Файл: АйАру Балабашасы жшс бекітемін Бмегерушісі Г. Мусаева Жасыл шырша жанында.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ай-Ару» Балабақшасы» ЖШС
Бекітемін
Б/меңгерушісі Г.Мусаева
«Жасыл шырша жанында»
/ертеңгілік жоспары/
Ересек «Балдаурен» тобы
Өткізгендер: топ тәрбиешілері
Муз.жет: Г.Калиева
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: балалардың жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін дамыту.Мерекелік көңіл күй сыйлау.
Музыка ойналған сәтте балалар залға кіреді, жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: Жаңа жылдық мереке бұл әрдайым қызықты қиял-ғажайып ертегі секілді. Тек Жаңа жылда ғана бізге сұлу шыршамыз қонаққа келеді.
Балалар,қараңдаршы, біздің шыршамыз бүгін сондай әсем екен. Оған әдемі ойыншықтар ілінген!
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Шыршаға қатты айтайық:
Бір, екі, үш — шыршамыз жан!
Балалар: Бір, екі, үш — шыршамыз жан! (шыршамыз жанады)
Жүргізуші: Шыршамыз тұр ортада,
Оған шашу шашайық!
Тойлап көңіл ашайық!
Қуанысып күлейік,
Тақпақ айтып берейік.
«Шыршаға бардық» әні.
Балалар әнін орындағаннан кейін орындарына отырады
Жүргізуші: Жаңа жылдың жарқын айын, ән мен өлеңмен қарсы алайық!
Балалар кезекпен тақпақтарын айтады:
1.Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән саламыз баршамыз.
2. Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынғын.
Неткен сұлу шыршамыз,
ән салайық баршамыз!
3. Жаңа жыл – жаңа нұр,
Жаңа шаттық, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Ойнап барлық бала жүр.
4. Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық
Шырша тойын бастайық
5. Жасыл шырша жанында
Ойнап, күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңді ді айтамыз
6. Ёлка-красавица
Всем вокруг видна.
Нравится, нравится
Каждому она!
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, шырша туралы қаншама жақсы өлеңдер біледі екенсіңдер! Қараңдаршы, сендер жақсы тақпақтар айтқаннан кейін ол енді жақсы жайқалып, жанып тұр!
Шыршаның шамдары жарқырап жанады
Ақшақар қыз әнін айтып, кіреді.
Жүргізуші: Армысың, Ақшақарым! Аяз Атаның немесересі қандай жарқын! Ол өзі қардан жаратылған! Шаш бұрымы қар ұлпасынан. Көздері тұнық мұздан жасалған.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бізде бір қызық ойын бар, мұқият оны тыңдаңдар. Балалармен ойнаймын! Сиқырлауды бастаймын:
Ойын «Сиқырлы орамал»
Жүргізуші:
Балалар келді шыршаға
Қонақтар келді енді думанға
Қайда екен біздің көңілді,
Аяз Ата мейірімді?
Ақшақар: Жететін уақыты келді! Жолда біраз кідірді! Аяз Ата, ау! Ау-у-у!
Жүргізуші: Балалар, қанекей Ақшақарға Аяз Атаны шақыруға көмектесейік!
(Аяз Атаны шақырады, ол кіреді.)
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме, балалар мен ата-аналар! Жаңа жыл құтты болсын! Бақыт, шаттық орнасын! Ешқашан да ауырмаңдар! Әр қашан сау болыңдар! Аяз Атадан қорықпаңдар! Бірге ән салып, би билейік, жаңа жылда бәріміз шыршада көңіл көтерейік!
«Аяз ата мен балалар» әні
Аяз Ата: Рахмет, сендерге, қыздар менен ұлдар! Менің көңілімді көтердіңдер. Осы еңбектерің үшін, сендерге бір сиқырдык көрсетемін. Су ішкім келеді,сұп-суық судан.
Жүргізуші ожауға салынған мишураны береді, Аяз Ата оны ішкендей болады.
Аяз Ата: Ох, суыңыз тамаша! Қараңдаршы, балалар! Балаларға қалған суды мишураны «төгеді». Тақпақтар тыңдағым келеді! Кәне кім біледі шығыңдар!
1. Әппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
2. Сақалы әппақ күмістей,
Тістері әппақ күріштей.
Сағындым аяз атаны,
Жылдамырақ келсе екен.
Бізге сыйлық берсе екен.
3. Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз
4. Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр
Ақ көрпеге оранып
5. Тістері аппақ күріштей
Сақалы аппақ күмістей
Нұр жайнаған ажары
Сағындым аяз атаны
6. Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
7. Красивые снежинки
Спускаются с небес.
И лес, как на картинке,
Исполненный чудес.
По лесу новогоднему,
За ворот пряча нос,
Везет подарки сладкие
Мне Дедушка Мороз!
8.Дастарханда үлкен торт пен шоколад,
Жаңа жыл енді тәтті болмақ!
Айтшы бізге, Аяз Ата,
Тәтті қайдан таралад?
Жүргізуші: Ия, Аяз Ата, бізге енді құпияңды айт.
Аяз Ата: Сендерге құпиямды ашайын. Әлемде конфеттер елі бар. Барғыларың келе ме?
Балалар: Ия!
Аяз Ата: Алыс солтүстіктерде тәттілердің жері бар. Онда қарамелменен бірге тәтті печеньелер де бар және түрлі конфеттер. Онда біз жаңа жылдық паравозға мініп алып, барайық, жайғасыңдар, балалар!
Балалар Аяз Атаның соңынан паравоз сияқты тізбектеліп тұрады.
Ойын «Паровоз»
Аяз Ата: Міне енді біз де тәттілер ертегісіне келдік, Қазір мен сендерге сиқырлы желді үрлеймін және сендер орындықтарыңа отырасыңдар.
Аяз Ата үрлейді — желдің дыбысы, содан кейін ертегілік музыка естіледі. Балалар орындарына отырады. Алыстан Кәмпит ханшайымының әні естіледі.
Аяз Ата: Естисіңдер ме, біреу ән айтады! (Қолын құлағына қояды.) Бізге қарай жақындайды. Екінші құлағына қолын қойып тыңдайды.
Аркадан — сиқырлы елге есік ашылады —Конфет ханшайымы кіреді
Кәмпит: Мен Кәмпит деген ханшайыммын, балалар, сендерге ризамын. Көйлегімді менің көріңдер, қаншама карамель ілінген. Менің елім тұрады тәттіден Тәттілермен олар безендірілген! Конфеттер би билейді, ал тоқаштар ән салады! Бұндай сыйлық сендерге қайдан болады! Тәтті кәмпиттер, тезірек келіңдер, Әсем қаптауларыңды тезірек көрсетіңдер!
Аркадан кәмпиттер шығып кетеді
1 кәмпит:
Я пришла на праздник к деткам
Аппетитная конфетка,
Яркий фантик — мой наряд.
Ой, боюсь, меня съедят!
2 кәмпит:
Мы — конфетки не простые,
Всё — обёртки золотые.
Посмотрите-ка на нас,
Пустимся в весёлый пляс!
«Кәмпиттер биі».
Аяз Ата: Қандай тәтті кәмпиттер. Балалар да жақсы көрер. Қаптың ішіне кіріңдер! (Кәмпиттер қашады.) Кәмпиттер қандай қу өздері, барлығы да қашып кетті.
Кәмпит: Сарайдың іші санаусыз. Қалағаныңызды табасыз! Өте тәтті мармелад, Нәзік жанды шоколад, Аюлар шоколадтан, қояндар рафинадтан! Оларменен танысқыларың келеді ме?
Үйден Қоян мен Аю шығады.
Қоян:
Біз қанттан жасалған коянбыз,
Доп сияқты секіргенде боламыз.
Нәзік әрі тәттіміз,
Дәмді және көріктіміз.
Аюлар:
Мен жай аю емеспін,
Шоколадтан істелдім.
Танысуға келіппін,
Барлық балаларды көрдім.
«Шоколадты аюлар мен қантты қояндардың биі»
Жүргізуші: Аяз Ата, Аяз Ата, сен бізге сыйлықтар әкелдің бе?
Аяз Ата: Сүйеді барлық бала тәтті карамель мен мармелад, зефир, халва және тосап, сүтті шоколад. Тышқан кәне сыйлықтарды алып кел.
Тышқан сыйлықтарды алып келеді. Сыйлықтарды кейіпкерлер таратады.
Аяз Ата: Жақсы болды. Ал енді балалар біз қайтайық басқада балалардың сыйлықтарын апруымыз керек.
Кәмпит: Көңілің сәл жабыраңқы болса, кәмпитті сал аузыңа!
Аяз Ата және Ақшарқармен бірге естелік суретіне түсу. Барлығы да қоштасады,балалар залдан шығады.