Файл: л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Экономика жне Бизнес Жоары мектебі Кафедрасы Бизнес технология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « Экономика және Бизнес Жоғары мектебі »
Кафедрасы «Бизнес технология»
СӨЖ
Тақырыбы: Мемлекеттік басқару органдарының сызбаснұсқасын жасау , олардың экономиканы реттеушілік функцияларын көрсету және оны шетелдік тәжірибемен салыстыру.
Орындаған: Тускенова Мадина
Тексерген: Смагулова Г.С
Алматы, 2023 ж
Мемлекеттік басқару органдарының сызбанұсқасын жасау , олардың экономиканы реттеушілік функцияларын көрсету және оны шетелдік тәжірибемен салыстыру
Мемлекеттік басқару - негізгі аумақтық деңгейлер мен билік тармақтары арасында ықпал ету салаларын бөлу арқылы мемлекет ішіндегі қатынастарды реттеу процесі.
Мемлекеттегі басқару органы - нақты мемлекет пен оның субъектілерін әртүрлі деңгейлерде басқаруға , яғни функцияларды орындауға арналған субъектілер мен нысандар болып табылады.
Мемлекеттік басқару органдары басқару объектілері мен құзырет көлеміне байланысты атқарушы және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органдарының желілік және функционалдық бөлімшелерінің көпшілігін қамтиды. Бұл ретте олардың мемлекеттік саясатпен және норма шығарумен байланысты функциялары жоқ. Аумақтық мемлекеттік органдар лауазымды адамды тағайындау шартымен федералды атқарушы органдардың кейбір өкілеттіктерін ала алатын жағдайларда ішінара ерекшеліктер бар.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік басқару органдары, барлық мемлекеттік органдар сияқты, өз құзыретіне, құрылымына және өз қызметін тарататын аумағына ие. Сонымен қатар, олардың өздеріне тән ерекше белгілері бар. Мұндай белгілерді анықтау атқарушы биліктің алдында тұрған міндеттердің ерекшелігіне және осы міндеттердің жүзеге асырылу әдістеріне байланысты болады. Мәселен, мемлекеттік басқару органдарының ерекше белгілеріне мыналар жатады :
-
қызметтің мазмұны мен әдістеріне тән – мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру -
атқарушы билікке жатады -
қолданыстағы заңнама негізінде құрылады -
олардың қызметі заңға нақты сәйкестікке, сондай-ақ заңның орындалуына, бұл ретте нормашығармашылық және жедел-атқарушы сипаттағы әртүрлі заң құралдарын пайдалана отырып құрылады -
мемлекеттік басқару органдары өз қызметін оларға мемлекеттік-билік өкілеттіктеріне сәйкес берілген шектерде, сондай-ақ әртүрлі объектілерге - шаруашылық, әкімшілік, саяси, мәдени, әлеуметтік және тағы басқа басшылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары бойынша кеңінен тоқтала кететін болсам, Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет болып табылады. 1995 жылы тамыз айында мемлекетте жаңа Конституция қабылданды. Қабылданған жаңа Конституция бойынша Қазақстанның мемлекеттік басқару органдары республикалық деңгей бойынша үш сатыға бөлінді. Біріншісі атқарушы билік , екіншісі заң шығарушы билік,үшіншісі сот билігі. Бұл билік құрамының әрқайсысының мемлекеттік басқару органы саласында атқаратын маңызды рөлі бар. Республикалық деңгей бойынша бұл органдардың әрқайсысына тоқталатын болсам :
Бірінші мемлекеттік басқару органының түрі бұл атқарушы билік. Атқарушы билік-бұл заңда бекітілген мемлекеттің негізгі өз бағытындағы ұйымдастырған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін мемлекеттік сипаттағы ұйымдастырушылық-функционалдылық әрекеттердің жиынтығы болып табылатын мемлекеттегі тәуелсіз билік түрі. Атқарушы биліктің қызметтерін атқарушы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Үкімет Президенттің бекітуі бойынша шамамен 10 күн ішінде тағайындалады және өзінің атқарған әрбір міндеті үшін Президент пен Парламент алдында жауапты болып келеді. Үкіметтің құрамы туралы кеңінен тоқталатын болсам:
ҚР Үкіметінің құрамы 19 министрліктен құралған. Олар :
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі -
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі -
ҚР Әділет министрлігі -
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі -
Оқу-ағарту министрі -
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі -
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі -
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі -
ҚР Қаржы министрлігі -
ҚР Қорғаныс министрлігі -
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі -
ҚР Сыртқы істер министрлігі -
ҚР Ұлттық экономика министрлігі -
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі -
ҚР Ішкі істер министрлігі -
ҚР Энергетика министрлігі -
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі -
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі -
ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасының Үкіметінің
негізгі атқаратын 9 функциясы бар, олардың ішінде экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты 3 функциясын атап өтуге болады :
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады
2) республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлейді және парламентке ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді
3) экономика бағыты бойынша жұмыстардың атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жылдық мерзімге қызметке тағайындайды және оның жұмысын кеңінен бақылайды.
Екінші мемлекетті басқару органы - Заң шығарушы билік және оны басқарушы - Парламент. Парламент құрамына Мәжіліс пен Сенат палаталары кіреді. Сенат құрамы 6 жылға бекітіледі, ал Мәжіліс құрамы 5 жылға бекітіледі. Парламенттің билікте атқаратын қызметінің маңызы зор. Жалпы Сенат пен Мәжіліс құрамына кеңінен тоқталатын болсам, Сенат құрамына 47 мүше енеді және олар 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады , әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан, ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Ал мәжіліс құрамына 107 депутат кіреді.
Қазақстан Республикасының Заң шығарушы билігінің де өзіндік атқаратын функциялары бар, олардың ішінде экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты функцияларын атап өтсем : Парламент бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуын қадағалайды, егерде Конституцияға өзгерістер енгізу қажет болса, әсіресе экономикада тұрақсыздық, құлдырау жағдайлары сезіле бастаған кезде Қазақстан Республикасының Президент басшылығымен оған өзгеріс енгізеді, сонымен қатар әлемдік зерттеулер бойынша экономикадағы тұрақсыздықтың әсері соғыс мәселелері алып келеді екен, ал осындай жағдайлар көрініс таба бастаған уақытта Парламент бұл мәселені барынша шешуге ат салысып, шешуші функцияны орындайды.
Үшінші мемлекеттік басқару органы - сот билігі . Сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бір бөлігі болып табылады. Сот билігі атқарушы және заң шығарушы биліктен ерекшеленеді. Себебі ол атқарушы және сот билігі секілді арнайы басқару қызметерімен айналыспайды. Сот билігі Қазақстанда туындаған саяси және басқа да мәселелерді және туындаған дауларды шешумен айналысады.Барлық мәселе заң жүзінде қатаң тәртіп бойынша қадағаланып,шешіледі.
Сот билігінің құрамынының негізгі органы болып Жоғары сот пен Конституциялық Кеңесі қарастырылады. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыз заң мен ережелерден құралған, сол себепті арнайы соттар тәртіп үшін жұмыс жасайды.Бұл арнайы құрылған соттар басшылары Президент келісімімен сайланады және әрі қарай жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының сот билігінің де өзіндік атқаратын функциялары бар, олардың ішінде экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты функцияларын атап өтсем : Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде туындайтын істер мен дауларды қарау , соның ішінде экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша мәселелерді кеңінен талқылау және шешу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын жергілікті деңгей бойынша қарастыратын болсам :
Жергілікті деңгей бойынша мемлекеттік атқарушы қызметін орындаушыларды қарастыратын болсақ, акиматтар - жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органын жергілікті деңгейінің бірінші түрі акиматтардың негізгі атқаратын өзіндік функциялары бар, олардың ішінде экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты функцияларын атап өтетін болсам : Салықтарды жинайды, әсіресе экономикада тұрақсыздық жағдайлары жиі кездесіп тұратындықтан, мемлекет салық саясатын енгізеді, ал жергілікті акиматтар халықтан салықтарды жинап бюджетті қалыптастырады және оны қалай пайдалану керектігін шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органын жергілікті деңгейінің екінші түрі – заң шығарушы өкілетті орган , яғни мәслихаттар .
Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды. Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. Мәслихат құрамына оның жұмыстарын, яғни әрбір өлке бойынша жұмыстарды атқаруға негіз болатын
депутаттар және хатшы, төрағалар кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органын жергілікті деңгейінің екінші бір түрі мәслихаттардың экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты функцияларын айта кететін болсам : 1) жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау
2) аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту
Жергілікті деңгей бойынша мемлекеттік атқарушы қызметін орындаушыларды қарастыратын болсақ, жергілікті сот – өзінің аумағына облыстық және оларға теңестірілген соттарды негіздейтін, Қазақстан Республикасының мамандандырылған жүйесінің негізі болып табылатын басқару органындағы бір элемент болып табылады. Оның құрамына , аудандық және оларға теңестірілген соттар, қалалық соттар және тағы басқалары кіреді. Негізгі атқаратын функцияларына , заң жүзіне сәйкес туындаған мәселелерді, соның ішінде экономиканы мемлекеттік реттеу шараларының жүзеге асыуын қатаң түрде бақылау жасап, іске асыруға негіз болу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын Өзбекстан мемлекетінің мысалында салыстыратын болсам :
Өзбекстан - Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша — президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет.
Өзбекстан мемлекетіндегі саяси билік жүйесі бойынша - Өзбекстан президенттік басқару формасындағы мемлекет . Өзбекстандағы мемлекеттік басқару органдарының құрамы республикалық деңгей бойынша Қазақстан мемлекеті секілді үш сатыдан , яғни атқарушы, заң шығарушы, сот билігі сатыларынан тұрады. Бұл саяси билік сатылары екі елде өзіндік құрылымы бойынша , атқаратын қызметттері және құқықтары бойынша ерекшеленеді. Атқарушы билік – бұл заңда бекітілген мемлекеттің негізгі өз бағытындағы ұйымдастырған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қолданылатын мемлекеттегі тәуелсіз билік түрі. Өзбекстан мемлекетіндегі атқарушы билігінің қызметін атқарушы - Министрлер кабинеті , ал басқарушысы - Өзбекстан мемлекетінің Президенті болып табылады.