен бір жыл бірге болған ит жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Қош келдіңіз делік.
Бәрі: Қош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар доңыз жылын. 2018 жыл есте қаларлық оқиғалар мен мерекелерге толы болды, себебі мектебіміздің есімімен аталатын Тәкен Әлімқұловқа 100 жыл, күйші Төлеген Момбековке 100 жыл, Ауданымызға 90 жыл, Бәтима Батырбековаға 90 жыл, Асқар Сүлейменовке 80 жыл толған мерей тойларды тойладық. Біраз жұмыстар атқарылды, еш өкпем жоқ, келер жылдан күтер үміт көп, келер жаңа жыл жақсылығымен, қуанышымен келсін. Бірлік пен береке, толағай табыс әкелсін.
1- Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Көңіл көтеріп, ән салып, би билеп сені шығарып салайық.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар. (11 сынып Би биленеді)
(Доңыз жылы келеді.)
2-Жүргізуші:
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге,
Мен бастайын, ал сендер
Аяқтаңдар ойынды
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр.
Келе жатыр ...
Балалар: Жаңа жыл!
Доңыз жылы:
Ой, жарайсыңдар!
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болмақ. Тілегім болсын мәңгі ашық аспан, 2019 жылға қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!
Жүргізуші: Ал енді кешіміздің көркін келтіретін Аяз атамыз бен Ақша қарымыз қашан келер екен? (есік жаққа қарайды)
Доңыз: Асықпаңдар, олар келіп қалады, мен үлгермей қаламын деп асығып озып кеттім, ауыр сыйлықтарын арқалап жете алмай келеді.
3-жүргізуші
Достар мен жақсы хабар естідім.
1-жүргізуші
Ол қандай хабар?
3-жүргізуші
Біз әңгімелесіп тұрғанда Аяз ата мен Ақша қар да, мінекей, келіп қалыпты
. Қол соғып, қошемет көрсетіп қарсы алайық.
Балалар: Аяз Ата!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана «4» -пен, «5»-ке оқыңыздар!
Ақшақар: Саламатсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп, есікті зорға ашып жеттік-ау! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Қош келдің, Жаңа жыл! Жақсылықтың нышаны бол, барлық шаңыраққа береке-байлық әкелгейсің!
Аяз Ата: Ал, айналайын, жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл!
Аяз Ата:
Армысыңдар,қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!
Олай болса, сендерге сыйлығымды үлестірейін! Ол үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетуге тиіссіңдер.
Пошташы Печкин:
-Мінекей, сендерге «Алтын сандық» елінен үлкен кәмпит, тәттілер келді. Бұл сыйлықтар ең көңілді, қызықты, ерекше өнер көрсеткен өнерпаз сыныптарға табыс етіледі.
1-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы әніміз.
Ән айтамыз бәріміз де қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз- дей келе ортаға 8х/б- сынып оқушыларын шақырайық. (Жаңа жылдық тілек)
2-жүргізуші:
2019 жаңа жыл құтты болсын! Келіп жеткен Доңыз жылы бәрімізге бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
3-жүргізуші:
Боранмен буып белді,
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
1-жүргізуші:
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді, -дей келе ортаға 8 қ/т-сынып оқушыларын, қол соғып қарсы алайық! («Флешмоб» биі)
2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
3-жүргізуші:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ортаға 8 а-сынып оқушыларын шақырамыз.(жеке ән)
Аяз Ата: Әй, бәрекелді! Осы мерекеде күміс көмей, жез таңдай әншілер бар деп еді, мына әсем әуеннен көңілім көтеріліп қалды.
Ақша қар: Ата, әуелетіп ән салар әншілер ғана емес таланнты өнерпаздар бер деп те естіп едім. Мен сол өнер көрсетер таланттарды күтіп отырмын.
3-жүргізуші: Әрине біздің барлық оқушыларымыз өнерлі. Қане достар өздерің хабарлап жіберіңдерші!
1-жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі
2-жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт-деген ерекше құрметпен 9а-сынып оқушыларын шақырайық. (Көңілді тапқырлар клубы)
3-жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
1-жүргізуші:Көңілді кешімізді ары қарай жалғастыру үшін ортаға 9 қ/т- сынып оқушыларын шақырайық. (Флешмоб)
Аяз Ата: Ақша қар, қызым осы топпен бізде қосылып билесек қалай қарайсың? Жас кезімде жақсы билейтін едім.
Ақша қар: Ата, шырша кеші өте көңілді өтіп жатыр, билесек билейік!
2-жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым, - дей отырып, ортаға 9 х/б-сынып оқушыларын шақырайық.«Жаңа жылдық ән» Ортада Болатқызы Мерей, Амантай Берекені қарсы алыңыздар.
3-жүргізуші:
Жаңа жылда жарассыншы әніміз,
Әнмен болар бәріміздің сәніміз.
1-жүргізуші:
Жаңа жылға жақсы тілек тілейік,
Тату-тәтті, бақытты өмір сүрейік!- дей келе ортаға 10 а- сынып оқушыларын шақырайық. (Жаңа жылдық 5 тілде тілек )
2-жүргізуші:
Уа, ағайын, той бүгін!
Думанды басқа қой бүгін.
Бәріміз үшін ойлы күн,
Жаңа жылдық той бүгін,-дей келе ортаға 10 х/б- сынып оқушыларын шақырайық. (Вальс)
3-жүргізуші:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы,арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін-дей отырып кешімізді одан әрі жалғастырамыз,ортаға 10 қ/т- сынып оқушыларын шақырайық. . (Би)
Аяз ата:
Қарақтарым,шырақтарым!
Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым,енді сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін.
Аяз Ата:
Ал, балалар біздің де кететін уақытымыз болды. Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен мақсаттарың орындала берсін. Аман сау болыңдар. (шығып кетеді)
1-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын, балалар.
2-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!
3-жүргізуші: Осымен думанды кешіміз тәмам, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!