ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Мектеп: | ||||||
Пәні: Информатика | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Күні: | Сынып: | Оқушылар саны: | Қатысқаны : | ||||
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | 11.3В . ITStartup (ай-ти стартап) | ||||||
Сабақтың тақырыбы | §51.Startup түсінігі. Startup-ты қалай іске қосады? | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.3.1. Startup түсінігін баяндау. | ||||||
Алдыңғы білім | «Ақылды үй» құрылысының жобасын жасау үшін пайдаланылатын датчиктер , заттар интернетінің перспективалары | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Startup ұғымы туралы түсінік алады. Startup негізгі сипаттамаларын, іске қосу кезеңдерін меңгереді. | ||||||
Жетістік критерийлері |
-Startup ұғымын түсінеді,startupтың негізгі сипаттамаларын,іске қосу кезеңдерін ажырата алады
-жобалардың табысты стартап болатынына болжам жасай алады
- Болашақ стартап жобаларға идея ұсына алады | ||||||
Тілдік мақсаттар | - пәндік лексика және терминология: инвестор, бастап келе жатқан,икемділік,іске асыру - Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері : қарқынды өсу үшін инвестор тарту, мәселені шешу , өсу үшін қаржыландыру ,т.б | ||||||
Құндылықтар | Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, өмір бойы білім алу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі, География, кәсіпкерлік және бизнес. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс ,интернет-ресурстарды пайдаланып ақпаратты іздеу | ||||||
Денсаулық және қауіпсіздік | Денсаулық сақтау технологиясы ережелері Қолданылған сергіту жұмысы,оқушының белсенді әрекеті. Сабақтағы қауіпсіздік ережелері | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта орындалатын іс әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды атмосфера орнату: Әр оқушының көңіл күйлерін білу, «Сәттілік бүгінгі сабақтарына серік болуын» тілеу. Білімді өзектендіру Startup сөзін естідік пе?Осыған байланысты қандай ұғымдарды меңгердік? -оқушылар осы сұрақтар төңірегінде география, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен алған білімдерін ортаға салады. Оқушылар пікіріне қорытынды жасай отырып, бүгінгі сабақта одан да тереңдетіп , стартапты қалай іске қосуға болады, жарнама қалай жасалынады, т.б көптеген мағлұмат алатындықтарына тоқталу.Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру | 3,4 слайд | |||||
Сабақтын ортасы | Жаңа материалды меңгеру «Ойлан,бөліс,талқыла» Материалмен танысуға уақыт беріледі.Әркім өз ойына түйгенін ортаға салады.
беріледі. Бекіту кезеңі: «Startup деген не?» тақырыбында видеоролик көрсету арқылы білімдерін жүйелеу, бекіту. Сергіту сәтін өткізу. «Сөзден сөз құрайық» Берілген «информатика» сөзінен орысша,қазақша сөздер құру. «Миға шабуыл» стратегиясын пайдалану Қазақстандық стартапер-өнертапқыштардың Startup жобаларының қайсысы табысты , болашағы бар болатындығына болжам жасау. Sezual-эхолокацияны пайдалану ApartX-квартираны қауіпсіз және қашықтан басқару мобильді қосымшасы Cerebra -жасанды интеллект көмегімен компьютерлік томография суреті арқылы инсультті ерте кезеңінде анықтау OKOO мектептер үшін онлайн білім платформасы Campeat - маркетингтік платформа , «өлі» кезеңдегі дукендегі сауданы сағаттық трафик бойынша арттыру Egistic – өнімнің мониторингі үшін платформа Diodey - IoT-стартап, ақылды жарықтандыру мобильді қосымшасы IRC “Almaty” – түс мониторингі құрылғысы Piroq -жүргізуші әдебін бағалау мобильді қосымшасы. Gift Sensor – сыйлық ұсыну сервисі. Smart Shelf Solutions -нақты уақытта сауданы бақылайтын «ақылды сөре» жобасы. Antidolg.kz, Nommi wi fi роутер, пауербанк. | 6-слайд https://qiwi.io/dI5 https://qiwi.io/dI6 https://qiwi.io/dI7 startup.techgarden.kz astanahub.com startup.kase.kz/startup | |||||
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма : Сендер қандай Startup ойлап табар едіңдер? «Менің қиялымдарғы Startup жобасы»тақырыбында эссе жазу. Дескриптор:
«Бас бармақ» әдісі арқылы сабақты меңгергендіктері туралы кері байланыс алу . Сабақтың өтілу барысы туралы оқушылардың қысқаша пікірлерін тыңдау. | | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Материалды бекіту барысында саралау әдісі:
|
өз ойларын ашық айту арқылы | Сергіту сәтін өткізу , Денсаулық сақтау технологиясы ережелерін назарда ұстау | |||||
Сабақ бойынша рефлексия «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма ?» оқушылар үшін сабақтың мәнділігін бағалау үшін пікірлерін тыңдау . | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |