Файл: Реферат Халыаралы атынастар жне оларды субьектілері.docx
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ
«Халықаралық қатынастар және олардың субьектілері»
Орындаған:Шарипова К.Қ
ФИ -21 студенті
Тексерген:Гайсина М.Б
Орал , 2022
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
2.Халықаралық қатынастардың субьектілері
3.Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.
Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде. Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру. Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті міндеті-адамзаттың өмір сүруіне жағдай жасау арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемдік басым державалардың саяси элиталары әлемдік саясат міндеттерін шешпейінше ешбір мемлекетте келешек болмайтындығын түсінуде.
Демек саясат мәнін ұғыну үшін халықаралық саясат бағыттарын, оның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын білу маңызды. Сондықтан саясаттану пәні студенттердің әлемдік саясат туралы кең көлемде түсінігін қалыптастыруын дұрыс деп біледі. Себебі, халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты және тәуелді. Олардың өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы өтеді. Әлемдік саясат акторлары,қызметтері, адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді.
Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады. Әлемдік саясат соғыс қаупіне қарсы халықтардың және мемлекеттердің бірлесіп күресуі қажеттілігін сезінуден басталады десек қателеспейміз. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Өзара келісіп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зәрулікке айналды. Әлемдік жаһандану үдерісі тек объективті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында нақты нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат өркениеті бір сапалық деңгейден, екінші жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті.
Қазіргі әлемдік саясатқа қатынасатын негізгі акторлар: егеменді мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар қазіргі халықаралық қатынастардың белсенді акторлары, яғни қатысушылары түрлі мемлекеттер блоктары (НАТО, ОДКБ, СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС), интеграциялық топтар (ЕО, ТМД) мемлекетаралық бірлестіктер (ШЫҰ, БРИК) т.б. халықаралық ұйымдар өздерінің мақсаттары мен тәуелсіздіктерін сақтай отырып әлемдік саясатқа қатысады және жаһандық мәселердің шешілуіне ат салысады.
Халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ). Әсіресе осы конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) басты принциптерін, оның функциялары мен құрылымын анықтады. Ялта (Крым) конференциясында Рузвельт және Черчилль БҰҰ ның негізін қалаушылардың бірі ретінде өз келісімдерін берді. Антигитлерлік коалация басшылары 1945 ж 25 сәуірде Сан-Франциско конференциясында БҰҰ ны құру жөнінде шешім қабылдады.Бұл халықаралық қатынастарды реттеудің маңызды қадамы болды.
Ал БҰҰ ның ең басты мақсаты әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. 1945 ж болған конференцияда 50 мемлекет делегациясы қатысты. Конференцияның ашылуына антигитлерлік коалацияның дамыған елдерінің министрлері – В.Молотов (СССР), Э.Иден (Ұлыбритания), Г.Стеттиниус (АҚШ) қатысты.БҰҰ қазіргі күнде де әлемде маңызды орын алып отырған ұйым.
1945 ж 24 қазанында БҰҰ жарғысы ресми түрде өз күшіне енді. Бұл күн БҰҰ ның құрылған күні болып есептеледі. БҰҰ жарғысы бойынша негізгі ұйымдар болып :
1. БҰҰ ның Бас Ассамблеясы
2. Қауіпсіздік Кеңесі
3. Экономикалық Кеңес
4. Қоғамдық Кеңес
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Әлемдік саясат - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді.Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты. Ол бойынша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бастады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға біріккен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы
Әлемдік қауымдастық бірігіп жасаған заңды органдар мен ұйымдардың қызметтері арқылы әлемдік саясат іске асады. Әлем мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастар жасаудың принциптері мен жолдарын анықтайтын әлемдік саясат халықаралық қатынастарды реттеудегі шешуші фактор болып табылады. Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының
даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.
Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің де саясатына сыймайды. Сонымен қатар әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды.
Сонымен қатар, әлемдік саясатты әлемдік билік үшін күресетін, әлемдік тартыстардан, әрбір елдің өздеріне тән геосаяси күрестерінен, түрлі бәсекелестіктер мен мүдделер қайшылығынан тысқары алып қарастыруға болмайды. Әлемдік саясатта АҚШ, Қытай, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттердің үстемдігі байқалады. ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдары мысалы, әлемдік саясатта екі басым полюс АҚШ пен Кеңес Одағы болды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ басы бір полюстік әлемдік саясат болды. Ол АҚШ-тың басым болуымен сипатталады. Ал, 2005-2010 жыдардан бастап әлемдік саясатта көпполюстік қатынастар басым болуда. Әлемдік қатынастарды айқындаушы күштер қатарына жоғарғы аталған мемлекеттермен қоса Үндістан, Жапония, Бразилия сияқты жылдам дамушы елдердің ықпалы арта түсуде. Әлемдегі өзгерістер үздіксіз процесс. Онда ұдайы жаңа, табиғаты күрделі құбылыстар пайда болуы заңдылық. Әлемдік саясат субъектілері осы әлемдік өзгерістерді, мәселелерді, қайшылықтарды танып білуге және оларды шешу ісіне, немесе қауіптерді азайту шараларына әлем мемлекеттерін жұмылдырып отыруға міндетті.
Халықаралық қатынастар– бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Халықаралық қатынастар -XX ғacырдың соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады – капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық ұстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бұрынғыдай үшінші келеді.Қытай мен Үндістан да бұдан қалыспауда.
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері:халық, мемлекет,мемлекетаралық ұйым, әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.
Халық (тұрғындар) — қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы.
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.