Файл: Аты жні Жумаканова Жадыра Ерболатовна.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШҚО ББ «ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ»ММ №18 орта мектебі КММ

Білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылығын арттыру

Аты жөні: Жумаканова Жадыра Ерболатовна

Мамандығы : математика пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 5 жыл

Электрондық пошта:zhadyra.zhumakanova@mail.ru

Тел:87778517934

Өскемен 2023

Мұғалім туралы мәлімет

Аты жөні: Жумаканова Жадыра Ерболатовна

Мамандығы : математика пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 5 жыл

Өзекті тақырыбым: Білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылығын арттыру

Мақсаты:

  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;


  • Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;


  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;


  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;


  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;


  • Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;


  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу; өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет;


"Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Жалпы әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы.

Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген "сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Оның мақсаты - оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйрету қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасы бойынша ол:

- шындалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- күрделі мәселерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында.  Стратегия дегеніміз — философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.   СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік  лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2,3- сынып оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

Мен оның 13пайдаланудамын.

Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:

1. Негізгі ойды суреттеу   2. Топтастыру   3. Болжам кестесі   4. Галереяға саяхат  5. РАФТ  7.ЖИГСО-2 6. Блум жүйесі   7.Инсерт 8.Венн диаграмасы 9. Инсерт    10.Жуан,жіңішке сұрақтар 11.Кубизм    12. Венн диаграмма                13.Ой қозғау

Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір — бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері математика пәні барысында оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сондықтан да оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі анағұрлым жақсы болатынына көзіміз жетті.

Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Ал сол ел болашағының жарқын болуын ойласақ, әрбір оқушының интеллектуалдық дамуына баса назар аударуымыз керек. Оқушының интеллектуалдық дамуына үлкен әсер ететін жүйе - ақпараттандыру. Қазіргі таңда көзін тырнай ашқан әрбір баланың әлемді танудағы жетістіктері, оның ой-өрісінің дамуы, дүниетанымының қалыптасуы компьютер арқылы жүзеге асырылуда. Ұшқанды қас-қағым сәтте қағып алатын қасиетке ие әрбір оқушының білімге деген қызығушылығын осылай оятсақ, болашағымыз кемел болмақ. Бұл мәселені шешуде мектептің алар жауапкершілігі мол. Ақпараттандыру процесін орта мектептердің бастауыш сыныптарынан бастау қажет. Оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен жеке тұлғаны тәрбиелеу, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бағдарламасы руханилықтың дамуына баса назар аударады және жеке көзқарасты қолдануды көздейді. Бұл рухани-адамгершілік даму және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру тұрғысынан педагогтердің назары әрбір оқушыға, оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып бағытталуы тиіс дегенді білдіреді. Мұнда әр оқушы әсер ету объектісі ретінде емес, адамгершілік құндылықтар жүйесін дербес дамытуға, рухани әлемді қалыптастыруға және азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қабілетті субъект ретінде түсінілуі маңызды. Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту мен тәрбиелеудің, азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі құралы тәрбиелеу әдісі болып табылады. Осыдан мұғалімнің тәрбиелік рөлі қайтадан өзекті болады. Мұғалімнің адамгершілігі, ол өзінің кәсіби қызметі мен өмірінде басшылыққа алатын моральдық нормалар, оның педагогикалық жұмысына, оқушыларға, әріптестеріне деген көзқарасы – мұның бәрі оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесі үшін өте маңызды. Егер мұғалім оқушылар үшін адамгершілік және азаматтық жеке мінезқұлықтың негізгі мысалы болмаса, ешқандай білім беру бағдарламалары тиімді болмайды. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу әрқашан да өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұста да педагогтың қосар үлесі орасан зор. Осы орайда оқушының физикалық дамуына тікелей әсер ететінпедагогтың басты міндеттерінің бағыттарын атап өткім келеді: - физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығуларды орындау, - негізгі қимылдарды орындау, - спорттың кейбір түрлері туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру, - қимыл ойындарын меңгеру, - қозғалыс саласындағы мақсаттылық пен өзін-өзі реттеуді қалыптастыру, - салауатты өмір салтының қарапайым нормалары мен ережелерін меңгеру.







Әдебиеттер тізімі

1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.
2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.
3. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.

Қасенова С.А.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Алматы қ.,