Файл: . Мсірепов лпан романы ашы саба 9 А сынып аза тілі мен дебиеті пніні малімі С. С. Тойшыбекова 20142015 оу жылы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Б. Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектеп



Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы.

ашық сабақ 9 «А» сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: С.С. Тойшыбекова

2014-2015 оқу жылы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 6.02.2015ж




Сабақтың тақырыбы.

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы.







Сабақтың мақсаты.

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін таныту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. Ғ.Мүсіреповтың  шығармашылығы және оның өзіндік   шеберлігін таныту; романның мазмұнын ашумен бірге кейіпкерлердің сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға түрлі көзқараста баға  беруге үйрету;

 Тәрбиелік. Жазушының өмір жолын, шығармаларының идеялық мазмұнын ұғындыру арқылы мейрімділікке, ерлікке,  елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық. Оқушыларды сөйлеу  мәдениетіне, дәлелді пікір айтуға, зерттеушілікке, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету, коммуникативтік құзырлығын   дамыту;

Күтілетін нәтиже

Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, шешендік білімін жетілдіреді. Өз көзқарасын жүйелі талдауға үйренеді.Қарсыласын сыпайылыққа,ұстамдылыққа тәрбиелейді.Өзін-өзі бағалай алады.Өз пікірін қарсылыстарына дәлелдей алады.

Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығын біледі;
Шығармадан көркемдеуіш құралдарды тауып, талдау жасай алады;
Шығарманы құрылысына талдайды;
Кейіпкерлерді атай отырып, оларға баға бере алады;
Әңгімеге өз бағаларын бере алады;

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі:

Сабақтың әдіс- тәсілдері:

Сабақтың көрнекілігі:

Оқыту технологиясы:

Ізденіс сабақ

Білімді жинақтау
тренинг, кластер құру, автор орындығы. топпен жұмыс, танымдық ізденуші, талдау, зерттеу әдістері, сұрақ-жауап, түсіндіру.


жазушының портреті, слайд, оқулық, қажетті материалдар (маркер, ватман, ақ қағаздар т.с.с)
сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

АКТ- ны пайдалану

Бағалау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Тренинг өткізу:

Топтасу.

Тренинг ұйымдастыру «Мен ғажаппын» атты. «Адамзат табиғаттарының терең қасиеттерінің бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады.» деп Уильям Джеймс айтқандай, әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соншалықты лайық болады. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Мысалы: «Мен сабырлымын» деген жылы сөздермен тұлға ретінде қалыптасуың үшін өмірлік іс-әрекеттерімізді лайықты бағалай білуіміз керек.


Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады. Екінші сабақ болғандықтан алдыңғы сабақтағы топтасқан тобымен отырады. Сабақтың тақырыбы бойынша кейіпкерлер атымен топтасады.

І топ «Ұлпан» тобы,

ІІ топ «Есеней» тобы,

ІІІ топ «Артықбай» тобы.


Слайд

1

«Қазақ совет әдебиетінің аспаны кең. Жарқырап көрінетін жұлдыздар да көп, сол жұлдыздардың ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім».
Тұманбай Молдағалиев


Слайд

2
  «Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды» 

       Тәкен Әлімқұлов




ІІ. Қызығушылықты ояту.

(3 мин)

«Еркін жазу стратегиясы» бойынша қазақтың көркемсөз зергері Ғ. М. Мүсіреповке замандастарының, ақын жазушылардың (арнау, эссе, хат өлеңдеріне) назар аударайық.


Өресі биік өнер иесі, қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романында қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады.

Үйге берілген тапсырма бойынша

І топ «Ұлпан» тобы. «Ұлпан бейнесі-қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі мен шыңы» тақырыбы бойынша іздену жұмыстарын жүргізу, эссе жазу.

1-оқушы:

Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдіретті қаламы арқылы өзінің көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғары бағасын алды.Біз бүгін қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Ғ. М. Мүсірепов қалдырған мол әдеби мұра, халық қазынасы, ел мақтанышы.

2-оқушы:

Жазушы шығармашылығы жайлы сөз етсек, соңғы сомдаған Ұлпан бейнесі арқылы Ғ. Мүсірепов қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен қызметі жайлы түсінігімізді жаңартып, байытты. Оның Ұлпаны бұрын болмаған тың характер, соңы жаңалық.

3- оқушы:

Оның бойында романтикалық сипаттарды да нанымды дарыта білген. Жазушы Ұлпанның өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін дәлелдеу үшін оны әр түрлі қаһармандық қасиеттермен әрлейді. Қарапайым қазақ қызының ісі де, сөзі де ірі қазақ қызына тән қылықпен суреттеледі. (эссе)
ІІ топ «Есеней» тобы. «Роман тарихи тақырыптағы шығарма, ал Ұлпан – өзі тарихта шын болған адам » тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді, яғни мәнжазба жазады.

1-оқушы:

Жазушының Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» -бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно. Әйел , ана, арулар тақырыбына арналған Ғ. Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған.

2- оқушы:

Роман тарихи тақырыптағы шығарма, ал Ұлпан өзі тарихта шын болған адам, өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі. Жазушы өзінің күнделігіңде: «Ұлпан – менің Монна Лизам» деп жазғаны бар. Адам жанының тазалығын, ізгілік нұрын әспеттеген, әйгілі сөз шеберінің арман- аңсарынан туған туындының қай оқырманның да жүрегінен орын алары сөзсіз. Оқиға бұдан бір жарым ғасыр бұрын болған дедік. Ол қазіргі қазақстанның қиыр солтүстігінде тіршілік еткен қазақ руларының өмірінен алынған тарихи шындық.

3- оқушы:

Романда далалық Омбы генерал-губернаторлығына қарасты Аманқарағай округінің төбе биі болған, кейін әділ де қатал би атанған Есеней жасы алпысты алқымдап, қартайып келген шағында өзінің жас кезіндегі жауынгер үзеңгілесі, талай жорықтарды бірге өткізген қанды көйлек досы Артықбай батырдың жас қызы Ұлпанға үйленеді де, өзінің бар билігін соған беріп, «Ел анасы» деген ардақты атқа ие болады. Артынан аңыздай болып «Ұлпан апа» есімі қалады.

ІІІ топ «Артықбай» тобы. «Семсер сөздің зергері» жазушы Ғ. Мүсіреповке деген ақын- жазушылардың, замандастарының ой пікірлерімен бөлісу.
1-оқушы:

«Қазақ совет әдебиетінің аспаны кең. Жарқырап көрінетін жұлдыздар да көп, сол жұлдыздардың ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім».
Тұманбай Молдағалиев

2-оқушы:

«Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды» 

       Тәкен Әлімқұлов

«...Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық»

Сафуан Шаймерденов
3-оқушы:

« Ғ.Мүсірепов көркем әдебиетте де ,театрда да, кинода да - өнердің тағы қандай түрі бар – бәрі-бәрінде де сұлулықтың гимн дәрежесіне көтеріліп келе жатқан классик ».

Ш.Мұртазаев
«Ғабит Мүсірепов ‒ ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек» (З.Қабдолов).

4- оқушы:

«Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдіретті қаламы арқылы өзінің көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғары бағасын алды.»- деп бағалаған болатын Н.Ә. Назарбаев




Слайд

1

«Қазақ совет әдебиетінің аспаны кең. Жарқырап көрінетін жұлдыздар да көп, сол жұлдыздардың ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім».
Тұманбай Молдағалиев





Мағынаны тану

(35 мин)

«Талдап білу» стратегиясы. Кластер құру. (постермен жұмыс)
Кластер құру (постермен жұмыс)

Талдау жұмыстары:

«Пәнаралық байланыс» стратегиясы.Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты болмақ.

«Танып білу» стратегиясына берейік.

Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін кейіпкерлерге Венн диаграммасын жасату.

«Кейіпкерлер» стратегиясы. Мақсаты: Кейіпкерлерге

автор орындығы арқылы (ашық хат)

Сабақты қорыту

Оқушы бағалау. (2 минут)

Критерий бойынша бағалау:/ балдық жүйе бойынша/

Жалпы балл 6
«5» - 5-6

«4» - 3-4

«3» - 2-3
Үйге тапсырма:
«Пікір алысу» стратегиясы. Кері әсер парағын толтыру.



III.  Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Міне, біз Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен жалпы еңбектеріне тоқталып еске түсірдік.

«Мүсірепов болса қашанда таңдануға лайық тұлға!» - деп,

Әбдіжәміл Нұрпейісов айтқандай, Ғ.Мүсірепов сөз өнерінің зергері. Оның  ерекше сүйіп, жырлаған тақырыбы- ана тақырыбы. Жазушыға тән деталь ойнату, символ қолдану ана туралы әңгімелерінде анық байқалады. Ана туралы цикл-  Ақлима, Қапия, Нағима, Ұлпан бейнелері ел рухының асқарлығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді. Мүсірепов бейнелеген ана – қазақтың анасы- кәдімгі қазақ даласында өскен: Қапия, Ұлпан, Нағима, Ақлималар. Өздері де, сөздері де өткір, өктем.. Жазушы осы, ана тақырыбындағы туындылары арқылы аса қайратты, қуатты әйел тұлғасын жасады, ана махаббатының жеңімпаз рухын асқақтата әспеттеді. Жыртқыш аң, долы табиғат, жауыз да, батыр да ана жүрегінің алдында бас иеді.


«Бәрінен бұрын тақырып пайда болады. Пайда болады да жазу- шыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын образдарды, пейзаж жұрнақтары туындап, тұтаса береді»

В. Катаев


Бір сауалдан бір емес, бірнеше жауабы болатын секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея туу мүмкін.

Белинский
Енді бір сәт, әдебиет теориясына тоқталайық.

Тақырып дегеніміз не?
Идея дегеніміз не?
Сюжет дегеніміз не?

Композиция дегеніміз не?


Образ дегеніміз не?

«Егер де мен жазушы

болсам. . .» (үлгі)

Жаратты әңір әйелді:

Бастасын деп бар ерді

Туралық, шындық жолында.

«Адаспассың, азбассың,

Тура жолдан жазбассың,

Ерсең мұның соңына!»- деп әйел заты ұлықтаса, сол сенім артқаны.

Мағжан Жұмабаев


«Есімі аңыз болған Ұлпан ана»тақырыбына ойтолғау жазу




Тақырып дегеніміз не?

Слайд

Жазушының шындық болмыстан таңдап,талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.
«Ой мен сезім- құс десе, тақырып- аспан; ой мен сезім –бұғы десе, тақырып –орман; ой мен сезім жол десе, тақырып- сол жолға алып баратын шаһар»

Р. Ғамзатов
Идея дегеніміз не?

Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол- идея

Сюжет дегеніміз не?

1.Сюжет дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр мінездің, типтің өсу, жасалу тарихы

2.Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама- қайшылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі, кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі

Композиция дегеніміз не?

Композиция дегеніміз көркем шығарманың құрылысы. Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қисынын қиыстырып тұратын тәсіл. Композициялық шеберлік- шығармадағы барлық бөлщекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға бағындыру
Образ дегеніміз не?

Образ үшін психологиялық дәлел қажет болса, оқиға үшін логикалық дәлел қажет

І топ « Ұлпан» тобы

Романның композициялық құрылысына жоспар құру.
Әңгіменің басталуы

Әңгіменің байланысы

Әңгіменің даму

Әңгіменің шарықтауы

Әңгіменің шешімі

ІІ топ « Есеней» тобы

Ұлпанның өсу жолын кестеге түсіре отырып, әңгіме мазмұнымен байланыстыра түсіндір.

Балалық шағы. Керей ішінде Сибан руының бас көтерер адамы, биі Есенейге жас жігіт кейпінде келген Ұлпан Қаршығалы шұбарын паналап қонып қалған Кірме Кірлеуіттің арызын қыр қонжарына жасқанбай, тік айтқан аталы сөзіне дән риза болып тыңдайды.

Есенейге ұзатылуы.

Өзіне сөз салғанын естігенде Ұлпан жаны тосырқау, жатсынуды сезінді. Ұлпанның мықтылығы сонда, ол Әзелде жаны қаламаса да Есенейге күйеуге тиюді мұрат қылды. Ол елдік мұрат. Ұлпан жайнаған жастық дәуренін осы елдің мұрат жолына қиды. Есенейдің беделі мен билігін осы араңғылық құрсағын елін алға жетелеу үшін пайдаланды.

Ел билеу ісіне араласуы

Ұлпан даму дәрежесі артта қалған жұпыны елге қанатымен су сепкен қарлығаштай әрекет қылды. Кедей тірлік, надандықтан езілген елге жақсылық нышандарын алып келді.

Ел анасы атануы

Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беретін, кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығы

Ақырғы дем

Ұлпан әйел бақытын сезіне алған жоқ. Ол басқа бір құдіретті сезінді. «Ерте тоқыраған аналық» бір қыз туған Ұлпан сол жарығынан ерте айырылып, мерзімінен бұрын ажал тапты.

ІІІ топ «Артықбай» тобы

Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасаңдар.

Кейіпкерлері

Портреттері

Көркем сөз айшықтары

Тұрақты сөз тіркестері

Мақал - мәтелдер
І топ «Ұлпан» тобы. Графикалық диктант. Дисфемизм сөздерді, эфемизм сөздермен алмастырып жазу.

ІІ топ. «Есеней» тобы. Синкуэйн әдісі бойынша «Бес жолды өлең» құру.

Зат есім. Ұлпан ана

Сын есім. Мейірімді, ақылды.

Етістік. Есенейге тұрмысқа шығып, халықтың жағдайын жасады.

Синоним. Адам.

Түйін. Ағайын –алтау, ана- біреу.

ІІІ топ «Артықбай» тобы. Әңгімеден омоним сөзді тап.
І топ «Ұлпан» тобы

Есеней

Ұқсастығы

Артықбай











ІІ топ «Есеней» тобы

Ұлпан

Ұқсастығы

Шынар










ІІІ топ «Артықбай» тобы

Торсан

Ұқсастығы

Жәуке











Өздері қалаған кейіпкерлерге хат жазу


Слайд

3

«...Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық»

Сафуан Шаймерденов
Слайд

4

«Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жалынышы мен жалыны да бар.Жан тазалығы,саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар.Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат ала аласың...»

Ғ.Мүсірепов
Слайд

5

« Ғ.Мүсірепов көркем әдебиетте де ,театрда да, кинода да - өнердің тағы қандай түрі бар – бәрі-бәрінде де сұлулықтың гимн дәрежесіне көтеріліп келе жатқан классик ».

Ш.Мұртазаев



Мадақтау

Фармативті баға
Мадақтау

Фармативті баға


Автор орындығы (ашық хат)

Сабақты бекіту ( 3 минут)

Кері әсер парағы.

 Оқушы бағалау. (2 минут)

Критерий бойынша бағалау:/ балдық жүйе бойынша/

Жалпы балл 6

«5» - 5-6

«4» - 3-4

«3» - 2-3

«2» - 0-

Үйге тапсырма:

«Егер де мен жазушы

болсам. . .» (үлгі)

«Пікір алысу» (қорытынды)
Шығарманың авторы, аты.

Шығарма несімен ұнады?

Сүйікті кейіпкерің.

Жасалған қорытынды
«Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.


Өздері қалаған кейіпкерлерге хат жазу





Мадақтау

Фармативті баға