ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға г дыбыс мен әрпін таныстыру. Сөз ішінде г дыбысының ерекшелігін меңгерту. Сөздердегі г дыбысының орнын тапқызып, г дыбысының дауыссыз екенін байқату.
Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреті, ребус.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, оқу, жазу.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру: (психологиялық дайындық)
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Топқа бөлу. «Лупа» әдісі.
«Дауысты» тобы
«Дауыссыз» тобы
ІІ. Ой пысықтау. «Гүл құрастыру» әдісі.
1.-Дыбыс деген не?(айтамыз,естиміз)
2.-Әріп деген не?(көреміз,жазамыз)
3.-Дыбыс нешеге бөлінеді?(дауысты,дауыссыз)
4.-Дауысты дыбысты біз қалай айтамыз?
5.-Дауыссыз дыбысты қалай айтамыз?
6.Дыбыстан не құралады?
7.Сөзден сөйлем құралады?
8.Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Балалар сурақтарға жауап беру арқылы не шығардық? (гүл)
-Олай болса,гүл дегеніміз не? Біз бүгін сабағымызды өте қызықты өткіземіз.Сабақта түрлі ойындар ойналады.Ойындарға жақсы қатысқан балаға гүл көбірек беріледі.Гүл алғымыз келе ме? Олай болса,біз өз білімімізді көрсетейік.)
Ендеше біз сіздермен Г дыбысымен танысамыз. Енді бәріміз хормен айтамыз. Қандай дыбыс екен? Г дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені созып айтуға келмейді. Ұяң шұғыл айтылады, тіл арқалы жасалады. Суреттер арқылы г дыбысының орналасу ретін анықтау, г дыбысы сөздің басында, ортасында кездесетінін айтып, түсіндіру. Г дыбысының баспа, жазба түрін көрсету.
Бейнеролик көрсетіп тапсырма орындайды.
Нейро жаттығу орындату.
Балалар біз бүгін сауат ашу пәнінен ертегі сабағын өтеміз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма? Олай болса ертегіміздің аты «Мақта қыз бен мысық».
Ерте ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. «Сен менің тапсырмамды орындасаң мен саған құйрығыңды беремін», – дейді Мақта қыз.
Ал балалар енді біз мысыққа көмектесейік. Осы ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмасын бірге орындайық.
Сиыр тапсырмасы:
Топтық жұмыс.
І топ Ермексаздан Гг әрпін жасайды
ІІ топ қағаз қиындыларынан Гг әрпінің баспаша түрін жасайды.
«Дауысты, дауыссыз» ойыны
Талдың тапсырмасы:
Қыздардың тапсырмасы:
Ребус шешу.
Дүкеншінің тапсырмасы:
Жұмбақ жасыру.
Газда бар, ауада жоқ
Гүлде бар, жуада жоқ - бұл қай әріп (Г)
Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың.
Сабы – таяқ,
Басы – қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.
Сергіту сәті.
«Допты қайтала»
Тышқанның тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс.
Арнайы дәптерге Г әрпінің үлкен және кіші әрпін жазу. Ауада жазу.
Сабақты қорыту.
Ой қозғау.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Г дыбысы қандай дыбыс?
- Қалай айтылады?
- Г дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Г дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені созып айтуға келмейді. Ұяң шұғыл айтылады, тіл арқалы жасалады деп сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау Оқушылар Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды, мысық сендерге өте риза.
Үйге тапсырма
Оқушыларды мадақтау