Файл: Мемлекеттік орытынды аттестаттау, ббжм, pisa, pirlsа дайындыы туралы анытама Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мемлекеттік қорытынды аттестаттау, ББЖМ, PISA,

PIRLS-қа дайындығы туралы анықтама
Мақсаты: Мемлекеттік қорытынды аттестаттау, ББЖМ, PISA, PIRLS-қа дайындығын бақылау.

Мерзімі: қазан 2022 жыл

  Мектепте 11-класс оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау мақсатында жұмс жоспары жасалды, әр пәнге қосымша сабақ  кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргізеді.




Пәндер

Пән мұғалімі

Күні

Уақыты

1

Казақ тілі

Бугембаева Г.А.

Сенбі

9:00-9:40

2

Қазақстан тарихы

Отыншиева М.Т.

Кенжекулова Ж.О.

Сенбі

9:45-10:25

3

Математикалық сауаттылық

Қанапия Ж.Д.

Сенбі

10:30-11:10

4

Физика

Шабенова А.Ж.

Сенбі

11:20-12:00

5

Химия

Сарсенғали П.С.

Сенбі

12:05-12:45

6

Биология

Сванкулова А.Ж.

Сенбі

12:50-13:30

7

Орыс тілі

Каракенева М.В.

Смагулова К.Е.

Сенбі

13:40-14:20


Қосымша сабақтардан тыс оқушылар өз бетімен онлайн түрде дайындықтан өтуде. Интернет желісінің сайттары арқылы онлайн форматта тест тапсырмаларын тапсырып өз білімдерін жетілдіру үстінде. Жалпы қазіргі кездегі өзекті сайттар: https://itest.kz/kz/, https://quizizz.com/ және онлайн сынама тесттерден өтіп дайындалу үстінде. Онлайн форматтан тыс стандартты ашық түрдегі сынақтарды айына бір рет тапсырып сынақ кітапшалармен білімдерін жетілдіруде. Пән мұғалімдері әрбір оқушымен жекелей дайындық жүргізіп қорытынды аттестаттауға даярлап жатыр.
11-сыныптар бойынша қосымша сабақтар әр сенбі және сабақ кезінде қосымша сабақ кестесі жасалып, сабақтар өтілуде. Мысалы, оқу сауаттылығы, матемтика сауаттылығы, Қазақстан тарихы және әр оқушының таңдау пәндері бойынша сабақтар тиянақты жүргізілу керек. Қыркүйек айынан бастап 2 рет оқунылардын тест алынды. 1 рет қағаз жүзінде, 1 рет «Юстади» тест орталығына барып тапсырды. Аталған екі тест қорытындысы төмендегідей:

1-тест бойынша қатысқаны -3 оқушы. Оқу сауаттылығы бойынша Құрманғали Е-17, Махаммаддинова Н.-16, Мұратқызы А.-11; математика ссауаттылығы бойынша Құрманғали Е-7, Махаммаддинова Н.-14, Мұратқызы А.-11; Қазақстан тарихы бойынша Құрманғали Е-6, Махаммаддинова Н.-5, Мұратқызы А.-5; таңдау пәндері бойынша химиядан Құрманғали Е-18, биологиядан -20; ағылшын тілінен Махаммаддинова Н.-8, дүниежүзі тарихтан -6; Мұратқызы А. шығармашылық болған. Жалпы тест қорытындысы бойынша Құрманғали Е.-52, Махаммаддинова Н-49; Мұратқызы А- 35. Мектеп бойынша орта балл- 45,3.

2-тест бойынша қатысқаны -5 оқушы. Оқу сауаттылығы бойынша Құрманғали Е-13, Махаммаддинова Н.-15, Мұратқызы А.-10, Абылқасым А – 9, Тоқтамберді Б.-13; математика ссауаттылығы бойынша Құрманғали Е-5, Махаммаддинова Н.-6, Мұратқызы А.-4; Абылқасым А – 2, Тоқтамберді Б.-3 Қазақстан тарихы бойынша Құрманғали Е-7, Махаммаддинова Н.-8, Мұратқызы А.-9, АбылқасымА – 4, Тоқтамберді Б.-3; таңдау пәндері бойынша Құрманғали Е химиядан -16, биологиядан -20; Махаммаддинова Н. ағылшын тілінен-36, дүниежүзі тарихтан -13; Мұратқызы А химиядан- 14, биологиядан-8; қазақ тілінен Абылқасым А – 5, құқық негіздері-29; Тоқтамберді Б. Химиядан -11, биологиядан - 43. Жалпы тест қорытындысы бойынша Құрманғали Е.-61, Махаммаддинова Н-78; Мұратқызы А- 45, Абылқасым А-29, Тоқтамберді – 43. Мектеп бойынша орта балл- 51,2.













9-сынып оқушыларын алдағы қорытынды аттестаттау мен ББЖМ болып табылады. 9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Әрине, бұл жұмыс маңызды және өте күрделі. Ең алдымен кешенді диагностикалық жұмыс жүргізіледі.  Оқушылардан өткен сыныптардың тапсырмаларын іріктеп бастапқы бақылау жұмысы алынады.

Қазақ тілі пәнінен білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг


(БАБЖМ) жүргізілуде. Пән мұғалімі Ж.Б.Текесбаева сабақ береді. Дайындық сабақ барысында daryn.onlaine bilim.land платформарынан тест сұрақтарын беріп отырады. Әр аптада тест сұрақтары мен арнайы дайындалуға тест сұрақтары да ойын түрінде беріледі. Оқушылардың дайындық деңгейлері «жақсы».  

Мақсаттары:

Оқушылардың негізгі саты бойынша білімдерін тест сұрақтары арқылы тексеріп, білім сапасын әр тест сайын арттыру. Тест сұрақтарына тез және дұрыс жауап беруге үйрету.

Өтілген тақырыптарды өз бетімен, топпен, көрнекі-құралдарды, қазіргі технологияларды пайдаланып қайталау, ізденушілікке ынталандыру.

3. Шыдамды, төзімді, ұқыпты, әдепті болуға тәрбиелеу

 Қатемен жұмыс жүргізіліп отырады.

4.  Байқау тесттен кейін  оқушыларға кеңес, көмек ұсынылған.   Оқушылармен қиын тақырыптарды қайтадан оқытып, еске түсіріп өттік.   Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеймін. 

5. Қиындық тудыратын тақырыптар: Сөйлем түрлері. Үстеу түрлері.
Қазақстан тарихы пәні бойынша пән мұғалімі М.Отыншиева дәріс береді. Тапсырмаларды құрастыру үшін алуға болатын оқыту мақсаттары, тақырыптартары таңдалып алынып тапсырмалар құрастырылды. Бақылау нәтижесі бойынша сараптама жасалып, оқушыларға қиындық тудырған тақырыптардан 34 сағаттық жоспар құрылып, бекітілді. Дайындық сабақ барысында daryn.onlaine bilim.land платформарынан 10 тест сұрақтарын беріп отырады. Әр аптада тест сұрақтары мен арнайы дайындалуға тест сұрақтары да ойын түрінде беріледі. Оқушылардың дайындық деңгейлері «жақсы».


Оқушылардың негізгі саты бойынша білімдерін тест сұрақтары арқылы тексеріп, білім сапасын әр тест  сайын арттыру. Тест сұрақтарына тез және дұрыс жауап беруге үйрету. Өтілген тақырыптарды өз бетімен, топпен, көрнекі-құралдарды, қазіргі технологияларды пайдаланып қайталау, ізденушілікке ынталандыру. Шыдамды, төзімді, ұқыпты, әдепті болуға тәрбиелеу  

PISA - (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.

PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.

2022-2023 оқу жылына PISA-2022 халықаралық зерттуі бойынша мектепішілік жоспар жасалып, бекітілді. PISA-2022 халықаралық зерттеуіне қатысатын оқушылар анықталып, тізімі бекітілді. Зерттеуіне 15 және 16жастағы 9,10,11-сынып оқушылары қатыса алады. Мектеп бойынша PISA-2022 халықаралық зерттеуіне 14 оқушы қатысады. Олар: 9а сыныптан - 4, 9б сыныптан-4, 10а сыныптан -, 1а сыныптан – 1. Осы 14 оқушының біреуі басқа мектепке ауысып кетуіне байланысты 13 оқушы қатыса алады. РІSА шеңберіндегі тестілеуге функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Аталған пәндер бойынша пән мұғалімдерінің сапалық құрамы жасалды. Жұмыс жоспарлары бекітілді. Сол жоспарға сәйкес оқушылармен қазақ тілі, физика, математика, орыс тілі орыс сыныпта, биология, химия пәндерінен оқушыларға дайындық жұмыстары жүргізілді.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында сабақ барысында PISA бағдарламасы тапсырмаларын кіріктіру арқылы күнделікті тапсырмалар беріліп отырады.
2022-2023 оқу жылында 4а,ә,б сыныптарда оқушылардың білімдерін жетілдіріп, оқу сапасын арттыру үшін әр ай сайын негізгі төрт пән бойынша тест жұмыстары алынып, талданып және түзету жұмыстары жасалынды. Оқу мотвациясы төмен оқушылармен негізгі сабақтардан қосымша сабақтар өткізіліліп жатыр.


PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулерін ұйымдастыру мақсатында қыркүйек айында жоспарланып, апта сайын сыныптан тест жұмыстары алынып, алынған жұмыстан нәтиже шығару үшін қатемен жұмыстар жүргізіліп отыр.

Алынған  тест тапсырмаларының дүниетану пәні бойынша салыстырмалы ең жоғарғы көрсеткіші 17 балл, ең төменгі көрсеткіш 8 балл. Ең жоғары көрсеткішті үш оқушы көрсетті: Тұрар Нуриман, Дүйсен Дина, Алдаберген Елнұр. Ең төмен балл жинаған оқушылар - Абдрейм Асылбек, Жамбыл Алдияр

           Қазақ тілі тест тапсырмаларының қорытындысы бойынша, ең жоғарғысы 18 балл (Алдоңғар Бағым, Ермак Айша, Алдаберген Елнұр) көрсетсе . ең төменгісі  7 балл (Жамбыл Алдияр) болды.

Әдебиетік оқу пәнінен алынған тест тапсырмаларының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш 17 балл (Ермак Айша, Дүйсен Дина), ең төменгі көрсеткіш 7 балл (Жамбыл Алдияр) болды.

         Математика пәні бойынша тест тапсырмасында ең жоғарғы көрсеткіш 17 балл болса (Тұрар Нуриман, Бекжанқызы Сабина, Дүйсен Дина, Алдаберген Елнұр), ең төменгі көрсеткіш 7 балл (Абдрейм Асылбек, Жамбыл Алдияр). 




Барлық негізгі төрт пән  бойынша толық 20 сұраққа жауап берген оқушы болмады.

Қорытынды: Жалпы оқушылардың  дайындығы қанағаттанарлық. Оқушылардың көбі тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тест жұмысы арқылы көрсетті. Оқушылардың ата – аналары тест қорытындысымен жеке таныстырылып, алдағы уақытта қосымша сабақтарға жіберіп, тапсырмаларды үнемі орындап отыру керектігі туралы ескертілді.

4 «Ә» сыныбында 14 оқушы. Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, оқу сапасын арттыру үшін негізгі төрт пән бойынша тест жұмыстары алынып, талданып және түзету жұмыстары жасалынды. Жалпы оқу жетістігін сырттай бақылау қыркүйек айында жоспарланып, апта сайын сыныптан тест жұмыстары алынып, алынған жұмыстан нәтиже шығару үшін қатемен жұмыстар жүргізіліп отыр.

Қазақ тілі пәні мен әдебиеттік оқу бойынша 20 сұрақ құрастырылды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді. Ең жоғарғы бал жинаған 18 ұпай. Жоғарғы жинаған 3 оқушы. Олар: Молдахан Әмір, Нұрхожа Айдана, Еркеқали Еркеназ. Ең төменгі жинаған 7 ұпай. Төменгі жинаған 2 оқушы. Олар: Қаныбекқызы Аида, Батыр Олжас.

Математика пәні бойынша 18 сұрақ құрастырылды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл берілді. Ең жоғарғы жинаған 17 балл. Жоғарғы жинаған оқушылар: Молдахан Әмір, Нұрхожа Айдана, Оралбай Берекет, Еркеқали Еркеназ. Ең төмен жинаған 7 балл. Төмен жинаған оқушы: Қаныбекқызы Аида.