ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағаты
Сыныбы 7 «Ә»
Тақырыбы: Кітап – жан азығы
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға кітаптың қаншалықты құнды, бағалы дүние екендігін түсіндіру. Баға жетпес білім қоры екенін ұғындыру.
Дамытушылығы: Кітап оқуға саналы түрде баулу. Өз білімдерін талдап, ойларын тұжырымдауға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Өздерін алған білімдері арқылы жақсы әдеттерге бейімдеу. Көркем сөйлеуге, ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, көрнекіліктер арқылы ой түйіндеу.
Көрнекі құралдар: презентация, тірек сызбалар, суреттер, кітаптар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Келісім шарт түзу.
• Тәртіпті болу.
• Сабаққа белсенді қатысу.
• Қолды көтеріп, қатесіз, саспай жауап беру.
Мұғалім:
«Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін» деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітаптар арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ адамдардың өмірімен танысамыз.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.
«Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Ендеше, қымбатты балалар, бүгінгі «Кітап – рухани қазына» атты тәрбие сағатымыздың өзіндік мәні бар. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітап.
Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы, күнделікті оқып жүрген пәндерімізге қажетті кітаптар, «Қиял-ғажайып ертегілер», «Батырлар жыры», «Мақал-мәтел», ақындардың түрлі әңгімелері, шығармалары- осы кітап қорының негізгі рухани байлығы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Кітаптың шығу тарихы
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХVI ғасырда неміс өнертапқышы Гутенберг баспа станогін жасады. Ресейде тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығады.
Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан,туған жер, ел ордамыз туралы әңгімелерімен сыр шертіседі. Кітап – біздің ең жақын ақылшымыз.
«Кітап – рухани қазына» атты тақырыпта поэзияға көңіл бөлейік.
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы «Әліппеден».
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелеркітап-мектеп,
Өседі сол кітаппен бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
«Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» деп көрініске көңіл бөлеміз, тамашалап көрейік.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, жазба.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, кітап беттерінің арасына қалам, қарындаш салма.
Сұрақ-жауап. Кітапты қалай ұстау керек?
«Кітап – алтын қазына» демекші, ендігі кезекте сендердің кітаппен қаншалықты тығыз байланыста екендеріңді сұрақтарға жауап ала отырып анықтап көрейік.
-
Кітап неден жасалады? (ағаштан) -
Қажымұқан алтыны,күмісі бар барлығы неше медаль алған? (48) -
Небәрі 27 жас қана өмір сүрген дарынды ақын (С.Торайғыров) -
Абайдың өмір сүрген жылдары (1845-1904) -
«Көксерек» шығармасының авторы кім? (Мұхтар Әуезов) -
Астананың бұрынғы атауы қалай аталады? (Ақмола) -
Қазақ даласында мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин) -
Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991жылы) -
Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) -
Абылайдың денесі қайда жерленді?(Түркістанда)
11.Абай Құнанбайұлының азан шақырып қойған аты кім? (Ибраһим)
12. Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің саны (45)
13. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салатын кім? (Қожа)
«Білім – кілті кітапта» олай болса мақал мәтелдің жалғасын табайық.
-
Білім – таусылмайтын .... (байлық) -
Кітап – білім бұлағы, ... (Білім – өмір шырағы) -
Өнер – ағып жатқан бұлақ, .... (Білім – жанып жатқан шырақ) -
Өнер алды - ... (қызыл тіл) -
Наданмен қас болғанша, ...(кітаппен дос бол) -
Оқу инемен.... (құдық қазғандай) -
Жеті жұрттың тілін біл, .... (Жеті түрлі ілім біл) -
Мектеп – білім бесігі, ... (Білім – ғылым есігі) -
Кітап көзі жұмыққа арзан, ....(көзі ашыққа маржан)
10.Балапан ұяда не көрсе......(ұшқанда соны іледі)
11. Еңбек етсең ерінбей,.... (тояды қарның тіленбей)
12. Жақсының аты өлмейді, ...(ғалымның хаты өлмейді)
13. Қоянды қамыс өлтіреді, ...(ерді намыс өлтіреді)
Міне, балалар, біз өзімізге қажет деректердің барлығын кітаптан аламыз. Ендеше сөз кезегін кітапханашы апайға береміз.
Мұғалім: Сонымен, балалар, Бүгінгі «Кітап – жан азығы» атты тәрбие сағатымызда біз көптеген кеңестер алдық. Енді біз рухани байлық кітаптың және оны барлық адамдарға үлестіретін кітапханашының сенімін ақтаймыз деген ойдамын. Сондықтан да, білімімізді шыңдай түсу үшін үнемі кітапханамен тығыз байланыста болуымыз керек. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңді және ұсыныс тілектеріңді стикерге жазып Табыс ағашына апарып іліңдер.Келешекте ұсыныстарың қабылданып, алма ағашы жемісін берер деген үміттемін.