Файл: Кні 09. 2022ж Сыныбы 3 Трбиеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: 1.09.2022ж

Сыныбы: 3ә

Тәрбиеші:










«Мен өз елімнін патриотпын»

1/ Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру,отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту

2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап




патриот, азаматтық жауапкершілік

ҚР Мемлекеттік рәміздері /бейнетаспа/

Презентациялар, видеоролик « Мен кіші Отанымның патриотымын»

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

-Олай болса патриот дегеніміз не?

-Қазақта қандай патриот ұл қыздарымыз бар?

- Сен өскенде қандай патриот болғың келеді?

-Патриот болу үшін не істеу керек?

Видео көрсету «Мен өз елімнің патриотымын» - Қызығушылықты ояту сұрақтары .

1.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы екен?

2.  Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Ел патриоты болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болуы керек?

4. Қазақстанда патриоттық бейнесімен көзге түскен қандай тұлғаларға,ақын-жазушыларға, спортшыларға, әншілерге т.б. ұқсағыларың келеді?

Бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің тапқырлығымызды ,білімділігімізді ,ақылдылығымызды көрсету арқылы патриот екенімізді дәлелдейміз. Сол мақсатта білімдерімізді ортаға салып сайысамыз.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Сұрақ-жауап ойыны.

1.ҚР астанасы қай қала? (Астана)

2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран,Ту,Елтаңба).

3.Әнұранның сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев).

4.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов).



5.Тұңғыш елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

6. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков)

7. Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).

8. Қазақстан қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз мемлекет).

Көзге арналған жаттығулар

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға - оңға түзу тұр
Солға - солға түзу тұр
Жоғары - төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.

Отан туралы өлендер тыңдау.

Табыс баспалдағы.