Файл: Реферат Халыаралы атынастар жне оларды субьектілері.docx
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.
Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар:
1.Үкіметаралық;
2.Үкіметтік емес болып бөлінеді.
Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.
Олар:
1.Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945);
2.Халықаралық валюта қоры (1945);
3.Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995);
4.Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949);
5.Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.
Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары:
1.Парламентаралық одақ (1889);
2.Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894);
3.Рим клубы (1968);
4.Гринпис (1971) және т.б.
Бүгінгі күні ҚР территориясында 150-ге жуық шетелдік және халықаралық ұйымдар қызмет етуде. Бұл ұйымның қызығушылық ортасы өте кең және әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар қабатымен қызмет атқаратын қоғамдық бірлестіктерге қолдау және фундаментальді және ғылыми – зерттеулер саласында халықаралық жобаларға қатысу, белгілі бір аймақтық экологиялық мәселелерін шешу, шағын және орта бизнестің дамуына қолдау және т.б. көрсетеді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта кетіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды.
Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: халықаралық байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді, атап айтқанда, Қазақстанды халықаралык дәрежеде мойындатып, онын қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экононикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды, — деп атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілді, шетелдермен және халықаралық ұйымдармен 800-ден аса құжаттарға қол қойылды.
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау үшін еліміздің географиялык, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды болып отыр. Ең бастысы — Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер — Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталыкқтар болып табылады.
Еліміздің геоэкономиқалық жағдайына талдау жасағанда дүниежүзілік қоғамдастықтың елімізді ХХІ-ғасырдағы негізгі энергия көздерін берушілердің бірі деп білуі есепке алынады, біздің мемлекетіміз мұнайдың, газдың, көмір мен уран кендерінің дүниежүзілік қорларын иеленушілер ішінде алдыңғылардың бірі екендігі белгілі.
Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін шетел инвестициялары керек. 1997 жылдың бас кезінде елімізде Инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитет кұрылды. Ол Қазақстан экономикасының бірінші кезектегі басым салаларына өз капиталдарын салғысы келетін шетелдік инвесторларға едәуір жеңілдіктер мен артықшылыктар беруді көздейді. Жан басына шаққанда шетелдік тікелей инвестицияларды тарту деңгейі жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің алғашқы бестігіне кіреді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап 1997 жылдың маусым айына дейін Қазақстан экономикасына шет мемлекеттер 6,4 миллиард доллар мөлшерінде инвестиция салды, ал оның 3,2 миллиард доллары тікелей инвестиция болды. 1997 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2500 шетел компаниялары жұмыс істейді.«Каспий шельфі» мен «Қарашығанақ» кен орындарын игеруге АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа мемлекеттердің ірі компаниялары мен капиталы тартылды.
Қазақстанның ТМД елдері арасында алатын орны да ерекше. 1997 жылы көктемде ТМД елдері Экономикалық Интеграциялық Ынтымақтастық Тұжырымдамасын қабылдады. Ал қазан айында Бішкекте ТМД елдері үкіметтері басшыларының кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Мұнда экономикалық құжаттардан басқа, ТМД елдерінің қорғаныс қабілетін арттырудағы ынтымақтастықты, олардың ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпорациясының пәрменділігін арттыру, ортақ шекара қауіпсіздігін күшейту мәселелері бар. Коллективтік қауіпсіздік туралы келісімге ТМД-нің тоғыз мемлекеті қол қойды; оған Украина, Молдова, Түрікменстан қатыспайды. Қазан айында Кишиневте ТМД елдері мемлекет басшыларының кеңесі өтті.
Қазақстан мен Ресей арасында 200-ден аса маңызды құжаттарға қол қойылды. Әскери саладағы мәселеде Қазақстан аумағындағы 240 қанатты ядролық ракетамен қаруланған «ТУ-95» МС сериялы40 стратегиялық бомба тастағыш ұшақты Ресейге алып кетуге байланысты оған компенсация ретінде 1995 жылдың шілде айынан бастап 41 авиациялық техника алынды, Балқаш көлі жағасындағы Сарышаған полигонынан жоғары уланған ракета отынын алып кетуге келісім жасалды. Қазакстан—Ресей арасындағы оңайлатылған азаматтық туралы келісімді Ресейдің Мемлекеттік Думасы 1997 жылы 17-тамызда ратификациялады, сөйтіп, бұл құжат күшіне енді.Тіпті, Каспий теңізін пайдалану жөніндегі мәселе Қазақстан мен Ресей арасында іс жүзінде орын алуы мүмкіншілігі туды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің ойымша, халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары: халықаралық қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғауәлемдегі мемлекеттердің сыртқы саясатының негізі болып табылады.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Америка Құрама Штаттарының алатын орны ерекше. Сонымен қатар Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Ресейдің әлемдік саясаттағы дипломатиясы мен іс-әрекеттері маңызды орынға ие. Қытай, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы іс-шаралары адамзаттың тағдырына әсер ете алады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдік экономиканың даму үлгісі болуда.
Және тағыда бір проблемалардың бірі деп ғаламдастыру кезеңіндегі технология саласында мемлекеттер арасындағы табыстарымен қатар, оның кейбір теріс ықпалдарының бар екендігі анықталып отыр. Таяу Шығыс дағдарысы күрделі күйінде қалуда. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қазіргі кезеңнің күн тәртібіне қойылып, бұл мәселеге әлемнің барлық мемлекеттері аса зор маңыз беруде деп ойлаймын.
Енді өз елімімізге келсек,Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінің он алты жылында халықаралық қауымдастық және индустриялы дамыған елдер тарапынан тарихи бағалар алды. Ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты, Семей полигонын жабу, жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тиым салу туралы шартқа қосыла отырып және Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің бірінші саммитін өткізу, әлемдік діндер лидерлерінің бірінші съезін шақыру нәтижесінде халықаралық қауіпсіздікке өз үлесін қосып отыр.
ХХІ-ғасырдың ғаламдық қатерлері – халықаралық лаңкестік, экстремизм, сепаратизм, есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың іс-шараларын жүзеге асыруда ерекше белсенділік танытып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алексеев С. В., Каламанов В. А., Черненко А. Ж. Идеологиялық бағдарлары (жаңа Негіздері общерусской идеология): в 2-х тт. Т. 1. — М., 1998. — С. 228-315
2.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
3.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
4.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
5.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
6.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
7.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007