Файл: 5дріс. ншісазгерлер Иса Байзаов, Майра Улиызы жне Нрлыбек Баймратлы Иса Байзаов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-дәріс. Әнші-сазгерлер: Иса Байзақов, Майра Уәлиқызы және Нұрлыбек Баймұратұлы

Иса Байзақов 1900 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ертіс ауданының “Үлгілі” деген колхозында дүниеге келді. Әкесі Байзақ момын шаруа, ескіше хат танитын сауаты бар, ән-өлеңге үйір кісі болыпты. Шешесі Ғазиза да әншіл, сауықшыл, ашық мінезді ана болған. Исаның туған үйінде, өскен ортасында үй-іші адамдары да өзара сөйлескенде қара сөз емес, сұрақ-жауап ретінде қысқа-қысқа өлең-шумақтармен сөйлесу, көрікті ойдың, зерделі пікірдің бәрін өлең шумағымен айту – әдетке айналған.

Болашақ ақынның өлең-жырға, ән-күйге жастайыннан жақын тұруының бір сырын осы ата-ананың үлгісінен іздесек керек. Бірақ, Иса тоғыз жасқа келгенде анасы қайтыс болып, жетімдіктің қатал сынына ұшырайды. Ағасы Мұсаның жеңгесі Қатираның қарауында қалады, соңынан нағашы шешесі Жанбаланың қолында өседі. Ақынның айтуынша, бұл кісі де сауықты, өлеңді жақсы көретін, ер мінезді адам екен. Ал, Исаның туған нағашысы Рахмет жақсы әнші болғаны мәлім. Сонымен ақынның ең алғашқы өнер-тәлімі мен тәрбиесі осы секілденген ауылдық “әдеби ортада” қалыптасқанын көреміз.

Өнер соқпағына өте ерте түскен Иса кейіннен суырсалма майталмандығымен барша ақынның алдына шыққан. Ол өзінің осы талантын алғаш айтыс арқылы танытқан.

1924 жылдың жазында Иса Нұрқожа дегенмен сөз арқылы шайқасып қалады. Нұрқожа өзін Исаға «мәшһүрмін» деп таныстырады. Жалған мәшһүрлікке ие болып мақтанғандығын масқаралап, Нұрқожаны өз үйінде өлеңмен қаралатып жеңеді.

Ақ киіп әуреленген қай Мәшһүрсің,

Жамылған қой терісін қай қасқырсың,

Естуім Жүсіп деген Мәшһүр біреу

Өзіңді-өзің мүшкіл ғып қайдан жүрсің?” [13, 164 б]

Иса 17 жасынан бастап, 29 жасына дейін бірқатар ақындармен кездесіп, өзінің суырсалмалық қабылетін байқатады. Нұртаза, Құдайберген, Нұрлыбектермен айтысып, оларды жеңеді. Бірақ та, бұлардың ішінде Құдайбергенмен айтысынан басқалары сақталмаған.

Иса Байзақов жазба шығармаларының тақырыбы әр алуан. Алдымен ол Қазан төңкерісі әкелген өзгерістерді, қазақ еңбекшілерінің бостандығы тақырыбын көбірек жырлады. Өйткені ақындық талантын оятып қанат бітірген, саналы адамның қатарына қосылу жағдайын жасаған өзгерістер ақынға жақын еді. Оның шығармаларының негізгі идеялық мазмұны – бұрын езілуде, жаншылуда болған еңбекші халықтың бостандық, бақытқа ие болғандығын бейнелеу.


Иса Байзақов шығармаларында тереңдей жырланған ендігі бір тақырып – еңбек, құрылыс, майданындағы ерлік. Кеңес дәуіріндегі ақынның өлең, жыр, поэмалары жаңа заман халқының ерлік, жеңімпаздық даңқын жырлауға арналған. Бұл тақырыптардың нақты шығармашылық шешуі “Желдірмеде”, Қарағанды, Турксиб, фабрика, станоктегі жұмысшылар туралы жазылған өлеңдері мен “Алатау неге шаттанады”, “Ұлы құрылыс”, “Он бір күн, он бір түн” поэмаларында толық берілген.

Түркістан-Сібір темір жолының салыну тақырыбына арнап жазған “Қордайдан өткенде”, “Турксиб” деген толғау жырларында ақын кеңес адамдарының, жұмысшы табының қажырлы еңбегін, қазақ даласында темір жол жүргізіп, ел өміріне ұлы жаңалық орнатып жатқандығын күшті ақындық сезіммен жырлайтынын байқаймыз. Әсіресе “Алатау неге шаттанады” деген толғауында ақын Алатау төңірегінің тамаша сұлу табиғатын, темір жол салынып келе жатқан жердегі еңбек ерлігі мен жергілікті халықтың қуанышты сезімдерін көтеріңкі леппен, зор шабытпен жырлаған. Поездың келіп жетуі, жүйрік жүрісі ақын поэзиясына үлкен қанат бітіргендей. Оны Иса кейде теңдесі жоқ, ұлы бір алып күш иесіне, кейде жел жетпес жүйрік тұлпарға, жұмыскердің білегіне, тірегіне, кейде ағып келе жатқан жұлдызға ұқсатып, теңеу, метафора, гипербола сияқты көркемдегіш құралдарын шебер пайдаланып, суреттеп кетеді.

Жұмыскердің білегі,

Жұртшылықтың тірегі

Тасты жүндей түтуде...

...Ұшқан құспен жарысып

Ағып келед жұлдыздай...” [13]

- дейді ақын.

Иса Байзақов өзінің “Желдірме” атты толғауының тақырыбына сай жаңа ән шығарған, олар ел аузында да, радио, театрда да үнемі айтылып келеді. Желдірменің нақты тақырыптары, суреттелетін нақты объекті бейнелері-құрылыс, темір жол, өнеркәсіп орындары, ондағы жұмыскерлердің, жастардың ерлігі, абырой, мақтанға айналған еңбек дүниесі.

Иса Байзақовтың поэзиялық шығармаларын түгел оқығанда, қандай тақырыпта жазылғаны болсын - бәрінде де ақын ерекше ер, мықты адамдардың образын беруге зор назар аударып отырғандығын көреміз. Ақынның шығармаларында жұмысшы, кеңес адамы революциялық күресте, еңбек пен құрылыс майданында үздіксіз жеңумен жаңа дүние жасаушы, батыл, ұлы күш бейнесі болып суреттеледі.

Иса Байзақовтың “Құралай сұлу”, “Алтай аясында”, “Кавказ”, “Ақбөпе”, “Қырмызы-Жанай” атты поэмалары тарихи тақырыпқа, халықтың ауызекі әңгімелері негізінде жазылған.

Иса эпикалық поэмаларында ел өмірін, замана жайын тебірене толғайды, ең алдымен адамдар тағдырына көз тігеді. Мәселен, “Алтай аясында”, “Ақбөпе” поэмаларында Иса жастардың бас бостандығы идеясын ел ішіндегі таптық жікке құра суреттейді.



“Ақбөпе” поэмасында ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік қайшылықтардың беті ашылып, азаматтық ар-ұжданын жоғары қойған адамдар тарих сахнасынан көрінеді.

Иса Байзақов поэмаларында тарихи шындықтың екі айқын түйінді мәселесі кең дамып жырланады: 1) Сыртқы жаудың шапқыншылығынан елді қорғау, сол жауға қарсы күрестегі бастан кешетін қиындықтар, ерлік жеңістер немесе апат, құрбандықтар; 2) қазақ қоғамының ішкі тап қайшылығы, тап күресі, соның негізінде туған қазақ жастарының бас бостандығы, махаббат жолындағы күрестері. Осы түйінді екі мәселе Иса поэмаларының көркемдік нысанасы болып отырады. Поэмаларының қай-қайсысында болсын батылдық, батырлық эпикалы сарындар мен лирикалы-романтикалы сарындар шебер түрде қабысып келеді.

Иса Байзақов поэмаларында дамытылып жырланатын негізгі бір тақырып – қазақ жастарының бас бостандығы, еркіндігі, махаббаты жолындағы күрестері. Бір жағынан ақын феодалдық қоғамның зорлық-зомбылығын, қатал заң, әдет-ғұрыптың шырмауын талқандап үзіп, еркіндікке, бақытқа ұмтылған Балағаз, Еркежан, Әмірхан, Ақбөпе, Қырмызы, Жанай сияқты ержүрек намыскер жастардың күресін, арманын, ізгі адамгершілік қасиеттерін көтеріңкі леппен, «Өзегім оттай өртеніп, Жаным күйіп барады, Құтқармасам Еркешті, Намысқа тиіп барады» деген қанатты сезіммен жырлайды. Осыдан Иса поэмаларының лирика-романтикалы ерекшелігі көрінеді.

Иса поэмаларында айнымас адал махаббатты, махаббаттың қоғамдық сырларын, өкініш күйіктерін, үміт, армандарын терең толғанып жырлайды. Ақын қаһармандарының басынан өтетін қиындық халдерге, жан толқындарына өзі ортақтасқанда сезім дүниесін ұштастырып отырады. Ол қаһармандарымен бірге сүйсінеді де, күйінеді де, шаттанады да, өкінеді де:

...Бар ма екен махаббаттай нәзік нәрсе,

Тоймайтын адам жаны көре берсе.

Сырласып сүйгенімен емін-еркін,

Жүрегін сен сақта деп соған берсе... [4. 183]

– деген ақын толғауы махаббатты терең ұғынып жырлайтындығын, бұл Белинскийдің “сезім, махаббат – романтикалы поэзияның негізі” деген қағидасына қайшы емес екенін көреміз.

Ақын поэмасында жырланатын сұлу әйелдер – жауынан кегін ала білетін намыскер, өжет, тұлпар мініп, найза ұстаған, қанжар асынып, жүректерін кекке суарған ерекше ер мінезді жандар. Әрине, бұдан Иса поэмаларында әйелге тән сұлулық, сыпайыгершілік, нәзік мінездер берілмейді деген ұғым тумайды, қайта Иса Құралайдың, Еркежанның, Ақбөпенің сыртқы сұлу кескін-келбеттерін, жарастық жүріс-тұрыстарын, олардың махаббатымен байланысты ішкі жан толқындарын айқын суреттеп отырады. Мәселен Ақбөпенің сипаты:


Жанары екі көздің жанған шамдай,

Нәркес пен кірпік ойнап атылғандай.

Қызылы екі беттің уылжыған,

Үстіне ақ мамықтың қан тамғандай. [4. 177]

Иса Ақбөпені суреттеуде небір бейнелі сөз маржандарын қолданған. Бұл тек Исаның өзіне тән ақындық шеберлік. Екі жанарын жанған шамға теңеп, “нәркес пен кірпік ойнап атылғандай” деген тармақта жансызды жандандыру, қалған екі тармақта антитезаны өте шебер пайдаланған.

Иса поэмаларында ер жігіттердің образы да нақты суреттеледі. Ақын олардың қанды қырғын майданындағы асқан ерліктерін, сүйген жар, достарын жау азабынан азат ету үстіндегі ашуы, ызасы, қайраты, қуанышы, үміті сияқты психологияларын жеткізіп суреттейді.

Табиғат құбылысын суреттеудегі ақынның шеберлігі өмір шындығын, белгілі бір тақырыпты меңгеріп жырлау және образдардың ішкі жан сырларын ашып бейнелеу арқылы көрінеді. Иса Байзақов – табиғатты табынып емес, меңгеріп, шығармашылық көркем табиғат бейнесін жасап жазған ақын. Бұл классиктердің ақындық өнеріндегі үлгілі дәстүрдің бірі.

Исаның лирикалы-романтикалы поэмаларының қазақ поэзиясының тарихында алатын орны елеулі.

Иса Байзақов өзінің “Құралай сұлу”, “Алтай аясында”, “Ақбөпе” атты поэмасымен қазақ поэзиясында лирикалы-романтикалы поэманың туып дамуында ең алғаш ат салысып, үлес қосты. Иса поэмаларының қазақ поэзиясында жаңа сюжетті лирикалы поэмалар тууына да еткен әсері күшті болды.

Сайып келгенде, ақын әлеуметтік өмір шындығын импровизаторларша жалпылама шолып, дидактикалық толғау сарынында жырламайды, қаһармандар мінезінің даралықтарын аша отырып қоғам мен жеке адамдар қатынасынан үлкен түйіндеу жасайды. Осы жақтарынан алғанда, Иса реализм әдебиетінде өзіндік стиль ерекшеліктерімен көзге түседі.

Көрнекті халық әнші әрі сазгер Майра Уәлиқызы Шамсутдинова Павлодарда татар-бөрікше мен қазақ Қатираның кедей отбасында дүниеге келген. Ол композиторлық қабілет пен орындаушылық қабілеті мен дарыны, кәсіби деңгейге көтерілген феноменальды тума талант болып өсті. Тамаша вокалдық қабілет, төмен және әдемі контральто, кең дауыс диапазоны оған классикалық, халық әндерін, замандастарының шығармаларын және өз шығармаларын орындауға мүмкіндік берді. Ол әдемі, әсем киініп, өзін еркін әрі абыроймен ұстады.

Майра жалғыз бала, ерекше дарынды, әдемі, күшті дауысы болды және оның ән айтуы таң қалдырды. Ол 13 жасында ән айта бастады. Майраның ата-анасы қаржылық жағдайына байланысты оған музыкалық білім бере алмағанымен, қызына баян-талянка сатып алған.


Әкесінің үйіне Майраның ойнап, ән салғанын тыңдау үшін адамдар келе бастады. Он төртке толған жасында-ақ Майра бүкіл Ертіс өңіріне танымал болады. Ол барлық мерекелерде ән айтты. Қазақ, татар, орыс тілдеріндегі әндерді шебер орындады. Қоянды, Баянауыл жәрмеңкелерінде Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қали Байжановтармен бірге өнер көрсетті.

Майра Уәлиқызы (1896-1929) Күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырында еліне әнші әрі композитор ретінде танылып, артында айтулы музыкалық мұра қалдырған. Майра ғұмырбаяны мен шығармалары қазақ мәдениетінің үлкен жанашырлары А. В. Затаевич, А. Қ. Жұбанов, К. Майшекин, т.б - назарына ерте ілігіп, жазбаға түскені мәлім. Олар Майраның орындаушылық шеберлігі және мінез-құлқы, әндері, өмірінің кейбір сәттері туралы мәліметтер жеткізген болса, 3. Қоспаков, І. Жақанов секілді зерттеушілеріміз оның шығармашылығына да ден қойып келеді.

Небәрі 33 жасында жарық дүниемен қоштасқан Майранын тағдыры қазақ қауымына жоғарыда аталған А. Затаевич, А. Жубанов, К. Майшекин естеліктері арқылы жетіп отыр. Оның әндері негізінен Баянауыл, Кереку, Павлодар, Семей өлкесіне тараған болса, Майра шығармашылығын Арқаның әншілік дәстүрі аясында қарастыруымыздың себебі осында. Үш бірдей шығармашылық арна ән шығару, ән салу және сырнайдың сүйемелдеуімен орындауды еркін меңгерген Майранын репертуарында қазақ халқының айтулы лирикалык әндері де болған.

"Ахау, Семей", "Гауһаp rac", "Epтic", "Сәулем-ай", "Мақпал", "Көкмайса", т.б. көптеген танымал әндер Майранын орындауында жаңаша құлпырып, тыңдаушыларын терең сезімге табындырған. Оның "Ахау аритай". "Толқыма", тағы басқа көптеген әндерінің де көркемдік қуаты жоғары болғанын көрген, естіген замандастары жазып кеткен. Бір өкініштісі, сол әндердін басым көпшілігінің әдеби мәтіндері бізге жетпеген.

Майра Уәлиқызының өмір жолы, жеке тағдырына катысты пікірлер айтылып та, жазылып та келеді. Десек те әншінің қазақ мәдениетінен алатын орны арнайы сөздің арқауына айнала қойған жоқ. Олай болса Майраның қазақ ән өнеріндегі орны қайсы? Онын шығармаларының көркемдік келбеті мен өзіндік ерекшеліктері неде?

Майраны Кереку маңында теплоход үстінде кездестірген А. Затаевич оның тамаша әнші-орындаушы екенін айтса, А. Жұбанов өмірбаяндық деректерге көбірек мән берген. Бір сөзінде ғалым Майраның әкесі татар болуға тиіс деп, оның орыс әндерін де нақышына келтіре орындайтынын айтқан. "Қазақтың 500 ән-күй" жинағында А. В. Затаевич Майра (Магира) Шамсуддинованың аузынан біршама ән жазып бастырған. Олар: "Бақша", "Қарғам-ау", "Қаракөз", "Баянауыл", "Телқоңыр", "Даланың әні", "Құсни Қорлан", "Құрбымжай", "Алқарағай көк" және "Қызыл гүл".