Файл: л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Экономика жне Бизнес Жоары мектебі Кафедрасы Бизнес технология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сәйкесінше, Өзбекстан мемлекетінің атқарушы билік органы , яғни Министрлер кабинетінің де өзіндік атқаратын функциялары бар, оның ішінде экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты функцияларын атап өтетін болсам:
-
Тұрақты экономикалық өсуді, Макроэкономикалық тепе-теңдікті, экономиканы реформалау мен құрылымдық қайта құруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды -
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бюджетін және Мемлекеттік нысаналы қорлардың бюджеттерін, Өзбекстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының болжамдары мен аса маңызды бағдарламаларын ескере отырып, салық және бюджет саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады -
Өзбекстан Республикасында ақша және кредит жүйесін нығайту, банк және өзге де қаржы институттарының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал етеді
Өзбекстан мемлекетіндегі мемлекеттік басқару органдарының келесі бір сатысы- заң шығарушы билік болып табылады. Сонымен қатар, басқарушысы – Олий Мәжілісі болып табылады. Олий мәжілісінің құрамына -заң шығарушы Палата және Сенат төменгі палатасы кіреді. Өзбекстан мемлекетіндегі Олий мәжілісі заңның Конституция бойынша сақталуына бақылау, қадағалау жасайды. Өзбекстанның заң шығарушы билігі палатасының өкілетті мерзімі 5 жылды құрайды және Олий Мәжілісі құрамы жүз жиырма сайланған округтық депутаттан құралады.
Сәйкесінше, Өзбекстан мемлекетінің заң шығарушы билік органы , яғни Олий Мәжілісінің де өзіндік атқаратын функциялары бар, оның ішінде экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты функцияларын атап өтетін болсам:
-
кедендік, валюталық және кредиттік істерді заңнамалық реттейді, Министрлер Кабинетінің ұсынуы бойынша республика бюджетін қабылдайды, оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілейді.
Өзбекстан мемлекетіндегі мемлекеттік реттеу органының үшінші сатысы - сот билігі болып табылады. Және Өзбекстан мемлекетінің сот билігінің құрамының негізі болып Жоғары Сот Кеңесі қызмет атқарады. Өзбекстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі сот билігінің конституциялық принципін қамтамасыз етумен айналысады және оның атқаратын қызметінің тәртібі заңмен белгіленеді.
Өзбекстан мемлекетінің сот билігі органының
экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша атқаратын функцияларын айтып өтетін болсам : сәйкесінше, мемлекет ішінде экономикалық тұрақсыздық пайда болатын болса, яғни оның пайда болуына әдейі , қасақана түрде жол берілсе сот жүзінде мәселелерді шешумен айналысып, жағдайды қалпына келтіруге негіз болады.
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын жергілікті деңгей бойынша қарастыратын болсам :
Жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығы негізінде халық сайлайтын халық депутаттары кеңестерінің өкілеттік мерзімі — бес жыл. Бұл өкілеттілік қызметін атқарушылар хокимдер болып табылады.
Хоким - Өзбекстандағы жергілікті атқарушы органның басшысы. Өзбекстан хокимдерінің тізімі 1992 жылғы 4 қаңтардан бастап, яғни атқару комитеттері жойылып, облыстар әкімшілігі басшылары лауазымдары енгізілгеннен бері қалыптаса бастады. Конституцияның 93 - бабының 15-тармағына сәйкес облыстар мен Ташкент қаласының хокимдерін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.
Хокимдердің қызметі елдің заңнамалық актілеріне және Үкіметтің өкімдеріне қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Облыстың, ауданның және қаланың хокимі өз өкілеттігін дара басшылық қағидаттарында жүзеге асыратыны және өзі басқаратын органдардың шешімдері мен іс-әрекеттері үшін дербес жауапты болатыны ерекше атап өтіледі.
Хокимдердің негізгі қызметіне төменгі деңгейдегі басқару жүйесіндегі атқарушы билікті — аудандарды, қалаларды және тағы басқа тиісті облыстың 5 жылға сайланатын жергілікті өкілін бекіту кіретін. Сонымен қатар, бұл хокимдердің экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша атқаратын функцияларына тоқталатын болсам : Олар ел Президентіне әр жылғы мемлекет ішінде болып жатқан жағдайлар туралы, әсіресе экономикалық, бюджеттік мәселелер туралы хабардар етеді және бұл мәселелердің алдын алуға негіз жасайды.
Қорытындылай келе, ТМД құрамына кіретін екі мемлекеттің басқару органдарын салыстыру арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның әрқайсысының өзіндік басқару жүйесі, саяси билік бойынша ұқсас билік сатылары , өзіндік құрамы және атқаратын қызметтері, экономиканы мемлекеттік реттеу саясаты бойынша атқаратын өзіндік функциялары бар екендігін байқауға болады. Қазақстан мен Өзбекстанның басқару органдары бойынша айырмашылықтар болғанымен , бұл екі мемлекет экономика, сауда, шаруашылық салалары бойынша бірігіп жұмыс жасайтындығының өзі ерекшелік болып табылады.